1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет63/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Оқудың 
мазмұны 
мен 
методикасы 
туралы. 
Н.К.Крупская 
дидактикалық мұраларының оқушыларға берілетін жалпы біріл, мазмұнын 
анықтау мәселесінде зор мән бар. Оның мектепте беретін білімнің мазмұны 
мен оқыту әдістеріне қойған талаптары осы уақытқа дейін өз маңызын 
жойған жоқ. Ол мектеп беретін білімнің мазмұны мен оқу пәндерінің 
арасындағы байланыс т.б. осы сияқты дидактикалық проблемаларды 
лениндік принципке негіздей отыра шешкен.
Н.К.Крупская 
мектеп 
оқушысының 
мазмұнын 
анықтай 
келе, 
еңбекшілердің өмірлік тілек-талаптарынан мектептің тысқары тұра 
алмайтындығын да ескертті. Сондықтан білім беру мазмұны жас өспірімдерді 
күнделікті өмірге қажетті практикалық әрекетке дарлауды көздеуі тиіс. 
1925 жылы Н.К.Крупская мұғалімдердің Бүкіл одақтық бірінші съезінде 
сөйлеген сөзінде мектеп беретін білімнің шаруашылық талаптарымен 
байланысты болу міндетін көрсетті, оқыту мазмұны мектептен кейінгі өмірге 
жол сілтеуі тиіс екендігін, оқушыларға берілетін бір мамандықты таңдауға 
көмектесуі қажеттігін атап айтты. 
Н.К.Крупскаяның айтуынша, оқу процесіндегі теорияның практикамен 
тығыз байланыстылығы оқушылардың оқу материалын терең және тиянақты 
түрде меңгеруінің де ең тиімді жолы. Сонымен бірге жалпы білім беретін 
мектептегі оқу материалының мазмұны оқушылардың ғылыми көзқарасын 
қалыптастыру мақсатына сай болуға тиіс.
Оқу пәндері арасындағы тығыз байланыстылықты қызу қуаттай отырып, 
оны коммунистік көзқарасты қалыптастырудың қажетті жолдарының бірі деп 
санаған да Н.К.Крупская еді. 


112 
Жеке пәндердің арасындағы тығыз байланыстылық политехникалық 
білім беруде де ерекше құнды. Әр пәннің балалардың білімін кеңейту 
жөніндегі ролімен қатар, тәрбие берудегі маңызын да ерекше ескеріп отыру 
қажет. Надежда константиновна жаратылыс тану сабақтары материалистік 
көзқарасты қалыптастырып, дінге қарсы тәрби беруде үлкен роль атқарса, 
әдебиет 
сабақтарының 
советтік 
патриотизм, 
гуманизм 
сезімдерін 
тәрбиелеуде зор мәні барын атап көрсетті.
Педагогика ғылымын жаңа, биік сатыға көтере білген Надежда 
Константиновна оқушылардың өз беттерінше атқаратын жұмыстарын 
ұйымдастыруды, тәжірибелер жасауды, практикалық жұмыстар жүргізуді, 
өндіріске, табиғатқа, музейлерге экскурсия ұйымдастыруды ерекше атп 
көрсетті.
Үйге тапсырма беру мәселесіне Н.К.Крупская ерекше көңіл бөлді. Класқа 
жалпы берілетін тапсырмамен қатар, балаларға жеке-жеке тапсырма берудің 
қажет екендігін де айтты. Қандай жағдайда да тапсырманың шамадан тыс 
болмауын талап етті. Ол өз пәнін сүйген және материалды жете меңгерген 
мұғалім ғана балаларды білімге қызықтыра алады деп есептеді. Оқытылатын 
материалдағы негізгі мәселені ашып көрсету, оның өмірдегі мәнін айқындау, 
оқушыларды сабақ үстінде ойлауға жетелеу, балалардың сезіміне әсер ету 
мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Сондықтан мұғалім өз білімін 
толықтырумен қатар, шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті.
Н.К.Крупская мұғалімнің қызметін өте жоғары бағалады. Әсіресе ауыл-
село мұғалімдерін партия саясатының насихатшысы ретінде ерекше 
құрметтеді. Мұғалімдерді даярлау мәселесіне ол айырықша көңіл бөліп 
отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет