1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Пионер ұйымының жұмысы туралы



Pdf көрінісі
бет64/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Пионер ұйымының жұмысы туралы. 
Пионер ұйымы құрылған 
алғашқы күндерден бастап Н.К.Крупская оның жұмысына басшылық етті. 
Пионер ұйымы балаларды коллективизмге тәрбиелеудің мектебі деп 
бағалаған ол бұл ұйымның негізгі міндеті білім үшін күресу екендігін баса 
айтты. Осы күреске пионерлер барлық оқушыларды жұмылдыра білуге тиіс. 
Пионер ұйымының жұмысында сонымен қатар, қоғамдық пайдалы еңбек, 
көркем өнер және денсаулық сақтау жұмыстары үлкен орын алу керек деп 
есептеді. Табиғатқа, тарихи орындарға саяхат және экскурсияжасау ұйымнан 
көп көңіл бөлуді талап етеді.
Пионер ұйымының жұмысында балалардың жас ерекшеліктерімен қатар, 
олардың жеке басының ерекшелігін ескеру де ұмыт қалмауы тиіс. 
Надежда Константиновна ұлттық мектептерді құруға орасан зор көңіл 
бөлді. Ол бұрын артта қалған халықтар мәдениетінің жедел дамуына 
бағытталған шаралардың бәріне қызу араласып отырды. Н.К.Крупская өз 
еңбектерінде аз ұлттың мәдениетін дамытуға және олардың ана тілінде 
мектептер ашу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Аз ұлттардың оқу-ағарту ісі 
туралы 1927 жылы Бүкіл Ресейлік кеңесте жасаған баяндамасы 1928 жылы 
“Ұлттық және интернационалдық мәдениет” деген атпен қазақ тілінде жеке 
кітапша болып басылып шықты.


113 
Бұл баяндамада Н.К.Крупская ұлттық мәдениетті дамыту үшін ана 
тілінде оқытатын ұлттық мектептер ашуға зор мән берді. Сонымен бірге ұлт 
балаларының орыс тілін оқуы өте қажет деп санады. Оларға орыс тілін 
оқытудың методикасына тоқтала келіп ,бұл мәселедегі ірі кемшіліктерді 
ашып көрсетті. Ол әсіресе ана тілінде жоқ орыс тілі дыбыстарын үйретуге 
ерекше көңіл бөлді.
Н.К.Крупская “Ұлттық оқулық” атты еңбегінде ана тілінде оқытатын 
мектеп құруды, сол тілде ұлттық оқулық жасау да сондай кезек күттірмейтін 
мәселе деп атап көрсетті.
Н.К.Крупская сауатсыздықты жою, ересектер арасындағы мәдени-ағарту 
жұмысы жөнінде былай деп жазды: “ Ресейде ерекше мәні бар 
сауатсыздықты жою ісі кең түрде дамыды. Сауатсыздықты жою мектептерін 
ересектердің бірінші басқыш мектептеріне айналдыру қажет. Ересектерге 
арналған мектептермен қатар, халықтың мәдени дәрежесі мен саяси санасын 
арттыратын әр түрлі ағарту мекемелері кең түрде ұйымдастырылуы керек. 
Көпшілікке арналған кітапханалар, оқу үйлері, клубтар, халық үйлері кең 
түрде ашылуы керек”.
Н.К.Крупская хат танытумен қатар, мәдениетті дамытуға, атап айтқанда, 
радио мен киноға ерекше мән берді.
“Қазіргі радио мәдениетті арттыруда күшті құрал, жергілікті радио 
орындары ұлт тілдерінде де жұмыс істейтін болуы керек. Мысалы, Астрахань 
маңында аз ұлттар көп, оларды да қамтуына болатындығына қарамастан, 
Астрахань радио хабары қаланы ғана ескереді. Тыңдау мүмкіндігі болса да, 
жақын жерде тұратын қазақтарға көңіл бөлінбей, тек орыстарға арналып 
радио хабары беріледі. Меніңше, жақын жерде аз ұлттар тұратын жергілікті 
станциялардың ұлт тілінде музыка хабарын берумен қатар, әңгімелер 
ұйымдастырудың маңызы өте зор”,- деп жазды.
Н.К.Крупская совет педагогикасының негізгі теориялық проблемаларын 
дамытуға ат салысумен қатар, комсомол ұйымының жұмысына, мектепке 
дейінгі тәрбиеге, әйелдер арасында жұмыс жүргізуге көп көңіл бөлді. 
Н.К.Крупскаяның көптеген еңбектері кластан және мектептен тыс тәрбие 
жұмыстарына арналған. Н.К.Крупская өзінің “Ұлттық оқулық ” деген 
еңбегінде қазіргі уақытта СССР-де мектеп жұмысының сапасын, әсіресе 
мектептің тәрбиелік ролін көтеру мәселесі ерекше қойылып отыр, 
балалармен дұрыс қарым-қатынас жасалғанда ғана, оларды дұрыс 
ұйымдастырғанда ғана, біз шын мәнісінде мектептің тәрбиелік мәнін 
күшейте аламыз деп жазды.
Аз ұлттар мектептерінде, әсіресе дінге қарсы тәрбие жүргізудің ерекше 
қиын екендігін ескере келіп, өзінің “Ұлттар арасындағы мәдениет 
мәселелері” деген мақаласында дінге қарсы үгіт жүргізуге үстірт қарамай, ол 
елдің бұрынғы өмірін, тұрмысын, шаруашылығының барлық жағдайын 
ерекше ескеру керек, әсіресе халықтың тұрмыс жағдайын ескерген жөн, 
ескілік көбінесе тұрмыста ұзақ сақталады деп көрсетті.
Интернационалдық тәрбиені де дұрыс ұйымдастыру үшін халықтың 
жергілікті жағдайын білу өте қажет екенін Н.К.Крупская ерекше атап 


114 
көрсетті.Әр ұлт еңбекшілерінің ортақ мүдделерін, ұқсас тілектерін таба білу 
керек. Ұлттардың өзара түсінісуін және өзара жақын, тату болуын ескерту 
керек, ұлт ала ауыздығына барынша жол бармеу керек деп оған ерекше назар 
аударуды талап етті. Н.К.Крупская “Бастауыш мектептегі интернационалдық 
тәрбие” деген еңбегінде мектепте интернационалдық тәрбие жүргізудің 
нақтылы жолдранын көрсетті. Ол бір ұлт балаларының басқа ұлт 
балаларының өмірі туралы көбірек білуін, әсіресе олардың ұнамды 
ерекшеліктерін ескеруді талап етті. Ол үшін көркем әдебиетті кең 
пайдалануды, әр ұлт балаларының кездесулерін (бірігіп жұмыс істеу, дем 
алу, ойын т.б.) үнемі ұйымдастырып отыруды жақтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет