1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Дәріс № 12. Тақырыбы: Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің



Pdf көрінісі
бет92/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101
Дәріс № 12. Тақырыбы: Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің
қалыптасуы. 
Жоспар: 
1. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы. 
2. Әбу- Насыр Әл- Фараби (870-950ж) 
3. Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 
4. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) 
5. Абай Құнанбаев (1845-1904) 
6. Назипа Құлжанова(1887-1934) 
1. Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы 
Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін Қазақстан өте-мөте
артта қалған ел еді. Материалдық игіліктің бірден-бір дерлік және үстем 
түрі болған мал шаруашылығын жабайы тәсілмен жүргізу, осымен
байланысты көшпелі тұрмыс, патриархалдық- феодалдық қарым-қатынас, 
сол қарым- қатынастан туған өзара қырқыс- осының бәрі Қазақстанның
мәдениет жағынан мейлінше артта қалуына себеп болды. 
Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуы 1731 жылы басталып, 
оның Ресейге түгелдей қосылуы ХІХ ғасырдың орта шенінде аяқталды. 
Әрине, патша өкіметі Қазақстанда отаршылдық саясат жүргізді. Ол 
Қазақстанның шаруашылдық, саяси және мәдениет саласындағы
мешеулігін сол күйінде сақтап, қазақ халқын толық бағыныштылыққа, 
надандықта ұстауға тырысты. Бірақ патша өкіметінің осы саясатына
қарамастан, оның Ресейге қосылуының аса зор прогресшіл маңызы
болды. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде оның феодалдық
бөлшектенуіне тежеу жасалды. Капетализмнің шаруашылыққа енуіне, 
сауданың дамуына, рушылдық-феодалдық қатынастың күйреуіне қолайлы
жағдайлар туды. Қазақстаннның Ресейге қосылуы өлкенің экономикасын
ілгері дамытты. Осы қосылуының нәтижесінде алдыңғы қатарлы орыс
мәдениетінің Қазақстан мәдениетіне әсері күшейіп, қазақ халқын бірте-
бірте осы озық мәдениетке тартудың, қазақ халқы мен орыс халқының
арасындағы ежелгі достықты нығайтудың ерекше зор маңызы болды.
Ресейге қосылғанға дейін Қазақстан жерінде млдаларды және асқа
діни қызметкерлерді даярлайтын діни мектептер мен медреселер ғана
болды. Ондағы сабақ ескі араб тілінде оқытылды, кейде оқытқанның
мағынасы не екенін молданың өзі де түсінбейтін. Мектептер мен
медрнселердегі оқу мен тәрбиенің ерекше діншілдік өмірден қашық
дерексіздік сипаты болды. Жоғары сыныптарда араб- парсы аралас тілде
және түрік тілінде діни мистикалық мазмұнды әдебиет пайдаланылды.
Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін, патша өкіметінің
Қазақстандағы саясатын жүргізіп, қазақ даласын билеу ісінде өкімет
орындарына көмектесе алатын білімді қазақ ченовниктері керек болды. 
Сондықтан патша өкіметі амалсыздан қазақ ақсүйектері мен байларының
балаларын біраз білім беру үшін орыс-қазақ мектептерін ашуға тиіс
болды.


165 
Қазақстандағы алғашқы мұндай оқу орны Қазақстанның солтүстік
облыстарын басқару орталығы- Омскіде 1789 жылы ашылған « Азиялық
училище» еді. 1841 жылы хан ордасында, Жәңгір ханның өзінің жақын
нөкерлерінің , достарының балалары үшін алғашқы орыс мектеп- 
пансионын ашты. 
1825 жылы орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев әскери 
училищесі ашылды, ол 1844 жылы кадет корпусы болып қайта құрылды. 
1846 жылы Сибирьдің казак-орыстар әскери училищесі негізінде Омскіде
кадет корпусы ашылды. 
1850
жылы Орынбордың Шекара комиссиясы жанында жеті жылдық 
мектеп ашылды. Мұнда сабақ орыс тілінде оқытылды, мұнымен бірге
татар тілі де үйретілді. Бұл оқу орындарының бәрі сословиелік мектеп, 
үстем тапқа арналған мектеп еді. Бұларға дворяндардың, офицерлердің,
ченовниктердің және патша үкіметінің қызметіндегі қазақ
шонжарларының балалары қабылданатын. 
Қазақ шонжарларына арналып ашылған мектептердің ішінде Омскідегі
Сибирь кадет корпусындағы оқу тәуір бағытта болған еді. Қазақ
халқының тамаша ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов осы корпустың
алғашқы оқушыларының бірі болды. Мұнан кейін Орынбордың Шекара
комиссиясы жанында қазақ балалары үшін ашылған мектепте де оқу
біршама жақсы жолға қойылды, кейіннен қазақ халқының аса көрнекті
педагогы және ағартушы қайраткері болған Ыбырай Алтынсарин осы
мектепте оқыды. 
Қазақ балаларын оқытудың көлемі қандайшағын болғанын мынадай
бір мысалдан көруге болады: қазақ балаларына арналған Орынбор
мектебі 19 жылдың ішінде небары азды- көпті 48 адамды, қазақ
интеллегенциясының алғашқы өкілдерін даярлап шығарды. 
Патша өкіметінің халық ағарту саласында да отаршылдық саясат
жүргізгеніне қарамастан, қазақ және орыс жастарын бірге тәлбиелеп, 
бірге оқытқан мектептер өте пайдалы прогрестік қызмет
атқарды.Үкіметтің ниеті басқа бола тұрса да, бұл мектептің ашылуы
орыс және қазақ халықтарының өзара жақындасуына лекерлік жасап, 
қазақ халқының орыс ғылымы мен мәдениетіне араласуын тездетті, қазақ
халқына өзінің ұлттық демократиялық мәдениетін дамытуға мүмкіндік
берді. Орыс- қазақ мектептерінде тәрбиеленген жастардан көп адамдар
кейін осы жаңа мәдениет үшін күресуші қайраткерлердің қатарына
қосылды. 
ХІХ ғасырдың 60-жылдардың өзінде Ресейде крепостнойлық тәрбие
мен сословиелік мектепке қарсы бағытталған қоғамдық- педагогикалық
қозғалыс кең өріс алды. Н.Ч.Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, Н.И. 
Пироговтың, К.Д.Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдың, И.Н. Ульяновтың
жүргізген қызметінің нәтижесінде орыстың халық мектебі жөніндегі
мәселе кең талқыланды. 
В.Г. 
Белинскийдің, 
Н.Г.Чернышевскийдің, 
Н.А.Добролюбовтың
революцияшыл- 
демократиялық 
идеялары, 
сондай-ақ 
орыс


166 
педагогикасының классигі К. Д. Ушинскийдің және басқа орыс
прогресшіл педагогтарының идеялары қазақ халқының ағартушы
қайраткерлері шоқан Уәлихановтың (1835-1865), Ыбырай Алтынсариннің 
(1841-1889), Абай Құнанбаевтың (1845-1904) дүниеге көзқарасының
қалыптасуына әсерін тигізді. 
Мектептерде бірыңғай оқулықтар болған жоқ, мысалы, Сырдария, 
Жетісу облыстарының мектептері С.Н.Граменицкий жазған оқу
құралдары бойыншаоқытты. Училищелердің оқу жабдықтары өте
жеткіліксіз болды.
Өмірге аса қажетті білім беретін мектеп құруда аса көп
қиыншылықтардың кездесуіне қарамастан, қазақ даласында халық ағарту
ісі аздап болса да ілгерілей берді. Қалың қазақ арасына білім тарату
көптеген еңбек еткен орыс ориенталистері көп болды. Оның ішінде А. 
Е.Алекторовты, В.В.Катаринскийді, А.В. Васильевті және тағы басқаларын
атап көрсетуге болады. 
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай
бастаған Шоқан, Ыбырай,Абайлар да сол дәуірдің – қазақ даласына
орыстың озық әдебиеті мен мәдениеті ізгі әсерін жая бастаған дәірдің- 
жемісі болды. Өткен ғасырда Қазақстандағы қоғамдық ой- пікірлердің
даму тарихы, негізінен алғанда, осы есімдермен байланысты. 
Қазақстандағы ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында
негізінен қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік- саяси,
философиялық және этикалық көзқарастарымен қоян-қолтық,өзекті
байланыста дамып жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет