1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)



Pdf көрінісі
бет94/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101
4.Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) 
Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын
қайраткерлерінің бірі, халқымыздың мақтанышы, демократиялық
бағыттағы ағартушы, тұңғыш педагог, ақын- жазушы Ыбырай
Алтынсарин орыс халқының кең арналы білім бұлағынан сусындады.
Өзінің алған білімін туған халқына тарту етіп, қазақ елі үшін оқу- 
ағарту саласында игі еңбек сіңірді. Ол ағартушылық алғашқы қадамынан 
– ақ қазақ халқының келешегі ұлы орыс халқының өмірімен, оның
мәдениетімен тығыз байланыста екенін ашып айтты.
Қазақ халқының дарынды перзенті Ы.Алтынсарин аса күрделі тарихи
кезеңде, патша өкіметі шығыс халықтарының арасында қатаң отарлау


169 
саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Қазақ халқы өзінің
қоғамдық дамуы жағынан өте артта қалған еді. Бұл- қазақтың кең
сахара даласында нағыз патриархалдық әдет- ғұрыптар үстем болып
тұрған кез болатын.
Ы.Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының
алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушылар болды. Ы.Алтынсариннің
ағартушы және педагог ретінде қазақ халқының тарихи даму жолында 
үлкен үлес қосарлықтай шығармашылық еңбек етуіне орыс халқының
прогресшілдік ықпалы көп тигізді. Бұл қағида Қазақстан үшін де солай
еді. 
Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл
идеяларын, әсіресе Ушинскийдің педагогикалық мектебінің
жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына
білім таратушы, мектеп ашып, жастарды тәрбиелеуші болды. Ол өз
ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық
мұралар қалдырды. Солардың ішінде тамаша өлеңдер мен әңгімелері де
бар. Бірақ ол ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен
жазушылығы оның мақсатына, сол ағартушылық- педагогтық істеріне
бағынған. 
Ы.Алтынсарин қазіргі Қостанай облысының бұрынғы Обаған 
ауданында 1841 жылы 20 қазанда туды. Ыбырайдың жас кезінде
Алтынсары қайтыс болады да, бала үлкен әкесі Балқожаның қолында
өсіп, тәрбие алады. Балғожа мен Орынборда ашылатын болып
ұйғарылған жеті жылдық мектепке алдын ала жаздырып қояды. 1850
жылы тамыздың 22 күні 9 жасар немересі Ыбырайды Орынбор
қаласындағы сол жеті жылдық мектепке оқуға түсіреді. 
Ыбырай – зейінді, терең ойлы, әр нәрсені өзінше топшылағыш
оқушыларының бірі болды. Ол оқытушылар берген тапсырмамен
қанағаттанып қана қоймай, ер жете келе өз бетімен озат пікірлері
кітаптардан орын ала бастады, ол кітаптар Белинскийдің , 
Чернышевскийдің мен Добралюбовтың және пушкин мен Лермонтовтың
көркем тілді озат ойлы шығармалары еді. Ол 1857 жылы мақтаулы
оқушылар қатарында жоғары аталған мектепті бітірді. 
Мектеп бітіргеннен кейін Ыбырай халық ағарту ісін таңдады. Бірақ
оның халық ағарту саласында істесем деген арманы бірден
орындалмады. Өйткені қазақ даласында сол кезде дайын тұрған мектеп
жоқ еді. Ыбырай амалсыздан Орынбордың облыстық басқару мекемесінде 
тілмаштық қызмет атқарды. Шекара комиссиясында қызмет атқарып
жүріп, қазақ арасында мектеп ашуда көп қызмет атқарып жүрді. Ол бұл
жөнінде тиісті орындардың алдында мәселелер қойды, өз халқын 
үгіттеумен болды. «Мектеп- қазақтарға білім берудің басты тұтқасы….. 
Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектепке байланысты», деп
жазды ол.
Ыбырай Алтынсарин мектеп ашу жұмысына кіріскен кезде- ақ «Қазақ
халқы менен көп үміткер»,- деп өзінің хөалық алдында жауапкершілігін


170 
түсінді. 1861 жылы ғана патша әкімшілігінен Торғай және Ырғыз
қалаларында қазақ баллары үшін бастауыш мектептер ашуға рұқсат
алғанда, ұлы ағартушының қуанышында шек болмады. алайда жергілікті
патша үкіметінің оқу- ағарту министрлігі мектептерді ашуға ешқандай
материалдық көмек көрсетпеді. Ыбырайға халық көмегіне сенуге ғана
тура келді.Алтынсарин өзінің мақсатының ұшқынын 1864 жылы ғана
көрді.Бұл жылы Торғай қаласында қазақ балаларына арналған 14 шағын 
балалық интернаты бар бастауыш мектеп ашылды.Ыбырай Алтынсарин
әуелі бастауыш мектептің мұғалімі кейін Торғай облысының қазақтар
үшін ашылған мектептері бойынша инспектор қызметін атқарды. Оның
педагогикалық қызметі осыдан басталды. 
Сөйтіп, көп ұзамай Торғайдағы бұл мектеп - біздің жеріміздегі
білімнің тұңғыш қайнар бұлағы, үлкен тәлім- тәрбие орны болды, бұл
мектеп өзінің өмірге бейімдігін айқын көрсетті, оның беделі қазақ
даласында арта түсті. 
1879
жылдан бастап Ыбырай Алтынсарин қазақ даласындағы
мектептер жұмысын басқаратын Торғай облыстық халық ағарту
инспекторы болып жұмыс істеді. Оқу инспектроы болып жұмыс істеп
жүрген кезінде Ыбырай алдыңғы орыс педагогтарының оқыту әдісін
өзінің педагогтық, оқытушылық тәжірибесіне ұштастыра отырып, ортаға
салды.
Қазақ халқының тарихында Ы.Алтынсарин ерекше роль атқарды. Ол
қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында тұңғыш мектеп
ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты. Он жыл бойы
Торғай облысының оқу инспекторы болып тұрған кезінде қазақ аулының
шаруашылық және әлеуметтік ерекшеліктеріне сәкес, көшпелі ауылдық
қалаларда уездік мектептер ашып, хал- ауқатына қарамастан, бұқара
халықтың ьалаларын оқыттырып, білім ордасының іргесін қалады.
Сонымен қатар Ырғыз қаласында тұңғыш рет қазақ қыздарына арнап,
мектеп ашуы да ірі құбылыс. Оның бұл мектептерге арнайы қазақша
оқу құралдарын жазуы, ауыл балаларын білім жолына салу да
педагогика тарихында зор табыс.
Алтынсарин балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде мұғалімдердің
ролінің айрықша зор екендігін ескертті. Ол өзінің бір хатында «Халық
ағарту ісі бұл арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан жаңа
салынып келе жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және
мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып
отыпрған ісіміздің де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің
қазір басталуына байланысты.Сондықтанда мен қазір жақсы оқытушыны
дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін» 
«Халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика 
құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде 
жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды »,- деп 
мұғалімдердің беделін жоғара көтерді.Оның ауылдық мұғалімдерге арнаған 
нұсқау хаттары сірә жайдан жай жазылмаса керек зық ойлы ұстаз өзі ашқан 


171 
мектептерде алғашқы сабақты өзі өткізіп жас мұғалімдерге үлгі көрсетіп, 
оларға тәлдім – тәрбие беріп отыруы да, мектептердің көпшілігінде жылдық 
қорытынды емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң талап қоя білуі 
де оның асыл қасиет екенін көреміз. Алтынсарин мектептерде орыс тілімен 
қатар қазақтың ана тілінде жеке пән ретінде қарап, оған баса назар аударды. 
Сөйтіп, ол Қазақсте\анда ұлы орыс халқының озат мәдениетін таратып, 
мектептерді ұлттық кадрлар даярлайтын ортаға айналдырды. 
Ыбырай Алтынсарин өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында істейтін 
мамандар даярлап шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, маңызы зор игілікті 
істің негізін салуды арман етті.Бұл арманына ол жете білді. Кейін Торғай 
қаласында кәсіптік училище ашып, Қостанайда ауыл шаруашылығы 
училищесін ұйымдастыруға ұйытқы болды. 
Ыбырай қазақ балаларын оқулықтармен қамтамасыз етуге де көп еңбек 
сіңірді.Ол орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскийдің балалар әлемі деген 
кітабын пайдаланды. Сол кітаптың бағытында өзі қазақ тілінде, бірақ араб 
әріпімен емес, орыс әріпін тұңғыш қолданып, қазақ мектептеріне тұңғыш оқу 
құралдарын жазды. 
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесінен К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. 
Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін қорыта отырып, Ыбырай «Қазақ
хрестоматиясы»және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге
басшылық» деген кітабын жазды. Ыбырайдың бұл еңбектері қазақ халқы
мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға, зор ғылыми табыс ретінде
жарыққа шықты. Ыбырайдың бұл кітаптарының жарыққа шығуы өз
кезінде қазақ халқы үшін үлкен мереке, сирек кездесетін тамаша мереке
еді. Тұңғыш педагог- ағартушының орыс әрпінің негізінде жазылған
оқулықтары ел арасында кең таралып саналы жастарды білімге тарта
бастады. Ыбырайдың үздіксіз жігерлі еңбегі арқасында, көп уақыт
талқыға түсе келіп, ақырында 1887 жылы Ырғыз қаласында қазақ
қыздарына арналған училище ашылды. 
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқы арасында ағарту ісін дамыту
жөніндегі педагогикалық идеясы мен батыл демократиялық көзқарастары
үшін патша өкіметінің чиновниктері тарапынан үнемі кедергілер көріп
отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет