1 Қазақстан республикасындағы баспа ісі жағдайы және дамуы



бет17/18
Дата20.10.2022
өлшемі367,69 Kb.
#44418
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ҚОРЫТЫНДЫ
Баспа ұйымы көпшіліктің қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты қызмет атқаратын ұйым болып табылады. «Полиграфкомбинат» ЖШС-і жалпы білім беретін мектептерге арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін, сондай-ақ ғылми-көпшілік, анықтамалық және көркем әдебиеттер басып шығаратын Қазақстан Республикасындағы жетекші ұйымдардың бірі.
Баспа, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі республикамыз бойынша жиынтық қоысылған құнның 1,4%-ы мөлшерінде ғана өнім өндіргенімен де, өз саласында жоспарланған өнім көлемін әрқашан артығымен орындап келеді, 2000 жылдан бері осы уақытқа дейін өнімдердің физикалық көлемі 100% мөлшерінен төмендемеген.
«Полиграфкомбинат» ЖШС-і көрсеткіштерінің 2006 жылы өте жоғары дәрежеге көтеріліп, 2007-2008 жылдары төмендегенін, ал 2009 жылдың 10 айының деректері бойынша бірқалыпты деңгейде екендігін көруге болады.
Мысалы, жекелеген көрсеткіштерге тоқталатын болсақ, тауарлық өнім көлемі 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін артқан (2005 жылы 392450 мың теңгеге, 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 218643 мың теңгеге артқан), ал 2007 жылы алдыңғы жылға қарағанда 225003 мың теңгеге кеміген, 2008 жылы 27688 мың теңгеге артқан, ал 2009 жылдың 10 айында 475347 мың теңгеге кеміген. Келтірілген көрсеткіштердің қайсысы болмасын осындай өзгерістерге ұшыраған, мұның басты себебі сол жылдарда бүкіл әлемдік дағдарыстың орын алуы. «Полиграфкомбинат» ЖШС-і құрамындағы «Атамұра» ұйымның тауарлық өнім өндірісіндегі үлесінің жоғары екенін көріп отырмыз. «Атамұраның» ақшалай өлшемдегі тауарлық өнім өндірудегі үлесі 2009 жылдың 10 айы үшін 70,30%, ал натуралды өлшемде 70,00%-ға тең. Еңбек ақы шығындарының сатылған өнімдердің өзіндік құнындағы үлесі жоғары болғандығын, ал рентабельділік көрсеткіштерінің орташа деңгейде екендігін көреміз.
Баспа ұйымы шаруашылықтың өзге салаларынан бірқатар ерекшеліктері бар ұйым екендігі зерттеу барысында анықталды. Баспа ұйымының негізгі мақсаты өндіру және сату көлемін ұлғайту, ал ол өндірілетін өнім сапасына тәуелді. Яғни басты мақсат өнім сапасын бүкіл әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп шығару.
Баспа ұйымындағы өнім сапасын арттыру мақсатында өндіріс шығындарының құрамы үнемі бақыланып отырады және ол үшін алдын-ала, ағымдағы және соңғы бақылау деп бөлінетін бақылау әдістері қолданылады.
Ал өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда екі әдіс қолданылады: алдын-ала және есептік калькуляция. Сонымен қатар шығындардың пайда болу бағыттарына қарай бақылау жасау осы ұйымдардағы есепті жүргізудің бір ерекешелігін ашады. Баспа ұйымыныдағы шығындардың пайда болу бағыттары автормен немесе авторлар тобымен жұмыс істеу барысында пайда болады. Алдымен автордан толық тексеріп қабылдап алғаннан кейін әрі қарай редакциялық өңдеуге жауапты редакторды тағайындап, соның басшылығымен редакциялық-дайындық жұмыстары жүргізіледі. Осы редакциялық дайындық жұмыстары үлкен көлемді жұмыс болып табылады, себеі осы кезеңде авторлық түпнұсқа толығымен өндіріске жіберілуге дайындалып, оның стандартқа сәйкестігі бағаланады.
Бұдан кейін ғана өндіріс процесі басталады, басылым дайындалып шығарылып авторға немесе тұтынушыға беріледі.
Баспа қызметімен толық таныса отырып, осы зерттеутақырыбына қатысты келесідей қорытынды жасадық:
- Өнімнің өзіндік құнын құрастыратын шығындар ұйымның есеп саясатында көрсетілгенімен, баспа ісіне қатысты ерекшеліктері нақтыландырылмаған;
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістері де нақты аталмаған;
- Өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін шығындардың пайда болуына қарай бақылау жолдарын айқындалмаған;
- Өндіріс шығындары мен өзіндік құнның нормативтері келтірілмеген;
- Өндіріс шығындарын есепке алудың аналитикалық есебі ашылып көретілмеген.
Осындай қорытындыларға сәйкес келесідей ұсыныстар жасағымыз келеді:
1.«Полиграфкомбинат» ЖШС-нің есеп саясатының қалыптастырылуына көңіл бөлу, оның ішінде өндіріс шығындарының аналитикалық есебін жүргізу тәртібін нақтылау;
2.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің осы баспада қолданылатын әдістерін есеп саясатында нақты көрсету;
3.Өзіндік құн құрамына кіретін шығындар құрамын және шығндардың пайда болу орындарын бақылау құралдарын нақты ашып көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет