3 БАСПАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Шығындарды бақылаудың мерзімдік және оперативтік тәсілдерін қолдану
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы, ұйымдардың жеке меншікке негізделуі, өз бетімен жұмыс істеуге көшуі, жоғарғы сатылы ұйымдар тарапынан олардың өндірістік-шаруашылық қызметіне араласуы шектелді. Меншікті иеленушілер, акционерлер, басшылар мен мамандар өнімдер (жұмыстар, қызметтердің) рентабельділігін арттыруға және ұйым қызметінің тиімділігін көтеруге тырысады. Бұл тек технологиялық процестердің ғана жақсаруын емес, сонымен қатар экономикалық субъектінің қызметінің тұтас және жекелеген сегменттері жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Ұйым қызметі жөнінде тұтас және оның құрылымдық бөлімшелері жөніндегі жекелеген ақпараттарды бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы алуға болады. Бухгалтерлік есеп жүйесі қаржылық және басқарушылық деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес және пайдаланушыларға ұсынылатын ақпарат көлемі мен мазмұнына сәйкес бөлініп отыр. Осы екі жүйенің әрқайсысының тиімді қызмет атқаруы, жалпы ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің табысты орындалуы сол ұйымдағы бақылау жүйесінің қызметіне тікелей тәуелді.
Бақылау жалпы кеңінен таралған, қоғамдағы экономикалық өмірдің құбылысы деп танылады. Ол басқа құбылыстармен тығыз байланыста болғандықтан оның рөлі мен маңызы бүркемеленіп қала береді. Осы саланың сапалық ерекшелігін, рөлін түсіну мақсатында осы сала қызметіне жекелеген талдау жасау қажет.
Бүгінгі күні «бақылау» деген термин кәсіпкерлер арасында теріс пікір қалыптастыруы мүмкін. Себебі бақылау түсінігі шектеу, тиым салу, жауапқа тарту деген түсініктерге ұқсас болып келеді. Сонымен бірге, тәжірибеде «мониторинг» термині де жиі қолданылады. Мониторинг деп мақсатты және тұрақты тұрдегі байқау, бақылау деп түсінуге болады. Яғни, экономикалық әдебиеттерде «бақылау» және «мониторинг» терминдерінің ұқсастығы бар бір түсінік деп қарауға болады. Бірақ, мониторинг бақылаудың бір құралы екендігін ұмыт қалдыруға болмайды.
«Бақылау» сөзі латын тілінен аударғанда «контраротулюс» дегенді білідреді, кейіннен франциздың «контр роль» сөз тіркесіне сәйкес сәйкестендендіру дегенді білдіреді. Бақылау – басқару процесінің қажетті құрамдас бөлігі, ол кері байланыс элементі болып табылады, себебі бақылау арқылы жоспарлар мен қабылданған шешімдерге түзету жасалынады.
Тиімді қолданылатын бақылаудың белгілі-бір нәтижеге бағытталған стратегиялық мақсаты болады, ол өз уақытында жүзеге асырылуға тиіс және мейлінше қарапайым болуы қажет. Яғни, бақылау дегеніміз басқарылатын объектінің нақты жағдайы мен қызметінің барысын байқау жүйесі болып табылады. Оның мақсаты қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу, басқару шешімдерінің орындалу нәтижесін бағалау, ауытқуларды анықтау, қолайсыз құбылыстарды болдырмау немесе уақыттылы хабарландыру болып табылады. Тиімді ұйымдастырылған бақылау жүйесінсіз қоғамның қызмет атқаруы мен дамуы мүмкін емес.
Бақылауға тән сипаттама оның ұзақтығы. Ол барлық уақытта және басқару шешімдерін жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Бақылау мазмұнын келесі түрде ашуға болады:
заңсыз және тиімсіз шаруашылық және қаржылық операциялардың алдын алу, болдырмау, жол бермеу;
шаруашылық қызметтің қалыпты жағдайының бұзылуын анықтау және себептерін айқындау;
шаруашылық қызметтің озық тәжірибелерін жинақтау.
Кез-келген ұйымның мақсаты нақты міндеттерді жүзеге асырумен байланысты. Олардың табысты жүзеге асырылуын бақылау жалпы мақсатқа қол жеткізеді.
Бақылауды ұйымдастыру үшін талаптары айқындалған жүйе құру қажет. Бақылау жүйесі дегеніміз қажетті нәтижені алу жолында біртұтас болып жұмыс істейтін бақылау субъектісі, объектісі және бақылау құралдарының жиынтығы болып табылады. Бақылау жүйесінің құрастыру үшін бақылау объектілерінің ерекшеліктерін ескеру қажет.
Бақылау жүйесі келесі элементтерден құралады:
бақылау субъектісі (бақылауды жүзеге асырушы);
бақылау объектісі (бақыланушы);
бақылау пәні (нені бақылайды);
бақылау қағидалары;
бақылау әдістемесі;
бақылау әдіс, тәсілдері;
бақылау техникасы мен технологиясы;
бақылау процесі;
бақылау жүргізуге қажетті ақпаратты жинау және өңдеу;
бақылау нәтижесі және оған жұмсалынған шығындар;
бақылау қорытындысы бойынша шешім қабылдаушы субъектілер;
бақылау нәтижесі бойынша шешім қабылдау.
Кей жағдайларда «бақылау механизмі» түсінігін қолданады, ол бақылау қағидалары, әдістері мен процестерінің жиынтығын білдіреді. Бақылау процесі белгілі-бір құрылымға жиналған бақылау субъектілерінің бақылау қағидаларын, әдістерін, техникалық құралдары мен технологиясын қолдана отырып бақылау кадрларының қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметі.
Бақылау технологиясы – бұл ауытқуларды анықтауға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдерді жинақтау механизмі. Бақылау технологиясының мақсаты ұйым басшылығын қандай жағдайда болмасын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұдан кейін бақылау объектісіне сипаттама беруге мүмкіндік беретін белгілі-бір көрсеткіштер жүйесі қалыптасады.
Бақылау процесі дұрыс жұмыс істеуі үшін келесі шарттар орындалуы қажет:
- бақылау сүйенетінзаң арқылы немесе жоғарғы санаттағы ұйымдар бекіткен нормалар, нормативтер, стандарттар және өзге параметрлердің болуы;
- бақылау объектісі болып табылатын шаруашылық субъектісінің ұйымдық құрылымының болуы.
Бақылау қызметі бақылау мақсатын анықтаудан басталады. Бақылаудың мақсаты қажетті нәтижеге қатысты анықталады. Осыған орай қажетті деңгейді, нәтижелерді айқындап алуымыз қажет. Осылайша, бақылау объектісі бағаланатын көрсеткіштер мен критерийлер белгіленеді. Бақылау процесі келесідей үш негізгі кезеңнен тұрады:
- бақылаудың бастапқы нүктесін анықтау, яғни, нормалар мен стандарттарды белгілеу;
- нақты нәтиже жөніндегі мәліметтерді жинау, оларды нормативтер және стандарттармен салыстыру;
- нақты және қажетті нәтижелерді салыстыру және бағалау, сәйкес түзетулер жасау.
Бақылау саласындағы әдістеменің дамуы бақылау қағидаларының анықталуын талап етті. Бақылау қағидасы – бұл бақылау жағдайында экономикалық, әлеуметтік, және басқа заңдылықтарға сәйкестендірілген бақылау жүйесінің қалыптасуын, жұмыс істеуін анықтайтын жалпы қабылданған ережелер болып табылады. Бақылау функциясының негізгі қағидаларын келесі суреттен көреміз. (сурет 11)
Сурет 11 - Бақылаудың негізгі қағидалары
5-ші суретте көрсетілгендей, бақылаудың келесідей қағидалары бар:
Достарыңызбен бөлісу: |