1 Қазақстан республикасындағы баспа ісі жағдайы және дамуы


Баспада стандарт-кост әдісін қолдану және ауытқуларды талдау бағыттары



бет16/18
Дата20.10.2022
өлшемі367,69 Kb.
#44418
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ҚР Баспа ісі

3.3 Баспада стандарт-кост әдісін қолдану және ауытқуларды талдау бағыттары


Халықаралық есептің тәжірибесі мынаны көрсетіп берді: кәсіпорынның әрбір саласында, сала ішіндегі саласында шығындарды есепке алуды ұйымдастырудың қалыптасқан ерекшеліктері, оның үстше, кептеген кәсіпорындар мен фирмалардың капиталмен еркше маневр жасауына мүмкіндік беретіп көпсалалы профилі бар екенін ескерген жөн, демек, өндірістік есептің катаң тәртібін белгілеу іс жүзінде өте қиын іс болып табылады.
20 ғасырдың басында АҚШ-та өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыру мәселелерін шешуде объективті тенденциялар қолданылып келген өндірістік шығындар есебі әдістерінің мәнін қайта қарауға әкелді. Өнім бірлігі өзіндік құнын есептеу, баға қою, шығындарды бақылау және оперативті басқаруда еңбек және материалдық шығындар нормативі жасалып қолданысқа енді. Осылайша стандарт-кост әдісі пайда болды.
Стандарт – бұл өнім бірлігін өндіруге керекті материалдық және еңбек шығындарының жалпы саны, ал кост – осы шығындардың ақшаға шаққандағы көлемі.
Бұл тәсілдің негізгі мақсаты пайда көзінің ауытқулары мен шығынды анықтау, сонымен қатар өнімге кеткен тікелей шығынды басқару. Сондықтан негізгі материалдардың, еңбектің, энергияның, қосымша уақыт, тың әзірлеуге керекті өнімге кететін нақты мөлшері анықталады. Өкінішке орай бұл шарт әруақытта орындала бермейді. Егерде оларды 80% орындаса, ол үлкен жетістік болып табылады.
Нормалардың ауытқуы олардың қате белгіленгенін көрсетеді. Стандарт-кост ағымдағы нормалардың өзгеруін қарастырмайды, ал нормативтік әдісте бұл қарастырылуы мүмкін.
Жоғарыда айтқандай, стандарт-кост тікелей шығындарды басқару құралы болып табылады. Бұл жүйенің бірнеше нұсқасы шетелдік компанияларда қолданылады. Мұнда шығындар өндіріс шотының дебетіне жинақталып стандарттың құны бойынша бағаланады. Дайын өнім осы шоттың кредиті бойынша жазылады. Екінші нұсқаның мәні өндіріс шотының дебетінде қорытындыланған шығындар нақты өзіндік құн бойынша бағаланады, ал шоттың кредитінде дайын өнім стандарттық құн бойынша жазылады. Шетелдік компаниялар нақты шығындардың ауытқуын өзіндік құнға жатқызбай, өнім өткізу, жұмыс, қызмет шотына жатқызады.
Стандарт-кост жүйесі шығындар есебі жүйесі тәжірибесінде қолданылатын басқалардан ерекшелігі, өзіндік сипаты бар.
Біріншіден, құралдарды жұмсау барысы кезінде стандарттан ауытқуларды анықтауда арнайы шоттарды бухгалтерлік жазулар жүргізіледі және ол ауытқулар құжатталады. Менеджерлердің алдында ауытқуларды құжаттау емес, оларды болдырмау міндеті қойылады. Екіншіден, анықталған ауытқуларды барлық компаниялар бухгалтерлік есепте көрсете бермейді, оны тек ағымдағы стандартты қолданатындар көрсетеді. Үшіншіден, стандарттан ауытқуды көрсету үшін арнайы синтетикалық шоттар ашылып, оларды калькуляциялық баптар және ауытқу факторлары бойынша көрсетілуі болып табылады.
Стандарт-кост жүйесінің аталған ерекшеліктері шығындарды басқарудағы ауытқуларды есептеу және оны талдаудың мәнінің ерекше екендігін аңғартады [7].
Нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы отандық калькуляциялаудың жүйесі теориясы мен практикасы нарық экономикасы дамыған елдерде қолданылатын басқару есебінің ұйымдастыру жүйесін оқып үйренуді қажет етеді. Осындай жүйенің бірі тікелей шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүйесі болып табылады. Өзіндік құнды «директ-костинг» жүйесі бойынша калькуляциялау технологиясы өндірістің кез келген өндіріс көлеміндегі тұрақты шығындардың өзгермейтін шамасын көздейді. Осыған орай бұл жүйенің бірқатар жорамалдары бар; өзіндік құнды «директ-костинг» жүйесі бойынша калькуляциялау тұрақты шығындарды өндірістік кез келген көлемінде өзгермейтін шамасын алдын-ала анықтайды, сондықтан басқару есебінде негізгі назар тұрақты шығындарға аударылады.
Барлық деңгейде менеджерлер оларды бақылауды қамтамасыз етуге тиіс. «Директ-костинг» жүйесінің бірнеше айрықша ерекшеліктерін атап өтіледі. Олар:
- өндірістік шығындар тікелей өзгермелі және тұрақты шығын-дарға бөлінеді;
- өнімнің өзіндік құнын шектеулі шығындар бойынша калькуля-циялау;
- пайда туралы есепті жасаудың көп сатылылығы.
Бұл жүйе өнімді өткізуге бейімделген. Сату көлемі үлкен болған сайын кәсіпорын пайданы көп алады. Дайын өнім мен аяқталмаған өндірісті тек өзгермелі тікелей шығындар бойынша бағалайды, ол, кәсіпорынның өнімді сату көлемінің ұлғайту мүмкіндіктерін іздестіруге ынталандырады.
Директ-костинг жүйесінің екі нұсқасы болады. Біріншісі жай нұсқа, мұнда тек өзгермелі шығындар ғана есепке алынады. Бұл нұсқа келесідей қағидаға негізделген:
- шығындар элементтеріне байланысты тұрақты және айнымалы болып бөлінеді;
- өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құны тек қана айнымалы шығындарды бөлу арқылы анықталады;
- айнымалы өзіндік құн мен сатылған бағаның айырмашылығы маржа деп аталады;
- кәсіпорынның рентабельділігін анықтау үшін айнымалы өзіндік құннан түскен әртүрлі маржаның тұрақты шығындарды өтеуге жұмсалатындығында.
Сонымен айнымалы өзіндік құннан түскен маржаның мөлшерін былай анықтауға болады:
- айнымалы өзіндік құннан түскен маржа = сату көлемі – өзгермелі шығындар. Жәй «директ-костинг» әдісін мына мысал арқылы көрсетейік.

Кесте 14 - Директ-костинг әдісі бойынша нәтиженің анықталуы*


мың тенге

Көрсеткіштер

Бір ай мерзімде сатылған өнімдер

барлығы

1 өнім

2 өнім

3 өнім




Сату көлемі

42000

55000

70000

167000

Айнымалы шығындар

23100

39600

46900

109600

Айнымалы өзіндік құннан түскен маржа

18900

15400

23100

57400

Айнымалы өзіндік құннан түскен маржаның деңгейі,

45

28

33

34,4

Тұрақты шығындар










42000

Қорытынды










15400

*Энтони Р. Бухгалтерский учет:управленческий учет.М.:ФиК.-2003.386с

Дамыған «директ-костинг» нұсқасында жартылай маржа түсінігі енгізілген немесе әр өнімнің «үлесі». Бұл жүйеде әр өнімнің рентабельділігі анықталып оған кеткен шығындар мөлшері қадағаланады.


Шығындар есебін жетілдіру жолы ретінде өндіріс шығындарын есепке алудың озық әдістерін қолдануды ұсынамыз. Сонымен қатар, шығындарды жетілдіруді ұйымның шығындарын басқару тұрғысынан да қарауға болады.
Залалсыздық нүктесі - сатудан алынған түсім өнімді өндіруге кететін барлық шығындарды жабатын кәсіпорынның өнімді сату көлемі, сонымен қатар кәсіпорын меншікті капиталының орташа нарықтық пайызы және қалыпты кәсіпкерлік табыс.
Залалсыздықты талдаудың мақсаты – егер өнімді өндіру деңгейі немесе өнім өндіру көлемі өзгерген жағдайда, бұл мәселелер кәсіпорынның қаржылық қорытындысына қалай әсер ететіндігін анықтау болып табылады. Бұл ақпрат кәсіпорынды басқарушы мамандарға өте маңызды болып келеді, себебі сатудан түсетін жиынтық табысқа және жиынтық шығындар мен пайдаға әсер ететін ең негізгі факторлардың бірі ол өнім шығарылымы мен өнім өндіру көлемі. Осы себепке байланысты кәсіпорын басшылары көп назарды өнімнің шығарылымына аударады, өйткені бұл мәселені білу басшыларға шығарылымның ауыспалы-шекті деңгейін білуге, мысалы табыс жоғары болып келетін деңгейді анықтауға немесе табыс та, не шығындарда болмайтын шығарылымның деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық теория тұрғысынан қарағанда залалсыздық ұзақ мерзімді тепе-теңдік жағдайында болып келетін қазіргі заманғы бәсекеге қабылетті нарық жағдайындағы кәсәіпорынның қалыпты жағдайы болып табылады. Осы жағдайда біз кәсіпорын шығындарының құрамына инвестицияланған капиталдан алынатын пайданың орташа нарықтық ставкасы мен кәсіпорынның қалыпты пайдасын қосатын экономикалық пайданы негізге аламыз. Бұндай жағдайларда залалсыздықтың анықтамасы келесідей түрде болады: залалсыздық нүктесі - өнімдерді сату кезінде барлық өндіріске кеткен шығындарды толық жабатын кәсіпорынның өнім көлемі, соның ішінде меншік капиталына орта нарықтық пайыздар мен қалыпты кәсіпкерлік пайда.
Негізінен егер кәсіпорынның бухгалтерлік пайдасы болса, яғни сату мен ақша қаражаттарынан алынған пайда сальдосы сатылған өнімдердің өндірілуіне қатысты оң әсер етсе, онда ол залалсыздық нүктесіне, яғни экономикалық пайдаға жетпеуі де мүмкін. Мысалы, кәсіпорын пайдасы кәсіпорынның меншікті капиталына қатысты орта нарықтық пайызынан аз болуы да мүмкін. Сәйкесінше оданда көп пайда алып келетін капиталды қолданудың басқа да әдістері бар. Осыған сәйкес залалсыздық нүктесі түсінігі кәсіпорын қызметінің тиімділігінің ең басты критериі болып табылады. Қалыптасқан нарықтық конъюктура тұрғысынан қарағанда залалсыздық нүктесіне жетпеген кәсіпорынның қызметі тиімсіз болып табылады. Дегенмен де, бұл факт кәсіпорын әрі қарай өмір сүре алмайды дегенді білдірмейді. Бұл сұраққа толығымен жауап беру үшін алдымен кәсіпорынның шығындарының құрылымын детальды түрде зерттеу қажет. Пайданы макимализациялау процесі экономикалық мағынада залалсыздық нүктесін табу процесіне эквивалентті. Кәсіпорынның максималды пайдасына пайда шығындарға тең болғандағы өндірісте қол жеткізуге болады.
Оптималды түрде пайдаға немесе шығынға жететіндігін анықтау үшін біз кәсіпорынның бағасы мен орташа толық шығындардың қатынасын қарастыру керекпіз.
«Шығын - көлем - пайда» талдауы өндіріс процесінің бір параметрі өзгергенде кандай өзгерістер болатындығын қарастырады.
«Шығын - көлем - пайда» анализі- шығындар қозғалысының анализі, ол шығындар, табыс, өндіріс көлемі және пайданың арақатынасына негізделеді, бұл басқарушылық жоспарлау және басқарушылық бақылаудың инструменті. Бұл арақатынастар қаржылық қызметтің негізгі моделін қалыптастырады және менеджерге анализдің нәтижесін пайдалана отырып альтернативтік шешімдерді бағалауға, жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ол мына формуламен көрсетіледі:
Сатудан пайда = айнымалы шығындар + тұрақты шығындар + пайда(1)
«Шығын - көлем - пайда» арақатынасын қарастыратын басқарушылық модельдер критикалық нүктені қарастырады. Критикалық нүкте дегеніміз - шығындар сатудан түскен пайдаға тең болғандағы өндіріс көлемінің нүктесі, бұл жағдайда пайда да, зиян да болмайды. Өнімнің критикалық нүктесін табу, яғни өнім көлемі мен еңбек өнімділігі өзгерген уақытта, қаржылық көрсеткіштердің өзгеруімен анықталады. Бұл ақпарат қаржылық көрсеткіштерді анықтауда басты мақсат болады., себебі сату көлемі мен пайданы басқа да жалпы шығындар көлемін анықтағанда әсер ететін негізгі факторлар, өнімнің шығу деңгейі мен шығарылған өнімнің көлемі. Өнімнің критикалық нүктесі тікелей сатудан түскен табыс деңгейіне, шығындарға және алынатын пайдаға тікелей байланысты. Ең басты әсер ететін фактор өндірістік қуатты пайдалану.
Өндірістік қуатты пайдалану деңгейі ұйымдастыру қабілетіне, өнім технологиясына және ғылыми техникалық прогресті пайдалану мүмкінді,іне тікелей байланысты.Өндірістік қуат көптеген көрсеткіштермен анықталады:жұмыс уақытымен, өнімді өндіру мүмкіншілігімен. Қуаттың төмендегідей түрлері болады:

  1. Теориялық деңгейі

  2. Тәжірибелі деңгейі

  3. Қалыпты деңгейі

  4. Өнімнің залалсыздық нүктесін табу үшін релеванттық әсерді есептегенде, төмендегідей талаптар қойылады:

  5. Шығындар өнімнің өзіндік құнына апрылуына сәйкес тұрақты және айнымалы шығындарға бөлінуі керек

  6. Талдау белгілі бір диапазонда қарастырылады немесе белгілі бір өнімді өндіру көлемінде талданады.

  7. Айнымалы шығындар өнім көлеміне оның диапазонында өнім көлеміне тікелей пропорционалды,яғни функция түзу сызықтық байланыста болады.

  8. Тұрақты шығындар өнім көлеміне релеванттық аумақта тәуелсіз болады.

  9. Өнімнің бір данасына шығатын айнымалы шығындардың деңгейі, яғни жұмсалатын материалдардың бағасы және тауардың бір данасына сатылу бағасы өзгермейді.

  10. Еңбек өнімділігі, өнім түрлерінің құрылымы өзгермейді

  11. Шығын деңгейіне релевантты түрде тек өнім көлемі ғана әсер етеді.

  12. Өндірілген өнімнің көлемі сатылған өнім көлеміне тең, яғни мерзім басындағы және мерзім басындағы және мерзім аяғындағы қалдықтар деңгейі өте аз.

Өнімнің залалсыздық нүктесін анықтау немесе CVP талдау, маржиналдық табысқа негізделген және шекті нүктені анықтауға нөлдік пайданы өнімнің түрлеріне және өнім өндірушілеріне, сонымен қатар толық өндірісте есептеуге бағытталған. Қазіргі кезде өнімнің критикалық нүктесін анықтаудың үш тәсілі қолданылады: теңдеу, маржиналдық табыс, графиктік тәсіл.
Ұйымның қызметін бағалағанда тағы бір басты қадам – ауытқуларды анықтау. Бұл тиімді және тиімсіз облысты анықтауға мүмкіндік береді. Ауытқуды анықтай отырып, оның неден болған себебін анықтау қажет, егер себеп анықталса, басқарушы қажетті іс шараларды қолдана алады.
Нақты және нормативті шығындар арасындағы ауытқуларды анықтау – ауытқу анализі деп аталады. Егер нақты шығындар нормативті шығындардан жоғары болса, ауытқу тиімді, ал керісінше болса тиімсіз болып табылады.
Барлық ауытқуларды үш түрге бөлеміз:

  1. Негізгі материалдар шығындарының ауытқулары

  2. Тікелей еңбек шығындарының ауытқулары

  3. Жалпы өндіріс шығындарының ауытқулары

Негізгі материалдар шығындарының ауытқуы нақты және нормативті шығындардың айырмасымен анықталады.
Негізгі материалдар шығындарының ауытқуы = көлем*нақты баға— нормативті көлем*нормативті баға (2)
Жалпы ауытқу екіге бөлінеді: Бағадан ауытқу және негізгі материалдарды пайдаланумен байланысты ауытқу.
Негізгі материалдардың бағасы бойынша ауытқуы = (нақты баға— номативті баға)* нақты көлем (3)
Негізгі маткриалдарды пайдалануға байланысты ауытқу = (нақты көлем— нормативті көлем)* нормативті баға (4)
Егер барлық есептеулер дұрыс болса, онда: (1) = (2) + (3)
Әдетте сатып алу жөніндегі агент баға бойынша ауытқуда жауапкершілікті алады, ал өндіріс цехтарының кураторлары материалдарды пайдалану бойынша ауытқуларға жауап береді. Кейбір жағдайларда төмен сапалы арзан материалдар болатын болса, нәтижесінде қалдық көлемі ұлғаяды, сондықтан пайдалану бойынша тиімсіз ауытқу пайда болады. Шығындардың ауытқуларын сызба түрінде көрсетеміз:



Сурет 12 - Материалдық шығындардың ауытқуы


Тікелей еңбек шығындарының ауытқуы өндірілген өнім көлеміне қатысты нақты және нормативті шығындардың айырмасы ретінде анықталады.


Тікелей еңбек шығындарының жалпы ауытқулары = нақты уақыт * нақты еңбек ақы төлеу ставкасы — нормативті жұмыс уақыты * нормативті еңбекақы төлеу ставкасы.
Жоспардың орындалуын бағалау үшін басқарушы ауытқудың қай бөлігі жұмыс уақытының шығындарының өзгеруінен, қай бөлігі еңбек ақы төлеу ставкасының өзгеруінен болғанын анықтауы қажет.
Еңбекақы төлеу ставкасының ауытқуы =(нақты ставка—нормативті ставка)* нақты жұмыс уақыты (5)
Еңбек өнімділігінің ауытқуы=(нақты жұмыс уақыты—нормативті жұмыс уақыты)*еңбекақы төлеу бойынша нормтивті ставка (6)
Еңбек ақы бойынша ауытқуларға кадрлар бөлімшесі жауапты. Бұл ауытқулар жоспарға сәкес келмейтін еңбекақысы төмен немесе жоғары жұмысшыны жұмысқа алғанда пайда болады.
Ал еңбек өнімділігі бойынша ауытқуларға цехтың бақылаушылары жауапты. Мұндай жағдайдағы тиімсіз ауытқу тәжірибесіз жұмысшыға жоғары квалификацияны талап ететін жұмысты тапсырғанда пайда болады. Басшылық әрбір жағдайға анализ жасауға тиісті.
Жалпы өндіріс шығындарын қадағалау еңбек ақы шығындарына қарағанда қиынырақ, өйткені жалпы өндіріс шығындары бойынша жауапкершілікті белгілі бір тұлғаға жүктеу қиын. Жалпы өндіріс шығындарын қадағалауды бөлімше менеджерлері жүзеге асыра алмайды. Егер айнымалы өндіріс шығындарын операциялық бөлімшелерге жүктесе, онда өндіріс шығындарын бақылау мүмкіндігі туады. Жалпы өндіріс шығындарын талдау анализі қиын.
Біріншіден, нақты және нормативті өндіріс шығындарының айырмасы ретінде жалпы өндіріс шығындарының ауытқуын анықтау қажет.



Сурет 13 - Тікелей еңбек ақы шығындарының ауытқуы


Оны тұрақты және айнымалы өндіріс шығындарына есептелген коэффициенттер арқылы анықтаймыз. Содан кейін жалпы ауытқуды екіге бөледі:



  • бақыланатын жалпы өндіріс шығындарының ауытқуы,

  • жалпы өндіріс шығындарының көлем бойынша ауытқуы.




Сурет 14 - Жалпы өндіріс шығындарының ауытқуы


Залалсыздық нүктесіне байланысты сұрақтар мынандай екі аспектіде қызық болып табылады: кәсіпорының қазіргі ағымдағы қызметін талдау және кәсіпорының болашақтағы қызметін болжауда. Бірінші аспект өндірістік өнімдердің өзіндік құнын анықтайтын ең маңызды факторларды талдауды және ағымдағы нарықтық конъюктураны талдауда көрінеді. Екінші аспект нарықтағы бағалық жағдайлар мен өндіріске кететін шығындарды болжауда көрінеді. Жасалған болжаулардың негізінде өндірістік жоспарларды есептеу жүзеге асырылады. Кәсіпорының залалсыздық жоспарының орындалуын бақылау кәсіпорын қызметінің тиімді жүзеге асырылуының ең маңызды талабы болып табылады.


Кәсіпорын қызметінің залалсыздық жоспарын құру процесі кәсіпорының жалпы қаржылық жоспарын құрудың ең маңызды бөлігі болып табылады.
Енді залалсыздықты жоспарлаудың барлық кезеңдерін толығырақ қарастырайық:

  1. Кәсіпорын қызметінің жағдайын және өтім (сбыт) нарығындағы жағдайларды талдау. Бұл жерде сыртқы және ішкі факторлардың негізінде кәсіпорының күшті және әлсіз жақтарына талдау жасалады. Ішкі факторларға оларды мейліеше азайту мақсатында мүмкін болатын шығындардың трансформациялануы негізінде шығындарды талдау жатқызылады. Шығындарды мейліеше азайтуға өндірістік және техникалық жағдайлардан басқа, сонымен қатар кәсіпорында жүргізілетін менеджменттің деңгейі және жабдықтаудың қызметінің өзгерулері де елеулі әсер етеді. Сыртқы факторларға кәсіпорын қызметіне жағымды және жағымсыз әсер ететін нарықтық ортаның объектівті негіздерін жатқызуға болады. Бұндай факторларға мыналар жатады: кәсіпорынмен бақыланатын нарық бөлігі, олардың өзгеру тенденциялары, бәсекелестердің қызметі, тұтынушылар талғамдарының өзгеруі, кәсіпорын қызметін жүзеге асыратын мемлекеттегі қаржылық жағдайдың өзгеруі және тағыда басқа факторлар;

  2. Дайын өнім мен өндірістік факторлар үшін бағаны болжау. Бұл жерде бізді қызықтыратын тауарлы нарықтың бағалық факторларын болжамдық жоспарлау жүзеге асырылады. Бұл үшін негізінен статистикалық көрсеткіштерді, осы көрсеткіштердің динамикасын талдауды, сонымен қатар экономика – математикалық әдістерді қолдану қолайлы болып табылады. Егер кәсіпорынның оындай талдауларды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, онда нарықтағы баға өзгерістеріне сүйенуге болады. Сонымен қатар бұл кезеңде бағалардың қолайсыз өзгеруіне байланысты бағалар анықталады. Негізінен бұл болжамды бағалық тәуекелдіктерді тауарлық фьючерстер мен опциондарды қолдана отырып, оларды хеджерлеуге байланысты сұрақтар шешілетін кезең болып табылады.

  3. Айнымалы және тұрақты шығындарды есептеу. Бұл жерде өндірілген өнімнің өзіндік құныын есептеу қажет. Аяқталмаған өндіріс көлемі мен жұмыстардың жеке кезеңдерінің орындалу жәрежесін қолдануды жоспарлау қажет. Бұл жерде негізгі және айналымдағы қаражаттаға кәсіпорының қаншалықты қажет екендігі анықталып, олардың мүмкін болатын қалыптасу көзі анықталады. Егер қаржылық ресурстарға деген қажеттілік сыртқы қарыздар арқылы қанағаттандырылатан болса, онда өндірістік шығындардың құрамына сонымен қатар карыздар алуға байланысты шығындар да жатқызылады.

  4. Залалсыздық нүктесін есептеу. Залалсыздық нүктесін өнімнің өзіндік құнының және болжанған сату бағасының негізінде анықтаймыз. Өнімнің өзіндік құнын есептеп болғаннан кейін тұрақты шығындарды жабу үшін қолданылатын қауіпсіздік маржасының қажетті көлемі анықталады. Бұл көлем негізінен кәсіпорын қызмет істейтін сыртқы ортаның тұрақтылығына байланысты болып келеді. Сәйкесінше, егер сыртқы орта тұрақсыз болып келген жағдайда қауіпсіздік маржасының көлемі соған сәйкес үлкен болып келуі қажет. Қауіпсіздік маржасы анықталғаннан кейін керекті қауіпсіздік маржасының деңгейіне жету үшін өнім өндірісінің көлемі және өнімдерді сату есептелінеді.

5 және 6. Кәсіпорының бағалық саясатын анықтау. Бұл жерде кәсіпорының қандай баға днңгейінде және қандай бағалық саясат жағдайында керекті сату көлеміне қол жеткізуге болатындығы анықталады. Осыдан кейін қайтадан залалсыздық нүктесі мен қаіпсіздік мржасының нақтырақ көлемі есептеледі. Егер бұл көлем 4 кезеңді қанағаттандырмайтын болса, онда 5 және 6 пунктерді бағалардың бағалардың басқв а мағыналарымен қайта қайталаймыз. Егер қауіпсіздік маржасының қолайлы көлеміне жету қиын болған жағдайда 3 кезең талдауларын шығындардың төмендеуіне назарды аудара отырып қайта қайталау крек. Бұндай оперативті процестерді қолдана отырып біз өндірістік жоспарға қол жеткіземіз.
7. Қорытынды жоспарды қабылдау. 5 және 6 кезеңдерде анықталған сату бағасы, сату көлемі негізінде залалсыздық нүктесін қорытынды есептеу жүргізіледі, сонымен қатар қаржылық жоспар және период бойынша бөлінген сату жоспары құрастырылады. Осы кезеңде залалсыздыққа жету мезеті анықталады.
8. Залалсыздықты бақылау. Залалсыздықты бақылау өзіне бірнеше аспектілерді қосады: өндірістік шығындарды бақылау, өнімнің өзіндік құнын бақылау, сату жоспарын бақылау, табыстардың келуін бақылау, залалсыздық жоспарының орындалуы бақылау. Өнімнің өзіндік құнын, сату жоспарын және табыстардың келуін бақылау залалсыздықтың екі концепциясын тексереді. Залалсыздықты бақылаудың кешенді түрі кәсіпорының қандай залалсыздық нүктесінде орналасқанына байланысты кәсіпорының түскен табыстары мен ағымдағы шығындарын үздіксіз бақылаумен айналысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет