1 Қазақстан республикасындағы баспа ісі жағдайы және дамуы



бет10/18
Дата20.10.2022
өлшемі367,69 Kb.
#44418
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
ҚР Баспа ісі

Бөлістік (үрдістік) әдіс. Бірнеше өндіріс үрдісінен өтетін біртектес өнімдердің массалық және сериялық өндірістерінде пайдаланылады. Шығындар толық өндіріліп біткен өнім көлеміне қатысты есепке алынады және калькуляцияланады. Мұндай өнеркәсіптерде аяқталмаған өндіріс мүлде болмайды, немесе оның үлесі өте аз болады, сондықтан да өнімнің өзіндік құны барлық шығындарды өнімдердің натуралдық немесе шартты-натуралдық көлеміне бөлу арқылы анықталады. Шығындар, әдетте, жалпы технологиялық үрдістің жеке кезеңдері бойынша есепке алынады. Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіру ұйымдарында қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялык өңдеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын ұйымдарында: металлургиялык, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады.
Дайын өнім немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялык процесс бөлістік (үрдістік) әдіс деп аталады.
Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептеледі әрбір бөлістен кейін шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнім алынады. Бөлініс тізбесін пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнімнің сипаты мен басқа да өзіне тән жағдайлары ескере отырып, технологиялык процесстер туралы деректердің негізінде белгіленеді. Бұл орайда, бөлініс жөніндегі шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аякталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау мүмкіндігі ескеріледі.
Тікелей шығыстар әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердщ ішінде әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым).
Үстеме шығыстар бөлістердің арасына таратылады, ал олар әрбір бөлістердің ішінде - шығарылатын өнім түрлерінің арасына таратуға қабылданған коэффициенттердің базасында жасалуы мүмкін.
Бөлістік әдісін қолданған кезде нормативтік әдістің негізгі элементтері — накты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ак нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды колдану керек.
Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын кұжаттауда және жедел (оперативтк) есеп беруінде энергетикалық, материалдық және баска да шығындардың нақты шығысын ғана көрсетіп коймай, сонымен катар өндіріс тапсырмаларына немесе нормасына негізделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгілеген технологиялык процесстің ауытқуынан, жұмсалған материалдық, шығыстардың құрамының, өзгеруінен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде көрініс табуы тиіс.
Өнімнің, өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудын бөлістік әдісінің екі нұскасы пайдаланылады: шалафабрикаттык және шалафабрикатсыз.
Шалафабрикаттык нұсқа әрбір бөлістер бойынша есетік калькуляция жасайды және оған үстеме шығысын коса есептейді. Шалафабрикатсыз нұсқасында бірінші кайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі кайта жасаулардан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан сон өнімнің өзіндік құны анықталады.
Бөлістік әдісі кезінде өндірістегі шығындарды есепке алу өндіріс есебінің карточкаларында немесе әрбір кайта жасауға ашылатын ведомостарында жүргізіледі.
Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процессінде әртүрлі сорттағы немесе маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін түзету коэффициентін пайдаланады.
Мұнай өңдеу өнеркәсібінде, өнім шығымын техникалық тұрғыдан сипаттайтын бір өнім бірлігінен алынған коэффициенттер жүйесі пайдаланылады.
Егер де бір шикізаттан әртүрлі мұнай өнімдері алынатын болса, онда олардың арасында тарату коэффициентінің көмегімен өнімнің өзіндік құнын белгілейді, ал өңдеу шығындары әрбір өнім түршің арасына үлес салмағы бойынша таратылады.
Жоспар бойынша белгіленген нормаларға сәйкесттік қадағалап отыруға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа шығындарды есепке алудың әдістерінің барлығында бүкіл шығарылған (шығарылатын) өнімнің өзіндік құны, сол өздерінің жоспарланған кезіндегі орташа деңгейімен салыстырылады және соның нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жүргізілген ұйымдық-техникалық шараларға жұмсалған шығындардын шын мәншдегі деңгейін әрдайым дәл көрсете бермейді.
Бұл кемшіліктерді жою үшін нормативтік әдісті колданады. Бұл кезде өнімнің бір өлшемінің және бүкіл шығарылымның өзіндік құны нормативік өзіндік кұнмен салыстырылады. Ал нормативтік өзіндік кұнның жоспарлы өзіндік кұннан айырмашылығы: осы кезеңде жұмыс істеп тұрған өндірістік технологиялық процесстің., сондай-ақ материалдык, еңбек және баска да шығындардын прогрестік нормаларының негізінде анықталады.
Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік тәсілі. Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдіс негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялык және нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардың негізшде өнім бірлігшің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады. Оларды жасау кезінде колданыста жүрген өндірістік технологияны, жалақы жөніндегі уакыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырып, бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттарға колданыльш жүрген баға көрсеткіштер және өндіріске кызмет көрсету мен басқару жөншдегі шығындардын бекітілген тоқсандық сметасы ескеріледі.
Нормалардың және шығындар сметаларының өзгеру тәртібш рәсімдеп, сондай-ак кәсіпорынның мүдделі цехтары мен бөлімдершің технологиялык процесстерш және басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы тәртібш реттеу аркылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезшде қоймалық және таразылау-өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудің, материалдарды сактау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша (егер энергия және баска да шығындар тікелей жолмен өнімғе жаткызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдын, электр энергиясының тұтынылуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен кұрылғыларды орнатудың маңыздылығы зор.
Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебінде болып көрсетіледі. Бұндай шектеулер өндірісті ұйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезшде жөндеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.
Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардын үнемделуі немесе артық жұмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпорынның ұйымдык-техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды.
Нормадан ауытқулар кұжатталған және кұжатталмаған болып келеді.
Кұжатталған ауытқулар алғашкы кұжаттардың мәліметтері бойынша ашылған дабылдары жатады (талап накладнойы, қосымша жұмыстарға жазылған нарядтары, қосымша төлемдер және т.б.), сондай-ак есептеу жолымен анықталған ауытқулар (тугелдеу тәсілімен, нақты рецептурасы бойынша алдын-ала жасалған есептеулер және т.б.)
Кұжатталмаған ауытқуларға ауытқудың жалпы сомасы мен оның кұжатталған бөлігінің арасындағы айырмасынан шығады. Әдетте, олар кұжатталған ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін шығарғаннан, нарядтарды артық жазғаннан, кем шығудан, шалафабрикаттардың жоғалтулары мен бұзылуынан, аякталмаған ендірісті дұрыс бағаламауынан шығады.
Егер де өндірісте кұжатталмаған ауытқулар бар болса, онда ол нормативтік есептің дұрыс ұйымдастырылмағанын куәландырады.
Ауытқу теріс те (артық жұмсалғаны) және оң да (үнемделгені) болуы мүмкін.
Теріс ауытқулар (материалдар, отындар, энергиялар, технологиялык процестерде қарастырылмаған, қосымша жұмысқа жасалған, толенген және т.б.) өндіріс процесінің дұрыс ұйымдаспағандығынан туындайды.
Оң ауыткулар жекелеген учаскелердің жетістіктеріін баяндайды (материалдардың тиімді пайдалануын ашу, материалдарды барынша қалдыксыз пайдалану, өнімнің сапасын арттыру, кұрал-жабдыкты тиімді колдану және т.б.), және норма шығындарын үнемдеуді жүзеге асырады. Кейде оң ауытқулар шын мәніндегі қаражаттың үнемделгенін көрсете бермейді, ол тек норманың шын арттырылған деңгейін пайдаланғандығын көрсетеді.
Өндірісте материалдар қатаң белгіленген лимиттер шегінде беріледі. Материалдардың берілуін лимиттеу ай басында цехтарда жұмсалған материалдардың деңгейін ескере отырып, материалдардың шығынын қолданыста жүрген прогресшіл нормалардың негізінде нысаналы түрде жүзеге асырады.
Материалдардың жоспардан тыс босатылуына құжаттар жасау, материалдарға жедел бақылау жасау және оларды жоспардан тыс босатуға алып келген себептерін талдауды қамтамасыз ету керек.
Ақауға шығарылған өнімнің орнын қалыпқа келтіру үшін қажетті материалдарды алуға ақау туралы актілер негіз болады. Онда бұйымның, бөлшектің коды, өнімнің акауға шығарылған тапсырыс нөмірі керсетіледі Өндірістегі шикізат пен материалдардың сандык есебі жоспарлау бөлімінде, ал күндык есебі бухгалтерияда жүргізіледі.
Нормалардан ауытқуларды есепке алу шикізат пен материалдарға, олардың жұмсалуын нормалауға және өндірістік технологиялык, процесіне байланысты ұйымдастырылады. Нормалардан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану және т.б. осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны бойынша нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды кұжаттау, түгелдеу тағы баска да шаралар жүргізіледі.
Кужаттау әдісі материалдарды ауыстыру салдарынан туындайтын ауытқуларды, сондай-ак жеке-дара материалдардың нормадан артық жұмсалғанын анықтау үшін пайдаланады. Жеке-дара материалдардың шығынын, сондай-ак; материалдардың ауыстырылуымен байланысты ауытқуларды арнайы (дабылдық) құжаттармен рәсімдейді.
Әрбір келіп түскен материалдың партиясын салыстырып көру әдісі өндіріске босатылған, қымбат тұратын (тері, токыма және т.б.) материалдардың әрбір партиясы бойынша олардың, нормадан ауытқуын анықтау үшін қолданылады.
Қолданып жүрген нормадан ауытқуды партиялардың шығыс нормасын шығарылған өнімнің нақты шығысымен салыстыру арқылы анықтайды. Егер де бұл аталған әдісті қолдану қиындық, тудырса, онда оның орнына инвентарлық әдісті қолданады.
Мүліктік әдісте материалдардың нақты шығысын белгіленген норма шығысымен салыстыру арқылы айлық, он күндік, бес күндік, бір ауысымдық (сменалык) ауытқуларын анықтайды. Материалдардың іс жүзіндегі шығынын аннықтау үшін: ауысымның, бес күндіктің, он күндіктің басына немесе әр айдың бірінші жұмыс күніне жұмсалмаған материалдарды туғелдеу (инвентаризация) жургізеді. Ауытқуларды анықтау, есепке алу үшін кәсіпорынның жоспарлау-диспетчерлік бюросы материалдарды жұмсау картасын жүргізеді. Онда материалдар жұмсаудың ағымдык нормасы, сол материалдан жасалған бұйымдардың (белшектердш) саны көрсетіледі.. Бұйымдардың (бөлшектердің) саны жұмысшылардың жасап шығарған есеп мәліметтерінің негізінде анықталады.
Есеп деректері (мәліметтері) бойынша оқтын-оқтын қолданылып жүрген нормалардан материал шығындарының ауытқуы туралы цехтар есеп беріп отырады.
Жалақыны ауытқулар есептелген норма мен нормадан ауытқу бойынша ескереді. Бухгалтерия есептелген жалақы сомасынын жұмысшылардан алынған өнім саны мен сапасына сәйкестігін байқап отырады. Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқығаны үшін үстеме ақы төлеу өндірістік емес шығындар және жалақы қорын артық жұмсаудың басты себептерінің бірі болып табылады. Жалақы бойынша нормадан ауытқуын талдау үшін және дәл есебш шығару үшін номенклатуралық себептерін және жалақы бойынша нормадан ауытқуды, кінәлілерді табу керек.
Үстеме шығындарды есептеу мен тарату нақты шығынның сомасын анықтауды, әрбір баптар бойынша бекітілген сметадан ауытқуын табуды, демек, ондағы артык жұмсалатын шығындардың алдын алатын қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін материалдар шығысына, штаттык кестеғе және лауазымды қызметкерлердің окладына жасалған лимиттік картаның, материалдық емес активтерін, негізгі кұралдардың нормасының негізінде ағымдағы жедел (оперативтік) бақылауын ұйымдастырады.
Кәсіпорында құндылыктарды сақтау мен есебінде, өндірісті ұйымдастыруында болған кемшіліктер және баска да өндірістік емес сипаттағы шығыстар толығымен ашылып көрсетіледі. Өндірістік емес сипаттағы шығыстар өнімді шығарумен байланысты болса, онда олар оның өзіндік құнына косылады, ал егер де олар өнімді шығарумен байланысты болмаса, онда олар өнім түрлерінің арасына таратылып, үстеме шығыстардын кұрамында онімнің өзіндік құнына қосылады.
Кәсіпорыннын экономикалық қызметі тарапынан бақылау жасау материалдарды, энергияны, аспаптар мен керек-жарақтарды тұтынудың, бекітілген нормалары мен лимиттерін; түрлі жұмыстар мен қызметтерді тұтыну мен олардын құнынын белгіленген лимиттерді; баскарудың белгіленген ұйымдық құрылымын, сондай-ак қызметтердің және қызмет көрсетуші адамдар жалақысынын окладтарын (ставкаларын) қатаң сақтауды қамтамасыз етуғе тиіс.
Машиналар мен жабдыктарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды (егер үстеме шығындардын бұл тобы есепте көрсетілетін болса) өнім түрлері бойынша таратады, бірақ ол кезде өнімді әзірлеу кезінде қолданған кұрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының, денгейі, яғни өндіріске қажет болған машина/сағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалык (нормативтік) ставкасын пайдалану керек, ал олар, әдетте, бұйымды әзірлеу үшін қажет технология бойынша құрал-жабдықтардың, жұмыс істеген машина/сағатының саны бойынша, құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша белгіленген, шығын коэффициенті бойынша, және бір машина/сағатының жоспарлы өзіндік құны бойынша есептеледі Бұйымдарға (бөлшектер комплексіне) сметалык ставкаларды есептеп шығару неғұрлым оңай: жабдықтардың жұмысымен байланысты шығындар мен механикаландырылған (станоктык) және механикаландырылмаған (қолмен аткарылатын) жұмыстар бойынша бөлек-бөлек алғанда, өндірістік жұмысшыларының негізгі жалақысының арақатынастарының негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтарды күтіп-ұстау мен пайдалану жөніндегі нақты шығындар сметалык ставкалар бойынша белгіленген шығындарға тепе-тең дайын өнім мен аякталмаған өндіріс арасына бөлінеді.
Үстеме шығыстарды (егер олар жеке топқа бөліп алынбаған болса, машиналар мен жабдықтарды күтіп-ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды қоса алғанда) бұйымдардың арасына тарату өндіріс жұмысшыларынын негізгі жалақысының сомасына тепе-тең етіп бөледі.
Ірі сериялык және жаппай өндіріс жағдайында шығындардың жиынтык есебі шығындардың калькуляциялык баптары бойынша машиналардың типтері немесе бұйымдардың біртекті топтары бойынша жүргізіледі. Баскарудың цехсыз кұрылымы кезінде жиынтык есеп тұтастай кәсіпорын бойынша, ал цехтык кұрылымы бар болса, онда цехтар бойынша жүзеге асырылады.
Шығындардың есебін алу айдың басындағы қолданылып жүрген нормалар және сол нормалардан ауытқыған сома бойынша жеке-дара жүргізіледі. Мұның өзі ауытқудың пайда болу себептерін және оған кінәлі тұлғаларды ашуға мүмкіндік береді. Нормадан тыс ауытқулардың себептері және кінәлі тұлғалар арнайы кодтар бойынша есепке алынады. Олар өнім түрлері мен шығын баптары бойынша есепке алынады, ал олардың иесізденген жағдайында ауытқудың сомасы жекелеген өнім турлерінің өзіндік құнына пропорционалды жолмен нормативтік шығындар бойынша таратылады.
Нормадан ауытқу әртүрлі себептердің салдарынан болса, онда олардың кінәлі тұлғалары мен себептері көрсетілген дабыл қағатын құжаттармен рәсімделеді.
Сонымен қоса, ауытқулар әртүрлі өзгерістермен байланысты болады, атап айтқанда, материалдык, еңбек, энергетикалық шығыстарының көтерілүшін немесе төмендеуінің, ауыстырылуының салдарынан орын алуы мүмкін.
Әдетте нормадан болатын барлык өзғгерістер есеп беретін айдың бірінші күніне туралап (ұштастырылып) жасалады, сондықтан олар әрекет етіп тұрған норманың енгізілген кезеңінен бастап нормативтік калькуляцияда көрініс табуы керек.
Ай басына қалған аяқталмаған өндіріс ай барысындағы шығындары және шығарылған өнімге есептен шығатын шығыстары есептік айдағы әрекет етіп тұрған бірыңғай нормасы бойынша жасалатындыктан, ағымдағы норманың өзгеруіне байланысты есептік айдын, басына аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын кайта есептеу қажеттілік туындайды. Қайта есептеудің нәтижесі норманың өзгеруімен байланысты ауытқудың сомасын кұрайды. Аяқталмаған өндіріеп қайта есептеу түгелдеу кезінде тікелей шоттардың мәліметтері бойынша, ал егер де түгелдеуді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда индекстің (коэффициентін) көмегіпмен жасалады. Нормалардын өзгеруі осы бап бойынша аяқталмаған өндірістің қалдық сомасына нормативтік калькуляцияның жекелеген баптары бойынша есептелінеді.
Нормалар есептік айдың барысында өзгеруі мүмкін, сондықтан ол нормативтік калькуляцияда көрініс таппауы мүмкін.
Нормалардын өзгеруі және шығыстардын жана нормативін белгілеу аяқталмаған өндірістік кайта бағалануына әсер етеді. Нормадан ауытқуын анықтау үшін өндіріске кеткен шығынның есеп нормасымен де, нақты жұмсалған шығынымен де есептеп шығарады, яғни есептеу жолымен анықтайды. Есептелген нормадан ауытқу және норманын өзгерістері өнімнің өзіндікк құнына және аяқталмаған өндірістің калдығына жатқызылады. Өнеркәсіптің жаппай өндірістік сипаттағы және қысқа өндірістік циклдағы кейбір салаларында нормалардын өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасы тауарлы өнім шығарылымының өзіндік құнына, ал аяқталмаған өндірістік нормативтік өзіндік құны бойынша толығымен жазылады. Нормалардын өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасы өндіріс есебі ведомостарында көрсетілген индекстердің көмегімен тауарлы өнімді шығару мен аякталмаған өндіріс арасында бөлінеді. Оларды нормалардын өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасының калькуляциядағы баптары бойынша бөлініп алғандағы нормалар сомасына процентік қатынасымен анықтайды.
Өндірістеп шығындардын жиынтық есебі шығындардын жиынтық есебі ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардын жекелеген түрлері немесе тобы калькуляциялау объектілері болатындықтан, біртектес өнімнің бірін немесе бірнеше түрлерін жасауға жұмсалған шығындарды есептеу үшін ведомоста осыған ұксас шоттар ашылады.
Шығарылған өнімнің нормативтік өзіндік құнын аныктау үшін біртектес өнім өндіруге жұмсалған шығындарды топтап есепке алу кезінде, бұл топқа кіретіп өнімнің әрбір түрінің нормативтк құны және сол мәліметін (сводкадан) жиынтығы калькуляциялык баптар бойынша есебінің ведомосына жазылады
Бұйымның бір түрі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеген кезде есептік (кезеңдік) норма бойынша өндірістік есеп ведомосындағы өнім шығындарының нормативтік құны шығыстың әрбір бабының нормативәк шығарылған өнімнің нақты санына көбейту арқылы алынады.
Өнімнің нақты өзіндік құнын анықтаған кезде есептік айдан ауытқуларды нормативтік өзіндік кұнға қосады немесе одан ауытқуларды шегереді.
Жоғарыда аталған әр әдістің өзіндік ерекшеліктері, яғни артышылықтары мен кемшіліктері болады. Кіші және орта бизнес өкілдері әдетте, «тиімділік-құн», яғни жұсалынатын шығындарды алынатын пайдамен салыстырады. Ірі бизнес өкілдері әртүрлі комбинацияда қолданады.
Өзіндік құнды калькуляциялау жүйелері мақсатты шығындардың түрлеріне және күрделілігіне тікелей байланысты. Калькуляциялау жүйелерін келесідей түрде жіктейді:

  • өзіндік құнды тікелей калькуляциялау жүйесі;

  • шығындарды есептеудің әдеттегі жүйесі;

  • өзіндік құнды калькуляциялаудың функционалдық жүйесі.

Шығындарды толық бөле отырып өзіндік құнды калькуляциялау (абзорпшен костинг) – бұл сатылған өнім мен қоймадағы өнім қалдықтары арасындағы барлық өндірістік шығындарды бөле отырып, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі. Калькуляция сыртқы пайдаланушылар үшін пайда және зиян туралы есептілікті дайындау үшін қолданылады. Осы калькуляциялау жүйесіне альтернативті жүйе – айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау жүйесі. [16]
Айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау (директ немесе верибл костинг). Бұл әдіс кезінде тек айнымалы өндірістік шығындар ғана өнімге кеткен шығындар (қор сыйымды шығындар) ретінде беріледі, ал айнымалы өндірістік шығындарды бір кезеңге жұмсалған шығындарға жатқызады. Директ костингті пайдалану арқылы дайындалған пайдалар мен шығындар туралы есеп ішкі есеп беруге қолданылады. Бұл есепте маржиналды табыс көрсетіледі, ол табыс пен барлық айнымалы шығындар арасындағы айырмашылықты білдіреді.
Екі есеп жүйесінің қолданылудың алынатын пайда мөлшеріне әсерін келесі кесте ретінде көрсетуге болады.

Кесте 5 - Абзорпшен костинг және директ-костинг жүйелерін қолдану ерекшеліктерінің пайдаға әсері*



Өндіріс және сату көлемдерінің арақатынасы

Пайда мөлшеріне әсері

Өндіріс көлемі сату көлеміне тең болса

Операциялық пайда екі калькуляциялау жүйесінде бірдей болады

Өндіріс көлемі сату көлемінен артық болса

Абзорпшен костингті пайдаланған жағдайда тұрақты өндірістік үстеме шығындардың бір бөлігі сатылмай қалған қорлар құнының құрамында кіреді. Яғни, алынатын пайда мөлшері жоғары болады.

Директ-костингті пайдаланған жағдайда тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындарына жатқызылады, сәйкесінше алынатын пайда мөлшері төмен болады.

5-кестенің жалғасы



Сату көлемі өндіріс көлемінен артық болса

Абзорпшен костингті пайдаланған жағдайда тұрақты өндірістік үстеме шығындар толығымен сатылған өнімдердің өзіндік құнына қосылады, яғни, алынатын пайда мөлшері төмен болады.

Директ-костингті пайдаланған жағдайда тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындарына жатқызылады, сәйкесінше алынатын пайда жоғары болады.

*Дерек көзі:СІРА бағдарламасы бойынша оқу құралы «Басқару есебі 1». Корпорация Прагма және АҚШ халықаралық даму бағдарламасы бірлесіп шығарған.

Шығындарды толық бөле отырып және айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялаудың ерекшеліктері:


Директ костинг:

  • Шешім қабылдауға пайдалы ақпаратты қамтамасыз етеді. Шығындардың айнымалы және тұрақты болып бөлінуі өнім ассртиментін анықтау үшін, өндіріске немесе компонентті сатып алуға қатысты шешім қабылдау үшін және басқа ақпарат алуға мүмкіндік береді.

  • Пайданы қорлардың өзгеру ықпалынан сақтайды. Директ костингті пайдалану кезінде пайда өнімнің сату көлеміне байланысты болады, абзорпшен костингті пайдалану кезінде пайдаға сату көлемі де, өндіріс те әсер етеді. Сондықтан директ костинг қорларға манипуляция жасауды болдырмауға мүмкіндік береді және менеджерлердің жұмысын бағалау үшін жақсы жарайды.

Абзорпшен костинг:

        • Тұрақты өндірістік шығындарға тиісті көңіл бөледі. ХҚЕС-ы тұрақты өндірістік шығындардың қорлардың өзіндік құнына кіргізілуін талап етеді. Сыртқы мақсаттар үшін абзорпшен костингді пайдалану қаржылық көрсеткіштердің ХҚЕС-ы бойынша өз есеп беруін жасайтын басқа компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • Есеп беруде шамадан тыс шығындар мен пайдалардың бейнеленуін болдырмауға мүмкіндік береді. Маусымдық бизнесте қорларды өсіру кезеңіндедирект костингті пайдалану барысында тұрақты өндірістік шығындар кезең шығындарына жатқызылады. Сондықтан қорлардың ұлғаю кезеңінде үлкен шығындарды тіркейді, ал тауарларды сату кезеңінде өте үлкен пайдаларды тіркейді. Абзорпшен костингті пайдалану кезінде шығындар мен пайдалар тепе-тең келеді.

Калькуляциялаудың тікелей жүйесінде мақсатты шығындарға тек тікелей шығындар ғана жатқызылады. Сәйкесінше жанама шығындар есебі пайда есебіне жатқызылады. Мұндай жүйелердің басты кемшілігі олар жанама шығындарды бағаламайды және оларды мақсатты шығындар деп қарамайды. Яғни, жанама шығындарды қосу ұйымның өз еркімен анықталады. Сол себепті тікелей калькуляциялау жүйесі ұйымның жалпы шығындарының ішіндегі жанама шығындар үлесі аз болған жағдайда ғана қолдану ұсынылады. [17]
Әдеттегі және функционалды калькуляциялау жүйелері жанама шығындарды мақсатты шығындар ретінде бөліп таратады.
Шығындарды калькуляциялаудың әдеттегі жүйесінде шығындарды бөліп таратудың екі сатылы процесі қолданылады. Әдеттегі жүйеде бірінші сатыда үстеме шығындар алдымен өндірістік және қызмет көрсетуші бөлімшелер арасында бөлініп таратылады, содан кейін ғана қызмет көрсететін бөлімшелердің шығындары өндірістік бөлімшелерге қайта бөлініп таратылады.
Өзіндік құнды әдеттегі калькуляциялау жүйелері бірнеше ондаған жылдар бұрын өнеркәсіп ұйымдары аздаған өнім түрлерін өндірген, сәйкесінше, өндірістік шығындардың ең бастысы материалдық және еңбек шығындары болған кездерде пайда болған. Ол кездерде үстеме шығындар мөлшері өте аз және үстеме шығындарды дұрыс бөліп таратпаған жағдайда да ауытқу мөлшері өте төмен болған. Әдеттегі жүйе үлгісі келесі суретте келтірілген (сурет 8).


Бөліп таратудың



Шығындар орталығы
N
(бөлімше)


Шығындар орталығы
2
(бөлімше)


Шығындар орталығы
1
(бөлімше)

1-ші кезеңі
. . .

Бөліп таратудың


2-ші кезеңі
(негізгі жұмысшылар
еңбек сағаттары негіз
болады)

Мақсатты шығындар (өнімдер, қызметтер, тұтынушылар)

Тікелей

шығындар

Сурет 8 - Шығындарды калькуляциялаудың әдеттегі жүйесі


Функционалдық жүйеде үстеме шығындар бөлімшелер арасында емес, негізгі қызмет түрлеріне байланысты бөлінеді. Бұл жүйеде алдымен көптеген функционалды шығындар орталықтары анықталынып алынады. Қызмет түрлері деп белгілі-бір іс-әрекеттерді жүзеге асыру арқылы шешілуге тиісті міндеттердің жиынтығын айтамыз. Көмекші өндірістің әдеттегі түрлеріне өндірістік кестені құрастыруды, жабдықтарды іске қосуды, материалдардың ішкі қозғалысын ұйымдастыруды, материалдарды сатып алуды, өнімдерді бақылауды, материалдар кірісінің есебін, жүкті экспедициялау және тұтынушылар тапсырысын өңдеуді жатқызуға болады. Өндірістік қызмет түрлері өнімдерді шығару мен жинауды қамтиды.


Яғни, функционалды жүйе мақсатты шығындарға келетін ресурстарды нақты есепке ала алады. Әдеттегі калькуляциялау жүйесінің шығындарды көрсету дәлдігі төмен, себебі бұл жүйе көмекші өндіріс шығындары мен мақсатты шығындар арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті көрсетпейтін шығын факторлары қолданылады.
Бүгінгі күні компаниялар өте көп ассортименттегі өнімдерді шығарады, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақы шығындарының мөлшері төмендеген, ал керісінше үстеме шығындар мөлшері артқан кезеңде, ақпаратты оның күрделілігіне қарамастан өңдеу мүмкіндігі артқан кезде үстеме шығындарды негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы негізінде бөліп тарату дұрыс емес деп қарастырылуда. Функционалдық жүйенің үлгісін келесі сурет 9 арқылы көрсетеміз.



Үстеме шығындар есебі

Бөліп таратудың



Функционалды шығын орталығы
N
(бөлімше)


Функционалды
шығын орталығы

2


Функционалды шығын орталығы
1

1-ші кезеңі
(шығындардың
ресурстық факторлары . . .
негізінде)


Бөліп таратудың
2-ші кезеңі
(шығындардың функционалды
факторлары негізінде)



Мақсатты шығындар (өнімдер, қызметтер, тұтынушылар)

Тікелей

шығындар

Сурет 9 - Шығындарды калькуляциялаудың функционалдық жүйесі


Осы суреттен функционалдық жүйенің негізгі ерекшеліктерін көреміз:


1) бұл жүйеде шығындар орталықтары әдеттегі қарағанда көбірек болады;
2) екінші кезеңде шығындар орталықтары да, шығындар факторлары өте көп.
Соған байланысты АВС жүйесі қолданысқа енгізіле бастады. АҚШ-да және Европада 1980 жылдардан бастап шығындар есебінің функционалдық жүйесі пайдаланыла бастады. Жаңа жүйенің қолданылуын бақылай отырып Купер және Каплан «шығындарды калькуляциялаудың функционалды жүйесі» деген терминді ұсынып, осы жүйенің негізгі қағидаларын көрсетті.[17, 331-361беттер]
АВС жүйесі туралы алғашқы мақалалар 1988 жылы шығарылды. Сол кездерден бастап шығындарды калькуляциялаудың функционалды жүйесі кеңінен қолданыла бастады. АВС жүйесінде әдеттегі калькуляциялау жүйесіне қарағанда қаралатын шығындар факторлары көбірек және әртүрлі. Әдеттегі жүйеде тек өндіріс көлеміне қатысты факторлар ғана қаралады, яғни, ресурстарды қолдану шығарылатын өнім санына тәуелді болады. Мұндай жағдайда шығарылатын өнім бірлігіне тәуелсіз факторлар ескерілмей қалады. Сол себепті әдеттегі калькуляциялау жүйесінде өнімнің өзіндік құны жөніндегі ақпарат біршама бұрмаланған болуы мүмкін.
Функционалды калькуляциялау жүйесінің жұмысын келесі төрт қада мтүрінде көрсетуге болады:
1. Ұйымда орындалатын негізгі қызмет түрлерін анықтаймыз.
2. Әр қызмет түріне қатысты шығындарды шығындар орталықтарына бөлеміз.
3. Негізгі қызмет түрлерінің әрқайсысы үшін шығын факторларын анықтап аламыз.
4. Қызмет түрлеріне қатысы бар шығындарды осы қызмет түрлеріне деген сұраныс негізінде өнім түрлеріне бөліп таратамыз.
Осы қадамдардың алғашқы екеуі шығындарды бөліп таратудың бірінші сатысын, қалған екеуі екінші сатысын көрсетеді.
Бірінші қадам: негізгі қызмет түрлері сәйкес талдау негізінде анықталады. Біртұтас қызметтің бөліктері ретінде сатылып алынатын материалдарды анықтау, оларды қабылдап алу және босатып беру сияқты қызмет түрлерін бөліп алуға және олардың әрқайсысы үшін өзінің шығын факторын анықтауға болады. Тұтыну коэффициенті нақты өнім өндірісі барысындағы қызмет түрінің үлесі болып табылады. Егер қызмет түрлерінің тұтыну коэффициенттері біркелкі болса, оларға бірдей шығын факторларын қолдануға болады.
Екінші қадам: Қызметтің негізгі түрлерін анықтап алғаннан кейін оларда тұтынылатын ресурстар мөлшерін анықтаймыз. Кейбір ресурстар нақты қызмет түріне қатысты болса, кейбіреулері бірнеше қызмет түрлеріне қатысты болуы мүмкін. Мұндай шығындар себеп-салдарлық шығындар факторлары бойынша қызмет түрлері арасында бөлініп таратылуы қажет. Мұндай факторларды ресурстық шығындар факторлары деп атайды.
Үшінші қадам: Әрбір шығындар орталығындағы шығындарды өнім түрлеріне апару үшін сәйкес шығын факторын таңдап алуымыз қажет. Осы кезеңдегі шығындар факторлары функционалды факторлар деп аталады. Мұндай фактор, біріншіден, әр орталықта жұсалынған шығындарды толық түсіндіруі қажет. Екіншіден, жеңіл бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет, яғни, мәліметтер жеңіл анықталатын және нақты өнімге апарылатын болуы қажет.
Қызмет түрлеріне қатысты шығындар факторларының өзін екі түрге бөлеміз:
1. Операциялық факторлар – өңделген сатып алу тапсырыстарының саны, өңделген тұтынушылардың тапсырыстарының саны, орындалған жабдықтарды іске қосу жұмыстарының саны, оларды бақылау-тексеру саны. Олар қызмет түріне қатысты бөлінетін уақытты көрсетеді.
2. Уақытша факторлар – қызмет түрінің жүзеге асырылуына қажетті уақытты көрсетеді. Мысал ретінде, жабдықты іске қосуға қажетті уақытты, немесе өнім сапасын тексеруге қажетті уақытты айтуға болады.
Төртінші қадам: Шығындар факторларының өнім түрлеріне қатысты бөлініп таратылуы. Шығын факторы өнімдердің жекелеген түрлеріне қатысты бағалау мүмкін болатындай етіп таңдалуы қажет.
Өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі жұмсалған шығындарды алынатын пайдамен өзара салыстыруға мүмкіндік беруі қажет. Күрделі функционалдық жүйелер бойынша алынатын өзіндік құн жөніндегі мәліметтің дәлдігі өте жоғары. Әдеттегі және функционалдық жүйелердегі өзіндік құн жөніндегі ақпаратардың дәлдігін салыстыру мақсатында келесі кестені құрастырамыз.

Кесте 6 - Әдеттегі және функционалдық жүйелердің сипаттамалық ерекшеліктері*



Әдеттегі калькуляциялау жүйесі

Функционалдық калькуляциялау жүйесі

Бәсекелестік деңгейінің төмендігі

Бәсекелестіктің интенсивтілігі

Жанама шығындар жалпы шығындардың аз ғана бөлігі болып табылады

Жанама шығындар жалпы шығындардың басым бөлігі болып табылады

Шығарылатын өнімдердің стандарттық ассортименті

Шығарылатын өнім түрлерінің әртүрлілігі

Тұтынылатын ресурстар мөлшерінің бірдей болуы

Тұтынылатын ресурстар мөлшерінің әртүрлілігі

*Дерек көзі: Друри, Колин Управленческий и производственный учет.Вводный курс:учеб.для студентов вузов/К.Друри.- 5-ое изд., переаб. и доп. – М.:ЮНИТИ-ДАНА,2005.-735с.

6-шы кестеден әдеттегі және функционалдық калькуляциялау жүйелерін қолданған жағдайлардың ерекшеліктерін көріп отырмыз.


Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың функционалдық жүйесін қолдану әртүрлерлі елдерде өз ерекшеліктері бар. Мұндай ерекшеліктер ең алдымен әдеттегі калькуляциялау жүйесі мен функционалдық калькуляциялау жүйелері арасындағы айырмашылықтарды ажырата алмаумен байланысты.
АВС жүйесінің қолданылуы тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді, себебі бұл жүйеде тұрақты үстеме шығындар есепке алынады. Олар тұрақты болып табылмайды, себебі, олардың мөлшері тек өндіріс көлеміне ғана қатысты емес, бірнеше басқа да факторларға қатысты өзгеруі мүмкін. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың функционалдық жүйесін келесі сурет ретінде көрсетуге болады (сурет 10).

Шығындарды бөліп тарату



Ресурстар



Өндіріс процесі

Қызмет түрлері



Шығын факторлары

Қызмет көрсеткіштерін бағалау



Мақсатты шығындар

Сурет 10 - Өнімнің өзіндік құнын калькуляцияаудың және шығындарды басқарудың функционалдық жүйесі


Шығындардың өзгеруіне әсер ететін факторларды зерттеу және оларды өнім түрлері арасында бөліп тарату арқылы өнімнің өзіндік құнының дәл анықталуы қамтамасыз етіледі. Ұйым өзінде қолданылатын калькуляциялау жүйесін әлдеқайда күрделісіне алмастыруы үшін осы жүйені жетілдіруден алынатын маржиналды пайда оған жұмсалатын шығындар мөлшерінен артуы, яғни, шығындар мен пайда өзара теңесуі қажет. Калькуляциялаудың күрделі жүйесі интенсивті бәсеке жағдайында қызмет атқаратын, жалпы шығындар ішіндегі үстеме шығындарының үлесі жоғары, шығарылатын өнім ассортименті көп түрлі және тұтынылатын ресурстарының көп түрлілігімен ерекшеленетін ұйымдар үшін тиімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет