1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері



бет124/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

126 «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.
Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел идеясы» Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан.
Елбасының «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілген Мәңгілік Ел — ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Елімізде тек экономикалық тұрақтылық қана емес, сонымен қатар қоғамның рухани дамуы да көтерілді. Біздің мемлекетіміз Орталық Азия елдері ішіндегі экономикалық нормаларды табысты жүзеге асырып, ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап келе жатқан мемлекеттердің бірі.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениет. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады…» деген сөзі Қазақстан мемлекетінің қашан да ұлттар арасындағы татулық, тең құқықтық, толеранттықты көздей отырып ұлттық рухтың күшеюін қолдайтындығын айғақтайды [1].
Өткен уақыт мәдениеті – халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен жолы, болашағының сатысы. Ендеше бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау жан-жақты ойлауды қажет етеді.
Мәдениет философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарынан тұрады. Сондықтан да мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті болатыны сияқты халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды жасауға болмайды. Керісінше мәдениеттің нақтылы тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшелікті білдіреді.
«Мәдениет туралы» ҚР Заңы еліміздегі мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңындағы 6-тарауынның 32-бабында мәдени құндылықтар жайлы айтылған:
археологиялық олжалар (кәдуiлгi және құпияларын қоса алғанда) және археологиялық жаңалықтар;
өсiмдiктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияның сирек коллекциялары мен үлгiлерi және палеонтология үшiн қызығушылық тудыратын заттар;
ғылым мен техника тарихын, соғыстар және қоғам тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет пен өнер қайраткерлерiнiң, ойшылдардың, ғалымдардың және артистердiң өмiрiмен және iрi ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар;
жекелей немесе коллекциялардағы, айрықша қызығушылық тудыратын сирек қолжазбалар, көне кiтаптар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби), құжаттар және басылымдар;
жекелей немесе коллекциялардағы почта маркалары, салықтық және осы тәрiздi маркалар;
қорытпасына немесе дайындалған металына қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тиындарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттердiң дайындалғанына жүз жыл болмаған тиындарын қоспағанда, тиындар, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар;
көне және бiрегей музыкалық аспаптар;
дыбыс, фото, бейне, кино мұрағаттарын қоса алғанда, мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;
тарихи-мәдени маңызы бар өнер туындылары;
этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар;
айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз жылдан асқан көне заттар;
Қазақстан Республикасы халқының өмiрiндегi тарихи оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен, ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ көрнектi ғылым, мемлекет, мәдениет қайраткерлерiнiң өмiрiмен байланысты объектiлер жатады.
Осы заңда көрсетілген мәдени мұрамызды сақтау мен тиімді пайдалануды мақсат еткен, Елбасы тарапынан қолдау көрсетілген «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламалар табысты нәтиже көрсетуде.
«Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға, жаңғыртуға және тиімді пайдалануға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігінен туындаған.
Бүгінгі бүкіл даму-үрдістерінің жалпыға бірдей жаһандану және модернизацияның заманындағы кез келген мемлекет, қоғам, халық үшін ұлттық (этностық) Өрлеудің жандануына бағытталған өзінің шынайы ашық мәдени саясатын тиімді түрде іске асыру әрі құрастыру – бірінші кезектегі мәселе. Сонымен қатар ол жаһандану мен модернизацияның ең маңызды (гуманистік) элементтерін өз бойына сіңіре білу қажет. Өркениеттің гуманитарлық диалогының қарыштап дамып жатқан ғаламдық үрдістерінің арасында Қазақстан өзінің мәдениетін біліп, қадір тұтып қана қоймай, жаһан мәдениетінің негізін біліп, құрмет тұтатын әрі үзеңгілес диалог жүргізіп, мәдени мұраларымен алмаса білетін тең дәрежелі әріптес ретінде де өз орнын алды.
Тарихсыз, мәдениетсіз, дәстүрсіз ел болмайды. Мәдениет — бір тұтас құбылыс. Мәдениетті екі тұрғыда қолдануға болады:
мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде;
мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салалары ретінде. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.
Жалпы мәдениеттің құрылымын екі үлкен бөлік ретінде қарастыруға болады:
материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты;
рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты.
Халықта бар тарих пен мәдениетті сақтау, ұрпаққа жеткізу – ел парызы. Азаматтардың ұлттық-мәдени бiрлестiктерге қатысуы, шетелдердегi отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуі, ұлттық және мәдени өзiндiк ерекшелiгiн қорғау мен дамытуы қамтамасыз етіледі.
Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, академик Карл Байпақов: «Мәдени мұраның затты блогы халықтың материалданған жады іспеттес. Осы блоктың маңызды бөлігі археологиялық мұралардан тұрады. Өркениетті елдердің бәрі де мәдени мұралардың барлық түрін сақтап, пайдалануға үлкен көңіл бөлуде…».
Археологиялық мәдени мұралардың негізгі құрамдас бөлігі бар. Оның біріншісі, өзіміздің ежелгі тарихымызды білу. Бұл бағытта әлі де ашылмаған құпиялардың бар екені аян. Археологиялық мәдени мұраның екінші маңызды бөлігі біздің еліміздің аумағында алғашқы мемлекеттің қашан пайда болғанын анықтау. Есік, Шілікті, Қырқабат бойларында жүргізілген қазба жұмыстары Қазақстанның аумағында алғашқы мемлекет VІІІ ғасырдың өзінде құрылғанын дәлелдеп отыр. Әсіресе, Есік қорғанынан табылған мұралар ондағы мәдениеттің өте жоғары, әлемдік деңгейде болғанын көрсетеді. Сондай-ақ археологиялық мұралардың арқасында Арал бойы мен Алтайда сақтардың, Батыс Қазақстанда сарматтардың мемлекеті болғанын айғақтайды. Қаңлылар, үйсіндер мемлекеттері туралы ғылыми деректер осы бағдарламаның арқасында арта түсті. Сарыарқада дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда-ақ мемлекет болғаны дәлелденген. Астананың орнында Бұзоқ мемлекеті болған, ал Алматы қаласының тарихы мың жылдан да ұзақ екенін дәлелдеу жұмыстары да осы бағдарламаның арқасында өрістей түсті. Талғар қаласының орнында сапалы болат қорыту орны болғаны да ашылды. Өкінішке орай, тек оның технологиясы ғана сақталмаған. Аралдың табанында да екі қаланың болғаны расталды. Археологиялық мәдени мұраның үшінші маңызды бөлігі, туризм индустриясын дамытуға мұрындық болу. Қазірдің өзінде Отырар, Түркістан, Шымкент, Сайрам, Алматы, Тараз және орталық пен солтүстікте Астана, Бұзоқ, Ботай, т.б. бағыттарында туристердің қызығушылы¬ғын тудыруға мүмкіндік бар [3].
Өткенді зерделемей, мықты мемлекет бола алмаймыз. «Халық тарих толқынында» бағдарламасының негізгі мақсаты – тәуелсіз мемлекеттің қазіргі заман тарихын зерделеу. Халықтың тарихи дүниетанымын ұлттық тарихымыз арқылы кемелдендіру, әрі әлемдік тарихнамадағы сан ғасырлық қазақ тарихының көкжиегін кеңейтудің аса маңыздылығы — мемлекетіміздің алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі.
Ұлт тарихы – ұлт мүддесі. Ендеше Елбасы ұсынып отырған – «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы халық санасын жаһандық ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу ғана емес, жеке адамның біліктілік бәсекесіне төтеп беретін өзіндік даму зердесі деңгейін қалыптастыру арманынан туындайды.
Уақыт талабы – заманауи тарихи сананы жаңғыртуға қалың көпшіліктен бастап ғалымдарға дейінгі жұртшылық атсалысуы қажет екендігін ескертуде. Сондықтан да бұл өмірлік мәні бар тапсырманы әрбір отаншыл қазақ пен қазақстандық менің болашағым үшін қажет дегенде ғана жүзеге асыра алады. Бұл мәселеде кәсіби тарихшыларға жауапты жүк артылып отыр.
Бұл бағдарламада Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы жүзеге асыруға жағдай жасау, қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру қарастырылған.
«Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы», – деді Марат Тәжин.
Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы.
«Тарих – барлық ғылымдардың атасы» десек, артық айтқандық бол¬майды. Халқымыздың тарихын ұлықтауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Әсіресе, тәуелсіздік тарихын жазуда Мемлекет басшысының еңбектері мен сөйлеген сөздерін басшылыққа алудың маңызы айрықша болып отыр.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылдағы Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттары қамтылған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.
Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты – ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей — болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.
Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие.
Қазақстанның ұлттық тарихының көкжиек аясын кеңейту қажет. Біз ұлтымыздың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырғанда ғана өзіміздің одан әрі өсіп өркендеуімізге даңғыл жол саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет