1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет18/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88
34.Қазақ хандығы XV-XVI ғғ.
ХVІ ғасырдың басы Қазақ хандығының нығаю кезеңі болды. Бұл уақытта Шайбан ұрпақтары оны құлату мақсатымен бірнеше жорықтар ұйымдастырды. 1510 ж. Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға қарсы үлкен жорығы ұйымдастырылды.
Ол басында сәтті болғанымен Шайбан ұрпақтарының әскерлерін Қасым хан әскерлері талқандады. Бұл жорық Мұхаммед Шайбанидың қазақтарға қарсы соңғы жорығы болды. 1510-1520/21 жылдар Қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы дәуірлеу кезеңі болып табылады. 1521 ж. Қасым хан өлгеннен кейін қазақ мемлекетінің әлсіреу кезеңі басталды, көршілестермен болған соғыстарда хандық кейбір жерлері мен адамдардан айырылды. 1537 ж. Санташ шайқасында қазақтар моғол-өзбек әскерлерінен үлкен жеңіліс тапты. Тек ХVІ ғ. 50-ші жылдары билікке Қасымның ұлы Хақназар ханның келуімен қазақ мемлекеттігі қайта нығая бастады. Хақназар хан мен Шығайдың аз уақыт басқаруынан кейін, Тәуекел хан Қазақ хандығын нығайтуды жалғастырды. 1589/99 жж. Ол Орта Азияға Шайбан ұрпақтарына қарсы жорық жасап, жетістіктерге жетті. Осындай бір шайқастарда Тәуекел хан жарақат алып, қайтыс болады.
35. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары және тарихи маңызы.
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет