38.Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы. 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
39.XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаcы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты