1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу



бет69/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

97) ҚР Мемлекттік шекарасы – Қазақстан территориясындағы құрлықтың, судың, жер қойнауының жəне əуе кеңістігінің шегін анықтайтын түзу сызық, сол сызық арқылы өтетеін жазықтық.
ҚР-ң мемлекттік шекарасы жергілікті аймақтарда нақты көрінетін шекаралық белгілермен белгіленеді. Шекаралық белгілердің түрлері,өлшемдері,олардыңсипттамасы мен құру тəртібі ҚР Министрлер кабинеті мен халықаралық шарттар арқылы анықталады[5]
ҚР-ң мемлекеттік шекараға байланысты қабылдаған халықаралық шарттар:
1. "Достастыққа мүше мемлекеттердің, олардың сыртқы шекарасында тұрақтылық жағдайды қамтамасыз етуіне байланысты ынтымақтастық туралы келісім". Бішкек, 1992 ж. 9 қазан
2. "Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше- мемлекеттердің егемендік, территорияның мызғымастығы мен қол сұқпаушылығын сақтау жөнінде Декларация", Мəскеу, 1994 ж. 15 сəір.
3. "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекаралары жөніндегі ҚР мен ҚХР арасындағы келісім". Алматы, 1994 ж. 21 қазан.
4. "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шеараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы шарт", Мəскеу, 1994 ж. 21 қазан.
5. "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шеараны БІРЛЕСІП ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 1995 ж. 30 шілде 6. "ҚР мен Өзбекстан Республикасы арасындағы " Қазақстан- Өзбекстан " шекарасы ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 2001 жыл.делимитация – Мемлекеттік шекараның шектес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша халықаралық шартта белгіленіп көрсетілген жəне шартқа қоса тіркелетін карталарда графика түрінде бейнеленген жағдайлары мен бағыттарын айқындау;
демаркация – жергілікгі жерде делимитация туралы халықаралық шартқа сəйкес Мемлекеттік шекараны айқындау жəне оны тиісті шекара белгілерімен белгілеу;Мемлекеттік шекараны қорғау – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне Қазақстан Республикасының шекаралық саясатын іске асыру жүйесінің құрамдас бөлігі;
98)Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, əлеуметтік əділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық əл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тəуелсіз, гүлденген жəне саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: Ұлттық қауіпсіздік Аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тəуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік жəне мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жəрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен жəне дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды. Ішкі саясаттың орнықтылығы жəне қоғамның шоғырлануы Бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан əрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің жəне барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, əлеум. мəселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дəулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті əлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық жəне монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық жəне табиғи қорды өндіруді одан əрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы жəне игілігіАзаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу жəне салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мəселелерін қамтиды.Энергетикалық қорларТұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің жəне оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия жəне қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға жəне оның əлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету жəне бəсекеде тəуелсіз болу мəселелерін шешу.
Инфрақұрылым(көлік жəне байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің əлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету жəне Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кəсіпқой мемлекет Іске шын берілген жəне елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.Стратегия пайда болу себебіПрезиденттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың жəне үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың əдістері мен тəсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа жəне ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың əл-ауқатын жақсартуға жəне ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экономикалық жəне саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бəсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан əрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды əділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, əйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет