1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Үйсіндердің саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті



бет7/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

9. Үйсіндердің саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті. Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.Үйсін мемлекетінің патшасын гуньмо деп атаған.Қытай деректерінде «Шығысында ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі» деп суреттейді. Үйсіндердің малдарының құрамында жылқыдан басқа қой және сиыр, қос өркеш түйе, есек, ешкі де болған. Үйсіндер жануарлардың терісін илеп, аяқ киім, тері шалбар мен атәбзелдерін дайындаған. Таптық қоғамда байлықты жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім. Олардың біріншісіне – мал, қол өнер бұйымдары, тұрғын үй тағы басқалар, ал екіншісіне – жер, жатқызылады. Жылжымалы мүлік ертерек жекеменшік түрлеріне айналды, өйткені ол айырбас жасауға мүмкіндік берді. Мұның өзі, әсіресе, көшпелі тайпаларда, соның ішінде Жетісудағы үйсіндердің белгілі бір топтарында мал түріндегі байлықтың жинақталып, мүлік теңсіздігінің дамуына себепші болды.
10. Ғұндардың саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті. "Халықтардың ұлы қоныс аударуы"Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген. Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған. Тайпа көсемдері жылына үш мәрте: Наурызда, жаз ортасында және күзде тайпааралық дауларда жайластыру үшін және ата-баба аруақтарына арнап құрбандық беру ғұрпын атқару үшін жиналатын. Ата-бабаны қастерлеу ғұндар идеологиясының негізі болды. Тәңрі-құт көсемдердің молаларын тонап кету ғұндар үшін ең қатерлі қорлық саналып, соғыс басталуына себеп болатын.Ғұндар егіншілікпен де айналысқан. Олардың үйлерінен астық сақтайтын ұралар табылды. Ал еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездеседі. Ғұн шеберлері ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан жасаған. Cүт, қымыз, айран сияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды. Көшпелілер алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғалымдар б.з.б. 7 ғасырға жататын безендірілген алтын заттар тапқан. “Полихромдық стиль” өнерінде әшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған. Бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді зерлеу деп атаған.
Тарихтағы “Ұлы қоныс аудару” Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғүндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті. Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа карай жылжуы б.з.д. 2 ғасырдан басталып, б.з. 4 ғасырына дейін созылған. Бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл құбылысты Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды. Бұл оқиға әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, каңлы сиякты тайпалардың шығыстан батысқа карай орын ауыстыруына әкелді. Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн билеушісі Аттила (Еділ) кезінде болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет