4. Мезолит кезеңіндегі Қазақстан. Археологиялық ескерткіштері. Шаруашылығы мен мәдениеті. Палеолиттен мезолитке өту кезеңінде жер бетінде үлкен табиғи өзгерістер орын алды. Осыдан 13 мың жыл бұрын жер бетінде күрт жылыну басталады. Мезолит дәуірінде ауа-райы өзгеріп, мұздықтар еріп, күн жылынды. Баяу қозғалатын мамонт, мүйізтұмсық сияқты табын-табын болып жүртін, ірі аңдар жойылып, жылдам жүгіретін, ұсақ аңдар пайда болды, адам саны да көбейді. Жер бетін басып қалған мұз еріп, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады. Палеолитте адамдар бір орында ұзақ тұрса, мезолитте олар мекен еткен жерлерін үнемі ауыстырып отырды. Мезолит заманының адамдары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Адамдар бір тұрақта тек бір немесе екі маусым тұрақтайтын. Бұрын табынымен жүретін аңдарды ұраға жығып, қаумалап ұстау әлдеқайда жеңіл еді. Енді некен-саяқ, жеке жүретін бұғы, қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды. Олар аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп, аңдардың соңынан еріп, жиі қоныс аударып отырды. Аң аулаудан кейін мал өсіру қалыптаса бастады. Ежелгі аңшылар жас төлдерді өлтірмей, оларға сырғауылдардан мықты қоршау орнатып, қорада өсіре бастаған. Осылайша қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді. Алғаш қолға үйретілген жануар – ит. Сөйтіп мезолит дәуірінде мал шаруашылығы пайда бола бастады. Терімшілікпен шұғылданып жүрген әйелдер жұмсақ топыраққа түскен дән қалдықтарының уақыт өте келе өсіп-өнетінін байқады. Осыдан кейін олар қопсытылған жерге дән қалдықтарын сеуіп кететін болды. Осылайша егіншіліктің алғашқы белгілері біліне бастады. Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты. Ер адамдар аң аулаумен, ал әйелдер терімшілікпен айналысты. Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау (инициация) ғұрпы арқылы жүзеге асырылып отырды. Мезолит заманының үлкен жаңалығы микролиттер болды, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. Микролит деген сөздің мағынасы ұсақ тас дегенді білдіреді. Адамдар сүйектен, мүйізден құралдар жасауды үйренді. Сүйек пен мүйізден садақ жебелері, балық аулайтын түрлі шанышқылар, қармақ ұштары, біз, тебен инелер жасалды. Мезолит заманының тағы бір басты жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы болды. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Бұрын пайдаланған найзаларға қарағанда садақ аңшылықтың рөлін арттырды. Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеді. Олар баспананы жеңіл қос сияқты ағаштан айқастырып құрып, оның үстін аң терісімен жапты. Осындай қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын баспана Есіл өзенінің аңғарынан табылған. Бүгінгі күнге дейін мезолит дәуірінің жиырма ескерткіші табылған. Бұл дәуірдің тағы бір жаңалығы адамдар осы кезден бастап балықты тамақ ретінде жиі дайындай бастады.
Өнердің көне ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе, Жетісу, Баянауыл, Қарқаралы, Маңғыстау, Қаратау, Шыңғыстау, Іле Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларында жартас гравюралар жиі кездеседі
Шаруашылығы: “Мамонттық ” жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттілігін туғызды. Ұсақ жануарларға аңшылық етіп, итпен жеке аңшылық ету қалыптасты. Кейбір аймақтарды егіншілік пен мал шаруашылығы элементтері пайда болып, ал кейбір жерлерде балық аулау мен аңшылық қалыптасты.
Шаруашылықта болған өзгерістер қауымның бқлшектенуіне әкеп соқты, яғни қауымда 30 –дан 100 ге дейін адамдар болды.
Еңбек құралдары: жебелі садақ пен бумеранг. Еңбек қүралдарын жасауда қыстырма техникасы қолданылды. Бұл техника бойынша заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілген. Осындай сапқа бекітудің негізінде кез-келген еңбек құралын дайындауға болатын еді. Мысалы: жебелердің, шанышқылардың, найзалардың ұштары, тері өңдеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, сүйек пен ағашты өңдеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар.
Ескерткіштері:
1. Солтүстік Қазақстанда – шағалалы мәдениеті (Виноградовка – 2а,12 тұрақтары)
2. Орталық Қазақстанда - Әкімбек, Қарағанды – 15 тұрақтары
3. Оңтүстік Қазақстанда – Жаңа шілік, Маятас тұрақтары
4. Батыс Қазақсстанда – Дүзбай – 6, Дачная, Евгеньевка тұрақтары