1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары



бет11/23
Дата03.05.2023
өлшемі52,29 Kb.
#89408
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
77 сурак

Қазақ – ырым-тиым арқылы ұрпақ тәрбиелеп, ата салтын жаңғыртып отырған халық. Жалпы көшпелі халықтың қатты ырымшыл болатыны белгілі. Жаман ырым болмайды. Ырымдай алмайтын адам болады. Жақсы ниеттен туған жақсы амал есептелетін ырымшылдық таза сенім мен талғар түйсікке жетелеп, рухани тегімізге жақындататыны ақиқат.
Ырымға сенбейтін адам болмайды. "Сенбеймін" деген адам да басына іс түскенде өзі іздеп табады. Ырым (ғұрып) жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы шешен болсын деп аузына түкіру,отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар.
Мұра дегеніміз – жеке адам жақын адамдарынан қайтыс болғаннан кейін оларға қалдыратын мүлік. Мұрада ақша қаражаттары, акциялар немесе облигациялар сияқты инвестициялар және зергерлік бұйымдар, автомобильдер, өнер, антиквариат және жылжымайтын мүлік сияқты басқа активтер болуы мүмкін. Болашаққа "Мұра" дегеніміз — тек қана бұрынғылар қалдырған жәдігерліктер емес, сол мұраны түсіне алатын бүгінгілер санасы да.
Дәстүр[1] - (лат. traditio - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады.[2] Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше. Қоғамдағы даму салдарынан Дәстүр рөлі біршама төмендейді. Олардың қоғамдық қызметтері индустриалды қоғамға қарағанда, индустрияландыруға дейінгі қоғамда едәуір кең болды. Дәстүр - әдет-ғұрыпқа қарағанда ауқымды құбылыс. Дәстүр рөлін әлеуметтік тұрғыда бағалау нақты түрде жүргізілуі керек. Дәстүрді елемеуге болмайды, ойткені ол қоғамның тарихи дамуының сабақтастығының бұзылуына әкеп соқтырады. Сондай-ақ дәстүрді мүлде шексіздендіруге де болмайды, өйткені ол қоғамның ескірген тұстарын сол қалпында сақтап, оны тұралатып, тоқырауға ұшыратады. Саясаттың ғылымы мен өнері дәстүр мен жаңалықты үйлестіріп, оңтайлы жолын табуда жатыр. Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет