1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары


Маңғыстаудың ғұрыптық сәулет өнерінің негізгі түрлері



бет13/23
Дата03.05.2023
өлшемі52,29 Kb.
#89408
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
77 сурак

41.Маңғыстаудың ғұрыптық сәулет өнерінің негізгі түрлері
Маңғыстау ескерткіштері, негізінен, үш топқа бөлінеді: бекініс орындары, діни құрылыстар, қабірге қойылған мемориалдық ескерткіштер. Ескерткіштер монументтік, күмбезді және кіші (қатардағы) түрлерге бөлінеді. Ең көп кездесетіні — құлпытастар, “қойтас” тәрізді қабіртастар, сандықтастар.
42.Қазақ тұрмысына дәстүрге айналған киіз бұйымдарының негізгі түрлері
Ең алдымен, киіз бұйымдардың әртүрлілігін және өте мол екендігін айту керек, олар: баскимдер, шекпендер, ұзын шұлықтар, тұрғынжайдың киіз жабулары, еденге төсейтін және қабырғаға ілетін кілемдер, ер-тоқым жабулары және т. с. с. Аталған көне бұйымдарда көзге түсетін ерекшелік сол, бір бұйымда бірнеше материал (былғары, тері, киіз, мата, ат қылы, қола және алтын жалату - плакировка) және түрлі технологиялық тәсілдер (мозаика, аппликация, тігіс салу, кесте) араласып жатады.
43. Дәстүрлі кілем тоқу өнерінің шығу тарихы мен түрлері
Осы көркем далаға жарасымды сән қосқан ұлтымыздың қазыналы мәдениетінің көп екені белгілі. Солардың ішінде әр шаңыраққа көрік берген, төрін құлпыртқан қазақ кілемдерінің алар орны ерекше. Ол - қазақ халқының көне заманнан бері келе жатқан дәстүрлі үй мүлкінің ең көрнектісі.
Кілем - әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді.
Кілемдердің шығу тарихы тереңде жатыр. Оның алғашқы түрлері қазақ топырағында, Алтай тауы маңындағы қола дәуіріне жататын Пазырық обаларынан табылған. Қазақ кілемдері өндірілген жеріне қарай - Торғай, Қызылорда, Алматы, Жамбыл кілемдері, ру үлгілеріне қарай-қыпшақ кілемі, адай кілемі, керей кілемі, қоңырат кілемі, үйсін кілемі, қосалқы белгілеріне қарай - шашақты, оқалы кілем деп те аталады.
Халқымыздың қолдан кілем тоқу өнерінің дамығанының бір айғағы 1963 жылы есеп жүргізілгенінде, қазақ жерінде кілемді қолөнер әдісімен тоқитын белгілі 176 шебер бар болып шыққан. 1936 жылдан бері ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді көздейтін Алматы кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда кілем қолмен де, машинамен де тоқылған.
Этнографтардың пайымдауынша, қазіргі түркі халықтарының кілем үлгілерінде ортақ ұқсастықтар бар. Солардың ішінде қазақ кілемдерінің арғы төркіні байырғы сақ, ғұн, қыпшақ өнерінің мұралары болып саналады.
Кілем өндіру үрдісі екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады. Біріншісі - қолмен кілем тоқу, екіншісі - машинамен кілем жасау. Қолмен кілем тоқу ағаштан жасалынған тоқыма станоктарында атқарылады. Қолмен тоқылған кілемдер өте берік болып, кейде жүз жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады. Қолдан түкті кілемді тоқығанда оған қажетті заттар: жүн (қойдың, ешкінің, түйенің), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет