23.Қазақстандық кәсіби мүсін өнерінің даму ерекшелігі Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін – Балбал тастар. Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді Мүсіндеменің ерекшелігі – жасалу тәсілі мен пайдаланатын шикізатына байланысты болады. Мүсін өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Болат Сапарұлының осы салада жүргеніне 50 жылдан асқан. Бала күнінен суретке деген ерекше қабілетін қазақтың тұңғыш мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаев байқап, осы салада білім алуына кеңес береді.
Хирург болуды армандаған бозбала білікті маманның сөзіне құлақ асып, мүсін өнеріне келеді. Міне, содан бері Болат Сапарұлы бос уақытын шеберханада өткізеді.
«Шеберханада мүсіннің тек үлгісін жасау ыңғайлы. Жұмыстарымның ішіндегі ең үлкені Петропавл қаласындағы Қарасай Ағынтай батырдың ескерткіші және Астанадағы Республика көшесінде орналасқан Абай ескерткіші»,-дейді шебер.
Болат Сапарұлы шығармашылықпен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында академиялық сурет сабағынан дәріс береді. 45 жылдан бері шәкірт тәрбиелеген мүсіншіні осы саланы таңдаған жастардың көбеюі қуантады.
24.ХХ ғасырдағы Қазақстандағы сәндік-қолданбалы өнердің дамуының негізгі кезеңдері Қазақтың қазақ болуы өз елінің , өз жұртының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жетік білуінен басталады. Ерте кездегі авторлардың (Геродот, Ктесий, Страбон) айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сактар мен массағаттапрдың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдеріәшекейленген. Қазақ қолөнерінің бір түріне зергерлік өнері жатады, ол өте ерте заманнан келе жатқан өнер.Оларға: шолпы, шашбау, білезік, сақина, жүзік, сырғаларды асыл тастармен әшекейлеудің асқан шебері болған халық. Оны барлық халықтар жоғары бағалап, ең қалаулы өнер етті. Тарихи этнографиялық музейлердегі, археологиялық сәнді бұйымдар мен қарулар, ыдыс-аяқ, теңге –моншақтар алтын мен күмістен және асыл тастардан жасалған қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдіре берген. Шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған қазақ халқының да ұлттық мәдениеті, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері – жан-жақты зерттеуді қажет ететін бағалы, ққұнды мұра.