5. Қазіргі қазақ кескіндемесінің перспективалық бағыттары. Бүгінгі таңдағы қазақ бейнелеу өнері – әбден толысқан, жоғары деңгейде шыңдалған, толымды өнер. Осы дәрежеге жету үшін де еліміздің мәдени өмірінде, небір күрес пен ізденіске толы процестер жүрді. Еліміздің егемендік алуымен шығу тегімізге, тарих пен өткен мұраларымызды қайта тануға деген белсенділік те артты. Бірақ көп суретшілер замана өзгерістерінің ба¬йыбына бара алмай аңтарылып қалғаны да рас. Қазақ бейнелеу өнері қалай дамуы керек деп, бағыт ала алмай тұрған өліара тыныштық орнаған кез еді.
Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнері XX ғасырдың 20¬30 жылдарында еуропалық көркемөнер дәстүрінің, техникасы мен технологиясының негізінде қалыптасты.
Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстетикалық ләззат береді. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да Кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматта береді.
Кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суретші шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымын тауып бейнелеуде Кескіндеменің тіліндей нәзік те өткір де тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі масаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суретшінің қыл қаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.
Қорыта келсек, кескіндемені біз күнделікті өмірімізде кез келген жерден көре аламыз. Және де адам өмірі кескіндемесіз еш мән мағына бермейді деп те айтуға болады. Себебі, біздің күнделікті үйдегі болсың, жұмысымыздағы болсың заттардың бәрі кескіндемеден тұрады және ол көркемдеп тұрады.