1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау. Қазақстанда Парламентаризмнің даму ерекшеліктерін талдаңыз



бет25/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

54. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау. Қазақстанда Парламентаризмнің даму ерекшеліктерін талдаңыз.
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып табылады. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілеттілігін ұлғайту жөнінде елеулі өзгерістер енгізілді
. Негізі парламентаризмнің үлгісі Ұлыбританияда пайда болып, қалыптасқаны белгілі. Еуропаның көптеген елдерінде парламентаризмнің дәл британдық үлгісі қайталанды деген пікір ғылыми әдебиетте берік орын алған. Бұл елде пайда болған парламентаризмнің негізгі элементтері тек парламенттік монархияларда ғана емес, сонымен бірге парламенттік республикаларда да орын алды. Осыдан барып парламентаризмнің ағылшындық теориясының осы саланы зерттеуші саясаттану және заң ғылымдарының өкілдеріне да әсер-ықпалы мол болуы табиғи да түсінікті мәселе.
Қазақстандық парламентаризмнің қалыптасу жолы күрделі болды, бірақ ол өз бойына әлемдік және отандық тәжірибенің жақсы үлгілерін жинақтап, оларды қазіргі саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік салалардағы жағдайларға бейімдей алды.
Қазақстандағы парламентаризмнің нақты жағдайы мен тәжірибесіне объективті талдау жасау үшін басқа елдердің ғалымдары парламентаризмнің табиғаты мен деңгейін анықтаудың басты өлшемі етіп алған «басты», «жетекші», «артықшылықтар» деген анықтамалардан бас тартып, оның орнына парламентаризмді, парламентті мәнді саяси және идеологиялық рөл атқаратын мемлекеттік жүйе ретінде қарастырса — онда біздің еліміздегі саяси-мемлекеттік құрылысқа, биліктердің ажыратылу ісіне де «парламентаризм» деген түсінікті қолдану орынды бола ма дейміз? Осы авторлардың парламент жетекші рөл атқармайтын елдер үшін «шектеулі парламентаризм» деген түсінікті енгізу жөніндегі пікірі көңілге қонымды. Сол арқылы парламентаризмнің нақтылы орны мен деңгейін талдау, біздің пікірімізше, әсіресе, презвденттік басқару пошымындағы елдердегі парламентаризм деңгейін анықтауға нақты перспектива беретін ғылыми категория деп есептейміз. Біздің пайымдауымызша, қазіргі жағдайда таза парламентаризм туралы айту өте қиын. Ол тек парламенттік үстемдікті қамтамасыз ететін мемлекеттік режим жағдайында ғана болатынын есте ұстау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет