1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуінің тарихи маңызын ашыңыз



бет28/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

57. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуінің тарихи маңызын ашыңыз.
Еліміздің мұратына айналған Мәңгілік ел идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.
Мәңгілік ел идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің негізгі мақсаттары:
-тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын паш ету;
- қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуы үшін топтастырудың өзегі болып табылатын "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын ілгерілету;
-бірегейлік пен бірлікті нығайту;
-ел үшін мақтаныш сезімін нығайту;
-мемлекеттің басты стратегиялық міндетін іске асыру - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне еліміздің барлық азаматтарын тарту.


58. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтар: Қазақстан – әлем мойындаған ел. SWOT талдау жасаңыз.
Күшті жпқтары: 1990 жылдардың басында Қазақстан сыртқы саясатта айшықты жетістіктерге жетті. Қазақстанның егемендігін әлемнің барлық елдері және халықаралық ұйымдар мойындады, көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты, әлемдік қауымдастықтағы беделі артты, екіжақты байланыстар дами бастады. Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен ұсынылған ынтымақтастық жобалары үлкен резонанс тудырды, елдің халықаралық аренада қолайлы имидж қалыптастыруынажағдай жасалды. Алматы және ел ордасы Нұр-Сұлтанда 70-тен астам елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелді. Әлемнің 150-ден астам елінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері ашылды және 70 халықаралық ұйымның мүшесі атанды.Мемлекет басшылығы сыртқы саясат арқылы жетекші елдердің қолдауына сүйеніп, саяси-экономикалық, ивестициялық байланыстарын кеңейтуге жағдайлар жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет