1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз



бет53/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

100. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз.
Жоспарлы экономика
Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.


КСРО-да 1921 жылы тоталитарлық қоғамның негізгі экономика мақсаттарын жоспарлаушы экономика орган – Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы (1947 жылдан Мемлекеттік жоспарлау комитеті) құрылды. Оған халық шаруашылығын жоспарлау, шаруашылық жоспарларының орындалуын бақылау, одақтас республикалардың жоспарларын үйлестіру және жоспарлы көрсеткіштерді аумақтық және салалық ауқымда өзара сәйкестендіру міндеттері жүктелді (қ. Бесжылдықтар). Қазақстандағы Жоспарлау комитетінің құрылымы республика халық шаруашылығының барлық салаларын жоспарлауды және жоспарлардың орындалу барысына бақылау жасауды қамтитындай етіп құрылды (1921 жылы Қазақ АКСР Жоспарлау комиссиясы болып құрылған). Айталық, халық шаруашылығын шикізат көздерімен қамтамасыз етуді геология бөлімі жоспарлады; өндіргіш күштердің орналастырылуын, облыстарды, өнеркәсіп тораптарын кешенді дамытуды аумақтық жоспарлау бөлімі үйлестірді; халықты тұрғын үймен, коммуналдық, сауда, тұрмыстық, мәдени-ағарту, дәрігерлік мекемелерімен қамтамасыз етуді тиісті салалық бөлімдер жоспарлады; материалдық-техника жабдықтау мәселелері материалдарды, отынды, жабдықты, машиналарды бөлу жоспары мен баланс бөлімінде жинақталды; халық шаруашылық жоспарының, күрделі қаржының, еңбек пен жалақының, қаржы мен өзіндік құнның жиынтық бөлімдері осы салалар бойынша жалпы республикалық жоспарлар жасады, жоспарлардың салалық және аумақтық жағынан үйлестірілуін қамтамасыз етті, жоспарларды жасауға қажетті көрсеткіштер мен үлгілерді әзірледі, халық шаруашылық жоспарларының орындалуына талдау жасап, салалық бөлімдердің жұмысын үйлестірді. Алайда, КСРО құрылғаннан бастап ыдырағанға дейінгі аралықтағы жоспарлы экономика саясаты сайып келгенде ел экономикасының жоспарлы түрде бірқалыпты ырғақпен дамуын қамтамасыз ете алмайтындығын көрсетті. Әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қыспағымен белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін емес, базалық дайындығы негізсіз жоспарлар жасалды. Соның салдарынан тек қана кеңестік қоғамға тән экономика-мәдени секірістер жасау үшін жалған жоспарлар жасалып, жалған ақпар беру жаппай белең алды. Жоспарлы экономика принциптеріне сай жергілікті жерлердегі шаруашылықтар мен өнеркәсіп орындары өнімнің бір ғана түрін өндіруге жұмылдырылып, біржақтылыққа бой ұрды. Кеңестік Жоспарлы эканомикаға тән теріс сипаттар ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: барлық экономика реформалардың бір ғана мемлекет меншікке негізделуі; қоғамдық және әлеуметтік талаптың – сұраныс пен ұсыныстың ескерілмеуі; соның салдарынан басы артық тауарлардың қоймаларда жинақталып қалуы; өнеркәсіп орындары мен шаруашылықтардың жаппай іріленіп, тек белгілі бір сала бойынша ғана мамандануы; өнім өндірушілердің өз жұмыстарының нәтижесіне ынталы болмауы; сандық және сапалық көрсеткіштерді жалған құндық және заттық көрсеткіштердің ауыстыруы, т.б. Мұның өзі кейбір одақтас республикалардың, соның ішінде Қазақстанның да тек шикізат өндіруші республикаға айналуына әкеп соқты. Қазақстанда, негізінен, агр. секторға басымдылық беріліп, ауыр өнеркәсіп дамытылмай, технол. жабдықтар шығарудан құралақан қалдырылды. КСРО-дағы жоспарлы экономика өзінің даму сатысында дәрменсіздігін сан рет танытқанымен, оның біржола күйреу белгісі 20 ғасырдыңдың 80-жылдарының ортасынан бастап айқын байқалды. 1985 ж. жарияланған жаппай “қайта құру” науқаны Жоспарлы экономиканың шын мәнінде дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. Осы кезеңнен бастап КСРО ыдырағанға дейінгі аралықта жоспарлы экономиканы сақтап қалу үшін оған нарықтық экономиканың кейбір нышандарын енгізу шаралары жүзеге асырылды. Алайда қандай да бір тосқауылдарға қарамастан нарықтық экономика жоспарлы эканомиканы біржола ығыстырып шығарды.
Нарықтық экономика
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға түбегейлі бет бұрды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда экономиканың мемл. секторы ішінара ғана сақталып отыр (15%-тей). Шаруашылықты жүргізудің мемл. нысаны негізінен қоғамның қажеттерін айқындайтын әлеуметтік-экономика міндеттерді шешуге: мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз етуге, қоғамның мүдделерін қорғауға; экономиканың жекеше секторы қамтымаған не жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндіріс салаларындағы зәру тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге; мемлекет монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Яки мемлекет меншік негізінен темір жолдар мен автомобиль жолдарында, құбыр желісінде, электр энергиясын бөлуде, іргелі ғылымда, базалық білім беру мен денсаулық сақтауда, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінде сақталып отыр. Бюджеттік ұйымдар, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекет кәсіпорындар, қазыналық мемлекет кәсіпорындар, акционарлық қоғамдардағы акциялардың мемл. пакеттері, бірлескен кәсіпорындардағы үлестер (үлеспұлдар) экономиканың мемлекет секторы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет