1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


-билет ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер



бет56/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

104-билет ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер
І. ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
II. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРу
IV. ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ
V. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ТИІМДІ ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
VI. САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
VII. ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – ОДАН ӘРІ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ


105- билет Е ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы дамудың жоспарлары. (01.09.2020.)
I. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі
Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.
Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйе¬сіне және оларды орындау жауапкершілі¬гіне деген көзқарасты өзгертуден бас¬тауымыз керек.
Пандемия және дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару жүйесі бар күш-жігерін жұмылдырып жұмыс істеуде. Жедел шешімдер қабылдау айтарлықтай уақыт пен қаражатты талап етеді. Бірақ алдағы жоспарларды назардан тыс қал¬дырмауымыз қажет. Сондықтан мен тікелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылданды
Тағы бір маңызды міндет – квази¬мем¬лекеттік компанияларды корпоративтік басқару ісін жақсарту мәселесін шешу.
ІІ. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму
Ұзаққа созылған мұнай дәуірі аяқ¬талған сияқты. Әлемдік нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек.еліміздің жаңа эконо¬ми¬калық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек:
Игіліктер мен міндеттердің әділ бөлі¬нісі.
Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.
Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу.
Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру.
Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту.
«Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау.
Мемлекет тарапынан дәйекті ше¬шім¬дер қабылдау және сол үшін қоғам ал¬дында жауапты болу.
Экономикалық реформалар азамат¬тардың табысын арттырып, тұрмыс сапа¬сының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет.
III. Теңгерімді аумақтық даму
Елімізді аумақтық және кеңістік тұрғысынан дамыту тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек.
моноқалаларымызды дамыту ісіне тың серпін беру аса маңызды. Бұл ретте, қала құраушы кәсіпорындарға зор жауапкершілік жүктеледі. Олар барынша атсалыспаса, бұл міндет орындалмайды.
Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарында 30 миллионға жуық адам тұрады. Миллионнан астам тұрғыны бар бірнеше қала орналасқан. Отандық тауарларды сату және инвестиция тарту үшін Ресей билігінің өкілдерімен және мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнату – еліміздің шекара маңын дамытудың аса маңызды факторы.
Ауылдың әлеуетін толық пайдалану – стратегиялық маңызы бар мәселе. Ауылдағы мейлінше өзекті мәселелерді шешуге арналған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады.
Өңірлерді дамыту ісіне қатысты тың тәсіл урбанизация үдерісін басқаруға, «миграция толқынын» кезең-кезеңмен жүргізуге, ірі қалалардағы халықтың ты¬ғыз орналасуы мен әлеуметтік шиеленіс мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
IV. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты.
Нарық жағдайында тұрғын үйдің қолжетімділігі адамдардың табысына және осы міндетті өздігінен шеше алу қабілетіне орай жүзеге асады.
2021 жылдың өзінде Бірыңғай жи¬нақ¬таушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелігіне береді
«5-10-25» бағдар¬ламасы жүзеге асырылуда. Оған 390 мил¬лиард теңге бөлінді. Үкімет осы бағдар-ламаның жүзеге асырылу барысын үнемі қадағалап отыруы керек.Кезекте тұрған адамдардың баспана мә¬селесін тезірек шешу керек.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясын¬да жеке тұрғын үй салу ісі баяу жүріп жатыр. Мұның басты себебі – үй салынатын аумақты дайындау ісінің қарқыны төмен. Өйткені заң бойынша су және электр желілері жүргізілген аумақтан ғана жер беріледі.
Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе.
Өкінішке қарай, Қазақстанда әр¬бір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандас¬та¬ры¬мыз¬дың 20 пайызға жуығы мұны ажы¬расуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды..
Жалпы, бізге әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы керек.
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласы 17 заң¬мен және заңға сәйкес ондаған актімен реттеледі. Бұл реттеу ісінің күрде¬ленуіне және жүйесіздігіне әкеп соқ¬тырды. Соның салдарынан мемлекет жауап-кершілігі айқындалмай, азаматтар өз құқықтарын жете түсінбей жүр. Үкіметке еліміздің Әлеуметтік кодексін әзірлеу жұмысын бастауды тапсырамын.
Әлеуметтік төлемдерді цифрландыру үшін шаралар қабылдау керек. Осыған орай азаматтың «әлеуметтік цифрлы әмиянын» енгізіп, тиісті тауар өткізуші жүйе қалыптастыру қажет
V. Қолжетімді әрі сапалы білім
сапалы білім алу үшін әдет¬тегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптар¬ды сақтай отырып, білім алудың қалып-тасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды.
Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мү쬬кін¬дік туғызу үшін жүйелі шаралар қа¬бы묬дау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек.
Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы.
2021 жылдың қаңтар айынан бас¬тап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға ккөбейеді. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді.
Өскелең ұрпақтың спорттық және шы¬ғар¬машылық әлеуетіне аса назар аудару қажет.
Ғылым саласын дамыту .
VI. Денсаулық сақтау саласын дамыту
Дәрігер мамандығын материалдық тұрғыдан да нығайта түсу маңызды болып отыр. Бюджетті таяудағы нақтылау кезінде екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлерін ынталандыратын қосымша төлем үшін 150 миллиард теңге бөлінді .
2023 жылға қарай дәрігерлердің жала¬қысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәсе¬лесі шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін.
Тағы бір мәселе – медициналық инфрବқұрылымды дамыту.
Жыл соңына дейін еліміздің аймақ¬тарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл – осы мақсатқа орай 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз.
VII. Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленді
Бес жыл ішінде орман алқабында 2 мил¬лиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл елі¬міздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді.
VIII. Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында
Заң үстемдігі орнықпаса және аза¬мат¬тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет.
IX. Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі
Цифрландыру – сәнге айналған үр¬діске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабі¬леттілігін арттырудың негізгі құралы.
Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Бүгінде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажет¬тілікке айналып отыр.
X. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы
Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аза¬маттық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Кеңес еліміздегі жалпыұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды.
ХI. Ұлттың жаңа болмысы
Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Бі¬¬лім¬ді болуға оқу керек. Бай болуға кә¬сіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы ке¬рек¬тердің жолында жұмыс істеу керек» дейді.
Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды.
Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн.
Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет.
Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.
Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек.
Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.
Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқып¬тылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қବ¬зақты дәл осындай кейіпте көргіміз к嬬ле¬ді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті ме쬬л嬬кет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.
Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағи¬даттарын орнықтыру. Сондай-ақ ұлт сапа¬сын арттыруға атсалысу.


106 билет ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен сайлауалды бағдарламаларына талдау жасаңыз. (02.09.2019.)
I. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ.
Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз.Алдағы уақытта бізге мынадай шараларды жүзеге асыру керек.
Бірінші. Партия құрылысы үдерісін жалғастыру.
Екінші. Халықпен тиімді кері байланыс орнату.
Үшінші. Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру.
Төртінші. Қоғамдық келісімді нығайту.
II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы.
Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет.
Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие.
Теңсіздіктер болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет.
Аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады.
Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс.
Келесі бір маңызды мәселелер
Біз заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп, азаматтардың негізгі құқықтарын назардан тыс қалдырдық.
Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет.
Соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі – браконьерлік проблемасының бетпердесін ашты.
Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.
Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ.
Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс.
Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі.
Ең алдымен, 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген
Азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік сипаттағы апаттардан қорғау мәселесіне баса мән беріледі.
III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА.
Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді.
Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек.
Бірінші. Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру.
Екінші. Квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру.
Үшінші. Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі.
Төртінші. Ұлттық бизнеске халықаралық нарықтарда қолдау көрсету.
Бесінші. Дамыған агроөнеркәсіп кешені.
Алтыншы. Әділетті салық салу жүйесі және тиімді қаржылық реттеу.
Жетінші. Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселесі.
Сегізінші. Еңбекақы төлеу деңгейін арттыру.
ІV. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ.
Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу.
Әлеуметтік салада мынадай бағыттарға баса мән беру керек.
Бірінші. Білім беру сапасын жақсарту.
Екінші Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет.
Үшінші. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Бұл жерде халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінеді.
Төртінші. Мәдениет қызметкерлерін қолдау.
Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.
Бесінші. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту.
Мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Алтыншы. Еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына ерекше тоқталғым келеді. Мұнда да қордаланып қалған мәселелер жеткілікті.
V. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ ЕЛ.
Бұл бағытта мынадай міндеттерге баса мән беру керек.
Бірінші. Жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру.
Екінші. Бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау.
Үшінші. Басқарылатын урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаты.
Төртінші. Инфрақұрылымды дамыту.
Жалпы, Үкімет алдағы кезеңде жұмыстың тиімділігін арттыруы тиіс. Халық нақты нәтиже күтіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет