1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


билет 2019 жылдың наурыз айындағы Елбасы мәлімдемесінен кейінгі жоғары биліктегі өзгерістер. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаев қызметі



бет59/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

109 билет 2019 жылдың наурыз айындағы Елбасы мәлімдемесінен кейінгі жоғары биліктегі өзгерістер. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаев қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіз Қазақ елінің Президенті қызметіне кіріскеніне тура екі жыл толды. 2019 жылдың 19 наурызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанымен, ерекше есте қалды. Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызы сағат 19.00-де республикалық телеарналардың тікелей эфирінде xалыққа маңызды үндеу жариялап, Қазақстанның Президенті ретінде өкілеттігін тоқтататынын xабарлағаннан кейін Конституция талаптарына сәйкес оның орнына билікке сол кезде Парламент Сенатының Төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Жаңа Президент тек Конституция бойынша емес, 2019 жылдың 9 маусымында өткен Президент сайлауында халықтың ең көп дауысын жинап, айқын жеңіспен Мемлекет басшысы болды
2019 жылдың жазында Арыс қаласында жарылыс болды. Соның салдарынан бүкіл қала зардап шекті. Қаладағы 7,7 мыңнан астам үйге зақым келіп, 49 баспана жермен жексен болған. Апаттың салдарын жоюға қазақстандықтар жұдырықтай жұмылды. Президент те қиын-қыстау шақта халықтың жанынан табылып, елге басу айтты. Жарылыс залалын жойып, қираған үйлерді тезірек қалпына келтіруге пәрмен берді. Бұл оқиға қазақстандықтардың ел Президентіне деген сенімін нығайта түсті.
2020 жылдың ақпанында болған Қордайдағы қақтығыста да Президент жергілікті тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, жағдайдың тұрақталуына ықпал етті.
Тұрмысы төмен отбасыларға сәл де болса көмек болсын деген ниеттен туған қолдаудың арқасында 500 мың адамның несиесі жабылды. Берешекті жабу үшін олардың әрқайсысына 300 мыңнан бастап, 3 млн теңгеге дейінгі қаражат мемлекет есебінен төленді. Банкте қарызы бар басқа да қазақстандықтардың айыппұлдары мен өсімпұлдары есептен шығарылды. Олардың саны 5 млн-ға жуықтаған еді. Үкімет 629 мың несие алушының өсімпұлын өтеу үшін республикалық бюджеттен 105 млрд теңге бөлді.
«Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта да мемлекетті жарқын жетістіктерге жетелеп, жаңа деңгейге көтеретініне сенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет