1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Мәтінде берілген варваризмдерді тілдегі қолданыстық аясы жағынан айқындаңыз



бет44/53
Дата21.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#120026
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
Байланысты:
лекция 2

2. Мәтінде берілген варваризмдерді тілдегі қолданыстық аясы жағынан айқындаңыз.
-Қашан деуге керек? Ну, соғыс біткен соң. Шамасынан келмеген бөлегін ат соқасымен қайта айдатып та тастаған екен. – Тағы не басың ауырып тұр ма? – деп Инеш ақырын сөйлеп, аяғын ұшынан басып үйге кірді. − Айтпақшы, Манап, осында Майқан звонить етті. − Тартынба, Манап, несіне қорқасың, кір. Белгіғұлов досың емес пе? − деді биік прическалы Зада шіңкілдек даусымен. Осындай подход жасамасаң, ұстараның жүзіндей қылп ете қалады. Асфальтті жол соңғы шлагбаумды кесіп өткен соң оңға бұрылды. Осы бір практика дегенің әбден зәрезап етіп болды. Паравоздың айқайы, поездың гүрсілі естілді. − Мәселе мынада: жаңа оқу жылы басталысымен университет ректоры студенттер жазған жақсы ғылыми рефераттарға, әдебиет шығармаларына конкурс жариялаған. Ғылым мен искусствода творчество деп, міне, осыны айтады. − Мәулен, білесің сен? Давай, бүгін әңгімені осында өткіз, − деді. Меніңше, қайтарып беру жөн авторларына. Пусть тереңірек зерттесін. Асықпасын. Ал егер әлдеқалай бір қиындық болса, ну ладно, комсомол комитетіне соқсаңшы (С.Шаймерденов. Инеш).


3. Мәтіннен кітаби лексикаға және тұрмыстық сөйлеу тіліне тән тілдік бірліктерді анықтаңыз.

Қор болған алтыншыда рас ақыл,


Халық жүр рас сөзден болып қапыл.
Білмейді сөз фаһамын бағзы надан,
Дұрыс сөз бенде түгіл, хаққа мақұл.
Халалдың, харамменен шегін ашып,
Несі би, ғаділ тұрып қарамаса.
.............................................................
Бұ күнде ондай билер көрінбейді,
Ақылын құдай үшін жолдайтұғын.
Әділдік екі жиһанда бірдей жақсы,
Ұжмақтың көрер деген райысын.
.............................................................
Он тиын жан қалтаңа пара кірсе,
Фақырға һеш шафағат қыла алмадың.
Білмейді сөз фаһамын бағзы надан,
Дұрыс сөз бенде түгіл, хаққа мақұл.
...............................................................
Кәсіп жоқ, харекет жоқ осы күнде,
Тозуғ жақындады жұрттың көбі.
Көп сөзден азғана фәһәм дегендейін,
Кеңесім осылайша тәмәм болған.
(Әбубәкір Кердері Шоқанұлы)

Бақытжан: Ұлы мәртебелі мырзам, құлдығыңа бас идік, өзі білмесе де елге ақыл айту − қазақтың қасиетті өнері (О.Бөкей). Е, өмірге келген әр сәби қабырғасы қатып, бұғанасы беки сала өзін дәйім биіктен көрсеткісі келіп және өне бойы осынау биіктікті аңсап, соған өрмелеп өтері хақ. Ақылмен хауас барлығың, Білмәйдүр жүрек сезедүр. Мутәкәллимин, мантақин, Бекер босқа езедүр (Абай). Башлайын бір алланың атыменен, Түзеткей өз құдіреті затыменен. Бихәмд ле-ллә біздерді қылды инсан, Жайылур біздей құллар хатыменен (Рабғузи, «Қиссас-ұл Әнбия»). Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп, ант ететұғын кісіні не дейміз? ХІХ ғасырда электрик (электричество)деген бір жат нәрсе білінді. Бұл электрик күшімен қандай алыс жерлерден сөйлесуге болады. Сағатына 70-80 шақырым жүретін от арбалар шықты. Аурупаның зор қалаларының көшелерінде осы электр арбалар адамдарды алып жүреді. Мұны трамвай дейді. Қара жерде от арба, от кемемен жиһанды кезді. Атсыз жүретұғын арба һәм шана (автомобиль) шығарды. Дунияның төрт бұрышымен тездетіп телеграмма арқылы сөйлеседі («Қазақ» газеті). Бір мың жеті жүз тоқсан сегізінші жылда әсеттің 28 күні белқұллия табиғына арыз қалмағыма садыр болынмыш биік фәрмән жарлығы уасыл болғаннан соң қырғыз-қазақ тарафынан пайдалы істерді білуші кісілерден сайламаққа бұйырылсын (Құжат тілі).


Байеділ хаттың аяғына жеткенде мен қара тер жауып, қан сорпаға түстім. Соқыр боп қалғанымды біле тұрса да, ол кезде маған «соқыр» деген сөз өңменімнен атып жіберген оқтан бетер боп тиетін еді. Маған ештеңе деместен «шу, қара құйрық» деп кете берсе мен не істейтін едім оған. Алдыңнан жарылқасын, жолың болсын, Жоқ менің саған қояр өкпем, қалқам. Ұят емес пе, неге өйтіп жалындың десем, сенен айырылып қалсам ұяттың керегі не маған, − деп күледі апай. Әке әскерде, аға өлген, ендігі қожа өзі. Мұны естіп алғаннан кейін мен одан сайын бұлан-талан болдым. Апамның біресе қызға, біресе шешесіне жалынып, менің ұлымнан безбеңдер деуі о да бір қорлық боп көрінді мен үшін. Мен енді кетемін бұл жерден деп те соқтым. Алты аласы, бес бересі жоқ сол Тасөткелге келгіштеп жүр дегенді естігінде жүрегім бірден су ете қалды: «Ғайниды осы қу айналдырып жүрмесе игі еді» деген күдік, қолға түскен солдаттай етіп, қоршап алды мені. Ал көзі жоқ адамға күдіктен күшті құдай жоқ екен бұл дүниеде. Мен қоя тұр дедім, ұят қой... Менің Ләйлаға «қонысыңыз құтты болсын» немесе «артиллерист болуыңызбен құттықтаймын!» деген сияқты бірдеңелер айтуым керек еді. Бірақ айта алмадым (Ә. Нұршайықов). − Папаңның өмірде қолы тие ме, келе алмады. «Академия» деп жүргені ылғи. Аңызақ жел гуледі. «Ай, осы бір қалақ бас, қысық көз, шикіл сарыға не жоқ осы. Ылғы бір кері сөйлеп, надандығын әйгілеп жатқаны», − деп ызаланды Инеш.
Бала жүрегі су ете қалды. Жүгіріп ауыз бөлмеге шықты. − Мына топалаң тигір доңыздарға не болған, өшіріңдер үндеріңді − деп ақырды (С.Шаймерденов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет