1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


Әр түрлі жастағы топта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет компоненттерін диагностикалық зерттеудің әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз



бет37/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
9. Әр түрлі жастағы топта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет компоненттерін диагностикалық зерттеудің әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз.

Бала іс-әрекетіндегі күрделі процесстердің бірі оның танымдық іс-әрекеті болып табылады. Баланың кез-келген әрекетін психологиялық тұрғыдан талдайтын болсақ, ол күрделі психологиялық қасиеттері мен әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Мұнда оның ақыл-ойы, қызығушылығы мен қажеттіліктері, сезімі сияқты психикалық процесстер іске қосылады. Сондықтан оқушының оқу іс-әрекетінің табысты болуында оның ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру маңызды саналады. Баланың танымдық белсенділігін арттыруда алдымен оның ақыл-ой еңбегін дамытуға көңіл аудару қажет. Баланы ең алдымен, өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету қажет. Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы өз іс-әрекетін саналы түрде басқаруға үйренеді. Оқу жұмысының міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, бақылауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор. Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну;

практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру.

Осыған орай оқушылардың, ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі — олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің алғашқы сатысы. Соған сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты жетілдірілді. Мемлекеттік стандартта дамыта оқыту ұстанымына сәйкес білімнің теориялық деңгейін көтеру, оқу- әрекетін қалыптастыруда білімнің танымдық , шығармашылық ролін мақсат етіп қояды.

Оқу – танымдық іс – әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл- амалдарынан тұрады. Оқу үрдісі оқушылардың оқу- танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Танымдық белсенділіктің орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүміндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымды іс- әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігі мына үш белгіге тән: · Оқу- танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты; · Оқу- танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты; · Оқу- танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты. Сондай –ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші фактормен анықталады: · Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу; · Оқу үрдісінде мәселелік оқытуды кеңінен енгізу; · Материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету; · Бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет