1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз



бет34/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94
Байланысты:
багалау сессия

Жинақтау деңгейі бойынша

Мәліметтерді жинақтайды, тұжырымдайды, жоспарлайды. Жаңа мәліметтерді ойлап табады, тұтастырады. Ұйымдастырып, жоспарлайды, құрастырады. Түрлендіреді, өзгертіп болжам жасайды. Теория қалыптастырады. Абстракті қарым-қатынас жүйесіне қол жеткізеді.Ақпаратты өңдеуге шығармашылықпен қарайды.



Бағалау деңгейі бойынша

Бар мәліметтер негізінде пайымдама жүргізеді. Сыртқы критерийлер негізінде пайымдама жасайды. Деректер мен бағалау пайымдамалары арасындағы ерекшеліктерді ажырата біледі. Шешімге келеді, Сыни тексеріп, бағалау жүргізеді. Дәлелдеп, ұсыныс жасайды.

 

 

 



Қорытынды: Блум таксономиясындағы Бағалау Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Үздіксіз оқу» негізге алынған Блум таксономиясының мақсаттық жүйесінде де «Оқыту- екі есе оқу» технологиясына негізделген.Егер білім жүйесінде критериалды бағалауға көшетін болсақ, онда Блум таксономиясын қолдану тиімді деп ойлаймыз, себебі оқушыларды өзін-өзі және өзгені оқыту барысында деңгейлеп білім алуға және шығармашылдыққа баулуға болар еді. Блум таксономиясы оқудың нақты нәтижелерін оқушылардың іс әрекет- тері тұрғысынан көрсетуге бағытталған. Таксономияның жоғарғы деңгейлері өзінен төмен деңгейлерден күрделі болып келеді және олардың барлығын қамтиды,мәселен, «Бағалау» деңгейі барлық деңгейлерді қажеттейді. Блум таксономиясының да сол оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеумен ерекшеленеді. Олай болса Блум таксономиясы – тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс.



 

Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсақ, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, б.т. оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет