9. Оқыту нәтижесіне қойылатын талаптарды атаңыз.
Оқыту — қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында.
Оқыту нәтижесін тексеру әдіс тәсілдерінің уақыт өткен сайын күрделене түсетіндігін, оның жаңа компонеттерімен толығатынын көріп жүрміз. Кейінгі жылдары мепзімді баспасөз беттерінде оқушылардың оқу пәнінен алатын базалық білімінің мүмкін және міндетті деңгейлері, олардың дайындық дәрежесіне қойылатын талаптар, сол талаптардың жүзеге асуын анықтайтын сұрақтар мен тапсырмалар үлгілері жарияланады.
Оқушылардың білімін, біліктілігін, ойлау қызметінің даму дәрежесін тәрбиелілігін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан оны үлкен дайындықпен және де жауапкершілікпен, жоспарлы түрде жүргізіліп отыруы қажет. Алдымен оларға қойылатын талаптарды біліп алған дұрыс: 1-оқушыдардың білімін, біліктілігін, сабақ барысында қалыптасқан тәрбиелігін тексеру мен бақылаудың ең қолайлы жолы ауызша текмеру. Оның бірнеше тиімді жағы бар. Оқушы жауабын тыңдай отырып мұғалім шәкірттің пәннен білімінің шамасын, білім өрісін, ұғымдар мен терминдерді, ойлау қызметінің қаншалықты дамығанын т.б анықтай алады.
2-Оқушылардың білім дәрежесін деңгейлерге бөлу. олар міндетті және мүмкін деңгейлер. Оқушы берілген сұрақтың ең негізгі элементтерін білсе, мәселен оқиғаның басталуын, өрбуін, салдарын айтып бере алса, онда ол осы сұрақтардың жауабын міндетті деңгей көлемінде білгені. Ал оқушы оқиғаның басталуын, оның ішіндегі негізгі себептерін айырып көрсете алса, оқиғадағы бейнелерді айтып көрсете алса онда бұл жауап мүмкін деңгейге жеткен деп бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |