2. Орта буын оқушыларды критериалды бағалау технологиясын ендіру үрдісіндегі қиыншылықтарды атап оны шешу жолдарын дайындаңыз.
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі
Орта буын сынып мұғалімдері орта мектеп жас кезеңінде негізгі принциптерге назар аударуы керек:
ü Балалардың ерте жас кезеңінде физикалық, интеллектуалдық, эмоциялық және әлеуметтік тұрғыдан тез дамитынын түсіну;
ü Өзiне көніл бөлiнетiнiн, қауiпсiздiгiн және бағаланатынын барлық балалардың сезiнуiне жағдай жасау;
ü Балалардың ересектер көрсеткен іс-әрекетпен айналысуына, сондай-ақ өз бетімен әлемді тануына жағдай жасау
ü Басқа мамандармен және ата-аналармен тығыз байланыс орнату;
«Оқушылар сабақтың қай жеріне келдi, енді не істеу керек және мұны қалай iстеген дұрыс?» деген сұрақтарды қарастыруда оқушылар мен мұғалімдердің процесті іздеу мен мәліметті түсіндіруді қолдану деп есептейтін критериалды бағалауды қарастырды. Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |