1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


     Оқыту диагностикасының компоненттерін топтастырыңыз



бет5/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
2.1.     Оқыту диагностикасының компоненттерін топтастырыңыз.

Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.

“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.

Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.

Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі.

Оқытуды диагностикалау – бұл оқушының білім мен биіктігін бағалау және бақылау.

Оқытуды диагностикалау бақылауды, бағалауды, тексеруді, статистикалық мәліметтерді қамти отырып, олардың сараптамасын, динамикасын нәтижелердің болжамын анықтайды.

Оқытуды диагностикалау – бұл (белгіленген критерилер бойынша) білімді, біліктілікті бағалау.

Оқытуды диагностикалау – бағаны емтихандарды өзгертуді, бақылаудың басқа формаларын талап етеді.

Оқытуды диагностикалау — әрбір оқушының жеке рейтингісін қалыптастыруды жүзеге асырады.

Педагогикалық әрекет – күрделі әрі көпжақты. Оның көптеген компоненттерінің ішінен үш негізгісін бөліп көрсетуге болады: мағынасы, әдістемесі және әлеуметтік-психологиялық компоненттері. Осы үш компоненттің біртұтастығы мен өзара байланысы педагогикалық жүйенің міндеттерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бұл бірліктегі негізгі компонент — әлеуметтік-психологиялық, яғни педагогикалық қарым-қатынас, соның негізінде қалған екеуі жүзеге асады. Негізгі тәрбиелік өзара қатынастардың жүйесі қарым-қатынас процесінде қалыптасады, тәрбие және оқыту процесінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Қарым-қатынас педагогикалық әрекеттің негізгі әсер етуші құралы болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет