3.Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау туралы жазыңыз.
Ауызша жауап беру. Ауызша жауап – мектеп мәдениетінің ажырамас бөлігі. Мұғалімдер балаларға сұрақ қойып, олардың берген жауабына қарай оқу нәтижесін бағалайды. Сабақ кезінде оқушылар да сұрақ қоя алады. Егер олардың сұрағынан қандай да бір нәрсені түсінбегені байқалса, онда оқыту қажетті деңгейде болмады деген шешім шығаруға болады. Біз жазбаша жауап сияқты, ауызша жауапты да оқушылар білімінің нақты көрсеткіші деп қабылдаймыз. Алайда үнемі солай болуы мүмкін емес. Себебі ауызша жауап беру – тапсырманың бір түрі.Ал кейбір оқушылар жаңа терминдерге, сөйлеген кездегі қобалжуларға, тілдік қиындықтарға байланысты өздерінің білетінін ауызша жеткізе алмауы мүмкін. Оқушылар мұғалімдердің айтқанын қайталай алғанымен, мұндай қайталаулар оқушының ойын нақты жеткізе алмайды.
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |