Сингапур оқушылары 9 баллдық жүйемен бағаланады.
А1/А2 өте жақсы,
B3/B4 жақсы,
C5/C6 қанағаттанарлық,
D7 нашар,
E8/F9 өте нашар -деген бағалармен бағаланады.
4. «Білім сапасы» және «білім жетістіктері» ұғымының мазмұнын түсіндіріңііз.
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |