71-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу 1. Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.
2. Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:
1) ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және с.с. салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;
2) олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата- аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.
3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (осы Заңның 68-бабының 1-тармағы), мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін ұйымдар және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады.
4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата- аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.
Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
72-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары 1. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аталар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, ал 71-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығынан да айрылады.
2. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды.
3. Өзіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады.
4. Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі.
5. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата- аналардың баламен қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.