1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Психологтың ұйымдағы қызметі, орнын бағалаңыз



бет42/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

43. Психологтың ұйымдағы қызметі, орнын бағалаңыз.
Практикалық психологтардың міндеттері адамдардың неғұрлым шығармашылықты және икемді болуларына көмектесуге бағдарланған практикалық психологиядан туындайды. Практикалық психологтар өзерінің кәсіби іс-әрекеттерімен адамдар өмір сүріп, жұмыс жасайтын жерлердегі қиындықтарды шешу үшін теориядағы жетістіктерді және психологиялық әдістерді қолдану арқылы адамдардың психологиялық денсаулығын жақсартуға және қоғамның психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етеді.
Психологтың кәсіби іс-әрекетінің міндеттемелері мен түрлері факторлардың 2 тобымен анықталады: (1) практикалық психологияның құрылымына қатысты мамандандырылуымен және (2) оның өзі жұмыс жасайтын адамдардың (клиенттердің) немесе топтың психологиялық қиындықтарының сипатымен анықталады.
Осыған байланысты практикалық психологияның құрылымында психологтар іс-әрекеттерінің: психодиагностика; психотерапия; психологиялық түзету; психологиялық кеңес беру; профилактика; психогигиена, яғни дені сау өмір салтын тәрбиелеу, реабилитация; психологиялық ағарту және ғылыми зерттеулерді жүргізу сияқты түрлері ерекшеленеді.
Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау, сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы. Кейбір жағдайда ол клиентпен бірінші кездесуден бастап тікелей қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылып жедел сипатқа ие болса, басқа бір жағдайда неғұрлым арнайы танымдық процедуралар қолданылатын терең бағдарлама ретінде анықталуы мүмкін. Психодиагностикалық тексерудің нәтижелері психотерапевтік міндеттерді шешу тәсілдері жайлы қорытындылауға негіз болады. Мектептегі психолог мамандықты таңдаудың неғұрлым лайықты типін ұсына алады. Ол отбасында және мектепте тәрбиелеудің лайықты әдістерін қолдануды ұсына алады.
Психотерапия бұл – адамның психикасына ықпал ету іс–шараларының жүйесі, психологиялық көрсету формасы, сондай-ақ сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы. Психотерапияны шартты түрде психологиялық құралдармен адамдардың жүйке – психикалық және психосоматикалық аурулары мен бұзылыстарын емдеумен айналысатын дәрігерлік психотерапияға және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған және оның психологиялық қиындықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп бөледі.
Психотерапияның мәні клиенттің өміріндегі қиындықтарын жеңу мақсатында оның психикалық процестері мен реакцияларын жақсартуда. Бұл адамдардың өз-өзін, әлемді, ондағы өз орнын түсіну қабілетіне ие болуына ықпал ететін психологиялық көмектің бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет