1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы



бет50/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

6. Синергияға жетіңіз
Түсіне білген жанға, синергия - қалған дағдылардың бәрінің мүмкіндігі толық ашылатын, әрі нағыз сынға түсетін, ең жоғары тәртіптегі әрекет. Синергия- ның ең жоғарғы формасы біз өмірдің нағыз қиын сәттерімен бетпе-бет келгенде, адамның айрықша төрт қасиетін, «Ұттым/Ұттым» күйін және эмпатиялық коммуникация дағдыларын қатар жұмылдырады. Нәтижесі таңғаларлық. Біз бұрын-соңды болмаған жаңа баламаларды дүниеге әкелеміз.
Синергия - принциптерге сүйенген көшбасшылық. Оның мәні сондай-ақ ата-аналық міндеттерді адал атқару принципінде көрініс тапқан. Ол адамдардың бойындағы алапат күш-қуатты өршітіп, бір арнаға тоғыстырып, еркіне жібереді. Жоғарыда сипатталған дағдылардың барлығы бізді синергияның ғаламат күйіне бір қадам жақындата түседі.
Сонымен, синергия дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, бүтін мен оның бөлшектерінің қосындысынан да асып түседі дегенді білдіреді. Яғни олардың арасындағы байланыстың өзі осы бүтіннің бір бөлігі болып, оның үстіне басқаларына қарағанда, катализаторлық белсенділігі ерекше, айрықша ынталандырушы, біріктіруші және таңғажайып қалыпта көрінеді.
7. Араны қайраңыз
Жетінші дағды - сіздің жеке ресурсыңыз бен амалыңыз (РА). Ол сіздің ең басты ресурсыңызды, яғни өзіңізді қолдайды және дамытады. Болмысыңызда- ғы төрт өлшемді: физикалық, рухани, менталдық және әлеуметтік-эмоциялық өлшемдеріңізді жаңартады.
Өмірлік философияның басым көпшілігі тікелей немесе жанама түрде нақ осы өлшемдерден басталады, әрине, олар басқаша аталуы да мүмкін. Мәселен, философ Герб Шеперд салауатты өмір сүруді мынадай төрт құндылықтың теңгерімі ретінде қарастырады: перспективалар (рухани өлшемдер), автономиялар (менталдық), байланыс (әлеуметтік) және тонус (физикалық).
Танымал гуру Джордж Шихан адамның төрт рөлі бар екенін айтады, олар: жақсы жануар (физикалық өлшемі), жақсы маман (менталдық), жақсы дос (әлеуметтік) және әулиелік (рухани).
Мотивацияның кез келген қисынды теориясы мен оның үйымдасуы төрт өлшемнен тұрады: экономика (физикалық өлшем), адамдар арасындағы қа- рым-қатынас (әлеуметтік), адамдық әлеуеттің дамуы мен іске асырылуы (менталдық) және іс-әрекеттің мақсаты, үйымдасудың қосқан үлесі (рухани).
«Араны қайрау» принципі бізден барлық төрт өлшемді сақтауды талап етеді. Ол біздің саналы және теңгерімді тәсілдерді қолдана отырып, өзімізді үнемі және тұрақты түрде дамытуға тиіс екенімізді білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет