1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Жетістікті жетілдіруді болжам жасаңыз



бет61/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

60. Жетістікті жетілдіруді болжам жасаңыз
Еңбек іс-әрекетінің мотивация теориясындағы жалпы ережелердің бірі – мотивация қажеттілігі бірлескен іс-әрекет кезіндегі еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылатындығы.
Оның әрбір мүшесі үшін, ол өзі жеке қызметкер ретінде атқарған міндетіне байланысты алатын жетістіктері нақты мотивациялануы болып шығады. Мотивация жүйесінің екі принципі бар:
1) тек материалдық жағдайға емес, қызметкерге тиесілі барлық қажеттіліктердің типтері мен түрлерінің барлығына бағдарлануы;
2) әрбір атқарушының қорытынды нәтижеге нақты үлесін баламалы бағалау және осы үлеске сай ынталандыруды қамтамасыз ету.
Табысқа қажеттілік (жетістік мотивациясы) – тұлғаның базалық екінші қажеттілігі. Табысқа қажеттілік барлығы үшін жалпы болып табылады, оның даму шамасында ғана айырмашылықта болады. Д. МакКлелланд қоғамның және бүкіл елдің тұтастай дамуының деңгейі оның азаматтарында осы қажеттіліктің даму деңгейіне байланысты деп есептейді.
Дж. Аткинсон кейінірек табысқа қажеттіліктің сәтсіздікті болдырмау, сондай-ақ базалық қажеттілікпен сабақтастықта қарастырылуға тиіс екендігін көрсетті. Мотивациясы күшті адамдар табысқа ұмтылады, ал мотивациясы әлсіз адамдар сәтсіздіктен қашады. Бұл жағдай соңынан Дж. Аткинсон мен Д. МакКлелландтың субъективті басымырақ тәуекел теориясының негізіне кіреді. Мотивациясы жоғары, жетістікке қол жеткізген жетекшілер тәуекелдің орташа деңгейін жөн көреді. Орташа тәуекел жағдайында іс-әрекет табыстылығы жеке үлеске едәуір тәуелді болады, бірақ әлдебір тәуекелділікті білдіреді. Егер тәуекелдік элементін алып тастаса, онда «ұтыс» ықтималдығы күрт төмендейді. Жетістіктің төмен мотивациялануы, әдетте, жетекшіліктің босаңдық стилімен байланысады.
«Жетістікті мотивтендіру» ұғымы бүгінгі күні басқару іс-әрекетінің басты және ең өзіндік ерекше мотивтері болып есептелінеді. Осы ұғым арқылы психологияның карьераның кезеңдерін, типтері мен қозғаушы күштерін қарастыратын арнайы саласы – карьералық психология заңдылықтары сипатталады.
«Жетістікті мотивтендіру» ұғымы кең ауқымда тұлғаның басқа мотивтермен өзара әсерлесетін, олардың күшін анықтайтын және осы тұлға үшін оларды қанағаттандыру деңгейіне сай келетін метамотивтерінің бірі ретінде айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет