1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Тікелей жарнама композициялары және объектілерін бағалаңыз



бет63/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

63. Тікелей жарнама композициялары және объектілерін бағалаңыз
Маркетингтік қызмет (ағылш. market – нарық) – тауарларға, ұйымға, қызметкерлерге, адамдарға, аумаққа және идеяларға деген сұранысты алмастыру арқылы көре білу, басқару және қанағаттандыру.
Маркетинг мәселелері спектрінің кеңдігі оларды шешу үшін ұйым құрылымында мамандандырылған бөлімшелер құруды талап етеді. Маркетингті басқару келесі негізгі бағыттармен іске асырылады.
1. Маркетинг мақсат қоюдан бастап, басқарудың барлық өзге қызметтерін біріктіріп анықтайды. Қалған қызметтер ұйым іс-әрекетінің тиімділігі мен оның өнімінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Сапаның нақты өзі – шешуші маркетингтік фактор.
Табысты маркетингке инновация қызметі ықпал етеді.
2. Бұл қызметті жүзеге асыру кезіндегі жетекшінің басты міндеті мамандандырылған бөлімшелер құру мен олардың іс-әрекетін ұйымдастырудан көрінеді.
3. Маркетинг табыстылығы ұйымның жалпы имиджімен анықталады, оны жасау мен танымал ету де жетекші күш-жігерінің мақсаты болып табылады.
4. «Клиенттік мінез-құлық» – қызметкерлердің клиент сұраныстарына бағдарланған маркетингтік ұстанымы.
Маркетингтің психологиялық мәселесіне байланысты қазіргі кезде жарнама психологиясы (психологияның арнайы саласы) қарқынды дами түсуде.
Жарнаманы жоспарлау тауарды өткізу жоспарымен бірге жасалады да, мұнда нарықты зерттеу нәтижесі және бәсекелестер қабылдаған шаралар ескеріледі. Өнімді өткізуде жарнаманың тікелей тиімділігін дәл анықтау мүмкін болмайтындықтан кәсіпорын жарнама құралдарын пайдаланған кезде қалауынша еркін әрекет ете алады.
Дегенмен жарнама бюджетін анықтауда мынадай тәсілдер қолданылады:
-айналым пайызын анықтау;
-бәсекелестер жұмсаған қаржыны анықтау;
-өзінде жоспарланған жарнама қаржжыларын бағалау.
Әдетте бірінші және үшінші тәсілдермен жарнама құралдарының жалпы соммасы, ал екіншісімен бөлінісі анықталады. Жоспарлар резервтерді ескере отырып жасалады.
Жарнама шараларының жоспарына жататыны:
1. күнделікті жарнама шараларын өткізу жоспары;
-жарнама құралдары бойынша;
-жекелеген шараларды өткізу уақыты бойынша;
2. көрмелер мен экспозицияларға қатысу жоспары;
3. жарнама шараларының қорытынды жалпы жоспары, бұған резервтер де жатады;
4. арнайы жарнама науқандарын өткізудің жеке жоспары.
Өткізу деңгейін сақтау, содан кейін арттыру үшін, жарнама шараларымен бір мезетте кәсіпорын имиджін сақтау және жақсарту мақсатында шаралар жоспарын қабылдау қажет. Мұның өзі өкілеттік шығындарға байланысты (журналистерді шақыру, қабылдау, газеттер мен журналдарға хабарландыру жариялау). Осының барлығының қоғамдағы байланыс қызметіне тікелей қатысы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет