1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Менеджердің кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптар



бет69/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

70. Менеджердің кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптар
Басқару қызметіндегі адамдардың тұлғалық ерекшеліктерін, жеке даралық қасиеттерін олардың кәсіби шеберлігінен, кәсіби шыңға жетуінен білуге мүмкіндік береді. Ал басшының кәсіби шеберлігінің шыңына жетудегі маңызды факторлар: нышан, дарындылық, қабілет, талант, ұйымдастырушылық, тілтасбысқыштық қабілеттер, отбасылық тәрбиенің алғышарттары, тәрбиелеу институттары (кәсіби шеберліктің негізін қалыптастырудың бастауға дейінгі кезеңі), кәсіби бағдар мен білім беру мектептері (кәсіби шеберліктің бастау алды кезеңі). Қазіргі таңда адамның кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын, оның заңдылықтарын зерттейтін, жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөніндегі ғылым - акмеология. Ал психологиялық-акмеологиялық қызмет - бұл психологиялық және акмеологиялық құралдар арқылы еңбек ұйымының мамандарының әлеуетін тиімді пайдалану, басшының басқару шеберлігін, олардың кәсіби-тұлғалық өсуі мен кәсіби іс-әрекеттегі сәттілік, сол ұйымның жұмысының тиімді жоғарлауын, оның бәсекеге қабілеттілігін дамыту мен кәсіби жетілуін қамтамасыз ететін құрылымдық жүйе.
Басқару саласында басшылардың кәсіби-тұлғалық өсуін зерттеу оның жеке даралық ерекшеліктерін танып-білуге, психологиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Ол үшін психологиялық-акмеологиялық қызмет арқылы басшының кәсіби-тұлғалық өсуіне арналған акмеограмма құру маңызды. Онда келесі өлшемдер қарастырылады:
- интеллектуалды әлеуеті;
- биологиялық әлеуеті;
- мінез-құлық әлеуеті;
- бағыттылық әлеуеті;
- шығармашылық әлеуеті.
Басшы мен бағынушының өзара әрекеттестігінің тиімді түрде ең жоғарғы дәрежеде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін, жұмыста қызметкерлер тек еңбегінің төлемақасынан ғана емес, сонымен бірге еңбек процесінің өзінен қанағат алатындай ұйымдастыруға ықпал ететін басқарушылық қызметті саналы психологиялық мазмұнмен толтыру. Сонымен, басқару іс-әрекетінде психологиялық қызметті ұйымдастыру «адам-адам» жүйесінің кәсіби қатынасы мен өзара әрекет деңгейлеріндегі жеке даралық ерекшеліктерін көруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет