Байланысты: Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)
67. Басқарудың әртүрлі стильдерінің әлеуметтік құрылымда көрініс беру байланысы Басшы стилін жіктеу негізіне, әдетте, басшы мен бағынышты аралығындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық, этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Басшының стиль ерекшеліктері осы аталған компаненттердің (құрылым тармақтарының) қайсысы басым болатындығына байланысты. Ппрактикада көбінесе басқарудың классикалық 3 стилі кездеседі:
Либералдық
Авторитарлық
Демократиялық
Либеральдық стиль – мұндай жұмыс стиліне басшы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелрдің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды.
Мұндай стильдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды, қарамағындағылардың білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.
Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге, сын-ескертпелерге бара бермейді. Бұндай басшы кез-келген келіспеушілікті жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорында тиімді жұмыс істей алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық, берекесіздік, тәртіптің бетімен кетушілігі орын алады.
Авторитарлық стильдің негізі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол «принц» кітабына билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені «мақсат тәсілді өтейді» деген идея ұсынады.
Авторитарлық стильде (батыста бұны тиімсіз деп есептейді және де мүлдем кездеспейді) шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді. («Менің айтқаным бойынша істе») бұйрық талқыланбайды, күдіктенуге хақың жоқ.
Демократтық стильде (батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осылай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп содан еейін бекітіледі. (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмір мәселелері, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару, т.б.).
Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі хабарлап оытрады, ал өз атына айтылған сын ескертпелерді дұрыс қабылдайды. Бағыныштылармен қарым-қатынас жасауға тырысады. Ең соңында ол ешқашанда бағыныштыларына үстемдігін көрсетпейді. Ол ұжымның басшысы емес, соның бәр мүшесі ретінде әрекет етеді.
Практикада бюрократизм (төрешілдік) көріністері кездеседі. Бюрократизмның түп-төркіні кеңсешілдік, төрешілдік, былайша айтқанда жұртшылық пікірмен санаспай, дербес басшылық жасауға әуестенушілік.
Объективті жағдайларда (артта қалса, кадрлар жетіспесе,т.б.) кейбір басшылар басқарудың нақты бір стиліне жүгінеді. Негізінен мұның өзі басшының жеке басындағы эмоциялық-психологиялық ерекшелікке, оның біліміне, тәжірибесіне, бұрынғы қызмет әрекетіне байланысты.
Нашар стиль жоқ – мәселе басшының стильдерді қандай ара-қатынаста алатындығында, әрі оның шешімдерін қызметкерлері қаншалықты қабылдайтындығында.