86. Басқарушының кәсіби қабілеттіліктері, оның басқару ісіндегі тиімділігін негіздеңіз. Адамдарды басқару ұйымдардың барлық түрлері үшін – үлкен не кіші болсын, коммерциялық не коммерциялық емес болсын, өндірістік не қызмет көрсету аясында болсын – барлығына бірдей маңызды болып табылады.
Кәсіптік қабілет кәсіптік біліктіліктің түрде жүруін психологиялық процестермен қадағалау арқылы ерекшеленеді. Қабілеттілікке байланысты мамандар мынадай шеберлікті қалыптастыра білу қажет:
Тұлғалық динамизмі – еркін әрекет жасау қабілеттілігі және логикалық түрде шешімқабылдау;
Эмоционалды тұрақтылық-өзін басқару қабілеті;
Оптимистік түрде бақылау;
Креативтілік-шығармашылық қабілет.
Менеджерлердің аталған қасиеттерінің ішінде адамдармен жұмыс істей білуіне әдейілеп тоқталсақ, ол, ең алдымен, өздеріне бағыныштылармен жұмысы. «Босстың» өз жұмысы бар, бірақ оны олар бағыныштыларының қолымен істейді», — деп жазды Дон Фуллер. Мәселе адамдарға алдағы нысанаға жетуге түрткі беруде, оларды белгілі нәтижеге жетуге пайдалануда. Ол үшін «босс» олардың қажетін, мүддесін, рухани байлықтарға бағытын, қабілеті мен мүмкіншілігін білуге міндетті. Өз жұмысын істей отырып, ол қатаң, адал және белсенді болуы керек және’, ең соңында, өз беделін жоғары ұстауы керек, бірақ бұл қол астындағыларға жалпақ шешей болу деген емес, сонымен қоса, жарлық беретін және жалпы бағытты көрсететін лидер болуы керек.
Бүгін менеджерлердің тұтас командада болып жұмыс істей білуінің маңызы жоғарылай бастады. Әрине, бұл ең алдымен жоғарғы деңгейдегі басшыларға қатысты. Аталған бағыттың қажеттілігін басқару саласындағы мамандар мойындайды.
87. Стресс кезіндегі психологиялық көмектің шешімін табыңыз. Аффектінің қазіргі кездегі ең танымал түрі стресс деп аталады. Ол адамның жүйке жүйесіне эмоциялы артық жүктеме түскенде пайда болатын тым қуатты және ұзақ мерзімді психологиялық күй.
Психологтар басшылардың өздерінің психикалық денсаулығын жақсартудың бірнеше стратегияларын ұсынады. Оның ішінде адамның өз-өзін түсініп, уақытын жоспарлап, басқара алуы аса маңызды орын иеленуде. Стреспен күрестегі кез келген жетістік адамның өзін-өзі түсіне алуынан басталады. Әрбір басшы табиғатынан қабілеттер мен дарынның бірнеше қатарына ие. Олар дені сау жетістіктің негізі бола алуы тиіс, өйткені олар басшы тұлғасының жағымды қырын құрайды.
Тұлғаның стреске тұрақтылығы» ұғымы адамның стрестік әсерлерге «қарсы тұру шамасын» белгілеу үшін қолданылады. Бұл қабілеттілік индивидте жұмылдыру кезеңі қаншалықты күшіне берілгеніне байланысты. Адам созылмалы стрестік жағдайлардың уақытша қысымына, оның стреске тұрақтылығының жеке шегін сипаттайтын резистенттілікті (тұрақтылықты) қаншалықты ұзаққа сақтай алатыны бойынша айырмаланатын үш негізгі тұлға типтері атап көрсетіледі. Бұл жетекші стреске бейімделеді, екіншілері тіпті қысқа стрестік әсерлері кезінде жаңылады, ал үшіншілері тек стресс жағдайларында ғана тиімді жұмыс істей алады. Оларды тиісінше «өгіз стресі», «қоян стресі», «арыстан стресі» ретінде белгілейді.
Жетекші іс-әрекетінде ұзақ мерзімді стреске төзімділік тұлғаның интернальділік-экстернальділік параметрлеріне тәуелді болады.