84. Басқарушының кәсіби қабілеттілігін бағалаңыз (Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж «Ұйымдық мінез-құлык негіздері» атты еңбекті пайдаланып) Қабілет – адамның жұмыстағы әртүрлі тапсырмаларды орындай алуы. Жалпы қабілеттер, негізінен, интеллектуалдық және физикалық факторлардан тұрады.
Интеллектуалдық қабілеттер – ойлау, пайымдау және проблемаларды шешу сияқты ақыл-ой әрекеттері үшін қажет қабілеттер. Көп қоғам интеллектіге көп көңіл бөледі, бұл тегін емес. Ақылды адамдар әдетте көп ақша табады және білімнің жоғары деңгейіне жетеді. Сондай-ақ олар топтарға жетекшілік етуге бейім тұрады. Интеллектуалдық қабілетті құрайтын ең жиі айтылатын жеті өлшем – санау қабілеті, сөзді түсіну, жылдам қабылдау, индукциялық ойлау, дедукциялық ойлау, кеңістікті бағдарлау және жад.
Физикалық қабілет типтері: қарқынды күш, кеуде күші, статикалық күш, қопарма күш, икемділік дәрежесі, қарқынды икемділік, денені үйлестіру, тепе-теңдік, төзімділік.
Топтың табысы үшін елеулі үлес қосатын адамдар жоғары мәртебе иеленуге бейім. Ақыл-ой қабілеті жоғары команда жетекшілері тапсырманы орындау кезінде қиындыққа тап болған білімі төмендеу команда мүшелеріне көмектесіп жібереді. Ал білімі таяз жетекші, керісінше, жоғары қабілетті команданың еңбегін еш қылады. Менеджерлер команда мүшелерін таңдауда тұлғалардың қабілетін, жеке ерекшеліктерін, дағдыларын ескеруі керек. Өнімділігі жоғары командалар топ мүшесі ретінде жұмыс істеуге құштар адамдардан құралады.
85. Инновациялық менеждментті талдаңыз Инновациялық менеджмент — инновациялық процесстерді, әрекеттерді басқару түрлері, әдістері мен қағидалар жиынтығы.
Инновациялық процесстің объекттері:
• инновация;
• инновациялық процесс.
Инновациялық менеджмент сызбасы:
а) мақсат қою және стратегия таңдау;
б) 4 кезең: жоспарлау, шарттарды анықтау және ұйымдастыру, орындау, басқару.
1) жоспарлау — стратегияны іске асыру жоспарын жасау;
2) шарттарды анықтау және ұйымдастыру — инновациялық кезеңнің түрлі сатыларын іске асыру үшін, ресустарға қажеттіліктерді анықтау, қызметкерлер алдында мақсат қою, жұмыс барысын ұйымдастыру;
3) орындау — зерттеулерді жүзеге асыру, жоспарды орындау;
4) басқару — бақылау және талдау, әрекеттерді түзету, тәжірибе жинау. Инновациялық жобалар мен инновациялық басқару шешімдерінің тиімділігін бағалау, жаңалықтарды қолдану.
Инновациялық менеджментті ұйым басқару жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Инновациялық менеджмент жүйесі 2 қосалқы жүйеден тұрады: басқарушы (басқару субъектісі) және басқарылатын (басқару объектісі). Басқару субъектісі ретінде бір қызметкер немесе қызметкерлер тобы болуы мүмкін.
Басқару объектісі – инновациялар, инновациялық процесс және инновация нарығындағы қатысушылар арасындағы экономикалық қарым – қатынас.
Басқару субъеті мен объекті арасындағы байланыс, ақпарат алмасу арқылы жүзеге асырылады. Яғни, ақпарат алмасу, басқару процессі болып табылады.