1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


«Өндірістік» және «адамдарға» қатысына қарай бағыталған басқару матрицасының ерекшеліктерін керсетіңіз



бет77/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
82. «Өндірістік» және «адамдарға» қатысына қарай бағыталған басқару матрицасының ерекшеліктерін керсетіңіз
Матрицалық басқару құрылымын екіжақты бағыну қағидасына негізделген, бір жағынан, жобаның немесе мақсатты бағдарламаның жетекшісіне қызметкерлер құрамын және өзге ресурстарды беретін функционалды бөлімнің басшысына, екінші жағынан, ресурстар мен сапаға және уақытқа жауапты өкілеттікке ие уақытша топтың басшысына бағынатын «шешуші» басқару құрылымы ретінде сипаттауға болады. Осындай басқару құрылымында жоба жетекшісі екі бағыныштылар тобымен қатынаста болады: жобалық топ және уақытша бағынышты болатын өндірістік функционалды бөлім қызметкерлері.
Табыс пен жетістік белгілі бір мөлшерде жоба жетекшілерінің қандай деңгейде кәсіби менеджерлік сапаға ие және жобалық топта қаншалықты лидерлік қабілетке ие екендігіне байланысты болғандықтан матрицалық құрылым толықтай ұйымды емес, тек оның бір бөлігін ғана қамтиды. Матрицалық құрылымның қолданылу масштабы аз болғандықтан тиімділікке жетуге болады, дегенмен, екіжақты бағыну қағидасымен(кей жағдайларда көпжақты бағыну) қызметкерлер құрамын басқарудағы және оларды тиімді пайдаланудағы қиыншылықтардан қашып құтылу мүмкін емес екендігі белгілі.
Біздің елімізде жобалық және матрицалық басқару құрылымдары олармен бірге кәсіпорындар мен ұйымдардың бөлімдері мен бөлімшелерінің арасына жаңа экономикалық қарым-қатынастар енгізілген уақытта табысты қолданылды. Икемді ұйымдық құрылымдар жоспарлаудың жаңа жүйесі, ресурстардың бөлінуі мен бақылануы, материалды ынталандырудың жаңа шарттары енгізілмесе «жұмыс істей алмайтыны» белгілі. Аталған мәселелер органикалық басқару типінің тағы бір басқару құрылымы – бригадалық құрылымда кеңінен қарастырылады.
83. Конфликтіліктің түрлері, алдын алу шарттарын талдаңыз.
Дау-дамай (лат. conflictus – қақтығыс) – бұл қызметтестікте қарама-қарсы қызығушылықтардың (мақсаттардың, ұстанымдардың, көзқарастардың және т.б.) қақтығысуы; бұл терең эмоциялы күйзелістермен байланысты әртүрлі мәселелер жөнінде өзара түсіністіктің болмауы.
Дау-дамайлар типологиясының бірнеше негізі бар. Даудамайлар бағыттылығы бойынша: 1) көлденең (яғни мұндай дау-дамайларда бір-біріне бағынышты адамдар қатыспайды); 2) тік (яғни басшымен оның қол астындағылардың дау-дамайлары). Дау-дамайлардың мұндай түрі 70-80% қамтиды. 3) аралас (әлеуметтік мәртебесі бойынша бірақ тікелей бір-біріне бағынбайтын басшы мен оның қол астындағылардың арасындағы).
Пайда болу бастауы бойынша: 1) жеке дау-дамайлар (синонимдері тұлға ішілік, ішкі, интрасубъективті, интроперсоналды, психологиялық). Адамдардың қарама-қарсы мотивтерінің, қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің қақтығысынан пайда болады. 2) Тұлғааралық дау-дамайлар. Дау-дамайлардың мұндай тегі тұлғалар сыйымсыз мақсаттарды көздеген проблемды жағдайда пайда болады; тұлғалар сәйкес келмейтін құндылықтар мен талаптарды ұстанғанда; бір мақсатқа жетудегі бәсекелі күресте. 3) Топаралық дау-дамайлар. Дауласушы жақтар ретінде сәйкес келмейтін мақсаттарды көздеген әлеуметтік топтар алынады.
А.В.Аграшенков дау-дамайлардың конструктивті және дедуктивті сияқты екі түрін көрсетеді. Оппоненттік әдептік талаптардан іскер қатынастың және орынды дәлелдердің шеңберінен шықпағанда конструктивті кикілжің орын алады.
Деструктивті дау-дамайлар екі жағдайда орын алады: 1) екі жақтың біреуі табанды да қатаң түрде өз ұстанымын жақтап басқаның қызығушылығын ескергісі келмегенде; 2) оппоненттердің бірі күрестің адам сөгісіне ұшырайтын әдістерін пайдаланып, серігін қорлап, оған психологиялық тұрғыда қысым көрсеткісі келгенде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет