1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Басқару психологиясының мақсатын талдаңыз



бет73/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

74. Басқару психологиясының мақсатын талдаңыз
Басқару әрі ежелден келе жатқан өнер, әрі жаңа ғылым болып табылады. Ғылым ретінде басқару біртіндеп толықтырылып отыратын білімдер мен оларды игеру әдістерінің жиынтығы ретінде анықталады. Психологиялық менеджмент адамның басқа адамға, топтың тұтастай қоғамға ықпалының механизмдері мен оны жетілдіру тәсілдерін түсіндіру мақсатында оның ерекшеліктері жайлы мәліметтерді іздестіруде. Психология ғылым ретінде басқару жүйесіндегі қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін талдайды.
Басқару ұйымның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, үйлестірілген шаралардың жиынтығы деп саналады. Басқарудың бастапқы нүктесі ұйымдастырушылық мақсттардың айқындалуы болып табылады. Мақсат – бұл топқа біріктірілген, қызметкерлердің ортақ күштері арқылы қол жеткізілетін нақты жай-күй немесе нәтиже. Басқару психологиясының мақсаты – тиімділікті арттыру және өмір сүру сапасының ұйымдастырушылық жүйелерінің жолдарын әзірлеу.
Басқару іс-әрекетінің мақсаты — ұйымдық жүйенің нәтижелі қызмет істеуін қамтамасыз ету.
Басқару психологиясы ғылым ретінде еңбек ұжимының іс-әрэкетін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімді зерттейді. Басқару психологиясының ерекшелігі оның объектісі ретінде адамдардың ұйымдасқан іс-әрэкетін зерттеу болып табылады. Ұйымның ережелері, нормалары және талаптары тек ұйымдағы адамдардың арасындағы ерекше психологиялық қатынастарды қалыптастырады - бұл адамдардың басқарушылық қатынастары.
75. Іскерлік қарым-қатынас және оның түрлерінің шешімін табыңыз
Басқарудағы қарым-қатынас ең алдымен қатынасу, ақпарат алмасу болып табылады. Қарым-қатынастың мазмұны әр мезетте әрқилы болуы мүмкін. Басқарудағы қарым-қатынастың түрлері әрқилы топтастырылады.
Біріншісі. Басқарудағы қарым-қатынастың ресми және бейресми түрлері. Екінші үлгі. Басқарудағы қарым-қатынасты даралық және топтық деп бөлінеді. Оның даралық түрлеріне жұмысқа қабылдаудағы, шығарудағы жауапкершілікті бөлудегі әңгімелесу және т.б. жатады. Оның топтық түрлеріне – мәжілістер, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу және т.с.с. жатады. Басқарушы қарым-қатынастың даралық және топтық түрлері бір-бірінен қатысушыларының санымен, ұйымдастыру, жүргізу түрлерімен мақсаттарымен ерекшеленеді.
Үшіншісі алғашқы екеуінің қоспасынан құралады. Оның жақтастары басқару қарым-қатынасының келесі топтарын ұсынады: 1) даралық ресми; 2) даралық бейресми; 3) топтық ресми; 4) топтық бейресми.
Басқарушы қарым-қатынас ең алдымен қатынасы, әртекті хабарларды жеткізу және қабылдау болып табылады. Ақпараттық ағымдардың екі түрі бар: 1) көлденең ағымдар – қызметтегі орындары және қызметкерлердің дәрежесі бойынша немесе жұмысшылардың топтары бойынша тең адамдардың арасындағы қарым-қатынас. Олар жиі бейресми сипатта болады. 2) тік ағымдар – иерархиялық әртүрлі деңгейлерде орналасқан жұмысшылардың немесе жұмысшылар тобының арасындағы қарым-қатынас (мәселен, басшы мен бағынушылардың арасында).
Басқарудағы қарым-қатынас кез келген басшы үшін маңызды және қажет болып табылады. Ол басқарудағы шешімдерге ғана бағытталып қоймай, адамға, оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруға да бағытталса толыққанды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет