1 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері



Дата26.06.2022
өлшемі37,56 Kb.
#37306
Байланысты:
1 Бастауыш сынып о ушыларын адамгершілікке т рбиелеуді теориялы


Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.5
1 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу . педагогикалық проблема ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.11
1.2 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерінің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.22
1.3 Бастауыш мектепте оқытылатын кейбір қазақ ертегілері жөнінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.25
1.4 Бастауыш сыныпта қазақ халық ертегілерін оқытудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25.27
2 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған педогокикалық эксперимент.
2.1 Анықтауыш эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.34
2.2 Қалыптастырушы эксперимент дайындау, жүргізу, талдау ... ... ... 35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49.50
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51.60
Тақырыптың өзектілігі «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары ( қазақ халық ертегілері бойынша)» тақырыбын таңдап алуымызға:
• «Ана тілі» сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту жолдары көрсетілген әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі;
• Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу үрдісінде ертегінің жанрлық сипатын ескермеуі;
• Ертегінің тәрбиелік мүмкіндіктерін сабақта жүйелі пайдаланудағы олқылықтары кездесіп жүргені себеп болды.
Бала – балғын тал, ересек адам – бағбан. Сондықтан баланы жастайынан адамгершілікке тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суарсақ, сонда ғана бала балғын талдан биік бәйтерекке айналады.
Қорыта айтқанда, қазақ халық ертегілері негізінде жеке тұлғаның дамуын адамгершілік тәрбие арқылы жүзеге асыру - өзекті де, күрделі мәселе болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерлінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып,


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақ тіліндегі түсіндірме сөздігі. 5-том. Алматы, 1980ж.
2. Қазақстан Республикасының «Білім тулалы» Заңы. Астана, 2000 ж
3. Гусейнов Л.А, Апресян Р.П Этика.М., 2000 ж
4. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.А., 1973ж
5. Баласұғын Ж., Құтты білік /көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубаев :.,1986 ж
6. Жарықбаев Қ., Қалиев.С Қазақтың тәлімдік ой пікір антологиясы. А., 1994 ж
7. Жарықбаев Қ., Қалиев.С Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., 1995 ж
8. Муратбаева Г.А Казахские народные сказки как сердство нравственное воспитания учащихся русскоязыяном школе. А., 2001 ж
9. Жарықбаев Қ., Қалиев.С., Смайлова М. Тәлім-тәрбие тарихы. А., 1992 ж
10. Ұзақбаева С., Бахтиярова Г., халық ойындарын бастауыш сыныптарда пайдалану. Әдістемелік нұсқау. А., 1997 ж
11. Ғылыми –танымдық журнал хабаршысы «Дүние» №1 1997 ж
12. Кенжебаев Б. Қазақ халқы әдебиеті тарихы. А., 1973ж
13. Қасқабасов С., Қазақ халық прозасы. А., 1984 ж
14. Шарипова Ж. Қазақстан Республикасы білім және Ғылым Министрлігі. Ұлттық Ғылым академиясының хабарлыры.А., №2 2002ж
15. Байтұрсынов А. Шығармалар, А., 1990ж Ертегілер І том А., 1988 ж
16. Аумауытов Ж. «Псикология»
17. Пропп В.Я Фольклор и действительность. М., 1976 г
18. Костохин Е.А Типы и формы животного эпоса. М 1987 г.
19. Абай. Қара сөз. А., 1993 ж
20. Әуезов М., Ысмайлов. Қазақ ертегілері А., 1957 ж
21. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., 1974ж
22. Померанцева Э.Ю Руская устная проза. М., 1985 г
23. Шарипова Ж. Қазақ тілі мее әдебиеті журналы.
24. Қаңтарбай С.Е Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық –педогоикалық диогностикасы.
25. Тәжібаев С. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдыстыру технологиясы Алматы, 2003 (117б)
26. Васильева М.С Горбушина Л. А. Никитина Е.И, Оморолова М.И Пособие для Учителя
27. Курдюмова Т.Ф уроки литературы в 4 классе. М., 1974г. «Чтение в первом классе», «Чтение в втором классе», М., «Провещение» 1973г «Чтение в третьем классе», М., ., «Провещение» 1974г
28. Никитина Е.И, Фольклор в эститическом и нравственном воспитании школников Минск., 1969г
29. Қ Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі» А., 1974г
30. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиеттік оқу кітабына методикалық нұсқау. «мектеп» баспасы А., 1969ж
31. Мырзагалиев Қ «Әдебиет сабағында әдеби – теориялық ұғымдарды оқыту» «мектеп» баспасы А., 1973ж
32. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы А., 1976ж
33. Силыбаева О.Қ. Қазақ мектебінің ұлттық тәрбие жүйесі // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика, №5, 2006.
34. Құсайынов А.К. Қазақ тілі термендерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология.-Алматы, Мектеп, 2002.
35. Мұхамбетова С.Қ. Педагогика және педагогикалық технологиялар. – Ақтөбе, 2001.-118б.
36. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары (І-ІV сыныптар) Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1997
37. Жәнібекова С. Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту. //Бастауыш мектеп, 1999 №7
38. Мұханов М.М.Жас ж-е педагогикалық психология.Алматы, 1986 жыл.
39. Жайлауова А., Сексенбаева Д. Дидактикалық ойындар және
оларды пайдалану // Бастауыш мектеп. – 2004. - №6.
40. Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту // Отбасы
және балабақша. – 2002. - №1

. Бастауыш сыныптарда көркем шығармалардың ерекшеліктері.


2. Бастауыш сыныптарда әңгімелерді оқыту.
Бастауыш мектеп балалары өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан мұғалімнің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені жөн. Әңгімелеуге үйретуде мыналарды ескеру қажет:
1. Балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі.
2. Мұғалім қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу.
3. Өздеріне сөйлемдер құрату.
4. Сөйлемге қажетті сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.
5. Сөз жасау, сөзге түрлі жалғау-жұрнақтар қосып айтуға үйрету.
6. Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме құрату.
Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны бір-екі аптадан қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша, ал келесі сабақта оны әңгімелету керек.
Әңгімелесу сабақтарында бала әңгімесінің мазмұнын бақылап, оның қандай сөздерді, сөйлемдерді қолданғанын бақылау керек. Оның лексикалық қатесін түзетіп, сөйлеуінің даму ерекшелігіне қарай дұрыс әңгімелеуге бағыт беріп отыру қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының есту қабілеті біркелкі жетілмейді, өсе келе дамиды. Олардың естуін дамытудың, тілін ширатудың бір жолы кітап оқу арқылы болмақ. Мұғалім баланын сөзді ұғу қабілетін де әңгіме кезінде белгілі бір мерзімге дейін сөзге зейін қоюын да ескеруі қажет.
Мұғалім шығарманы өзінін қалай орындауына ғана көңіл бөліп балалардың зейінін назарынан тыс қалдырмауы керек. Егер балалардың көңілі алаңдай бастаса тәсілді дереу өзгертіп сұрақ беріп оқып отырған затты не бейнесін көрсетіп образды нақтылап балалардың көңілін аудару шарасын жасау қажет.
Мұғалім әңгімені оқығанда балалардың алдында тұруы керек. Олар оқығанда естумен қатар мұғалімнің бет пішіні мен мимикасын, ым-ишарасын да байқайтын болсын. Әрине мимика мен ым-ишара сөз мәнеріне жатпайды, дегенмен, сөйлеген сөзге қосымша ажар береді, әр түрлі сезім күйін көрсетеді.
Мимика көркем сөз оқушының ой сезімімен байланысты көрінетін бет құбылысы оны сөздің сырттай көрінісінің мәнері ретінде ерекше қолданады.
Сөйтіп ым-ишара қосымша мәнерлеу тәсілі болып саналады, көркем сөз орындаушы бұны сөз сөйлеп тұрған кезде оқиғаның мәнді жерін айқындау үшін пайдаланады. Бірақ ым ишараны орынсыз жерде көп қолданудан аулақ болу керек. Ең кажеттісі көркем сөз орындаушының суреттеліп отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіретін көңіл күйін сездіретін психологиялық ишыратты жасау.
Бұл мәтінің қосалқы сырын ашуға себебін тигізеді, оны психологиялық кідірістің орнына да қолдануға болады, оның мақсаты тыңдаушылардың назарын аударып айтылған ойдың мән мағынасын көрсету, иландыру, зердесін жеткізу.
Мимика мен ым-ишара ауызекі сөйлегенде әсерлі шығады. Шығарманы оқып болған соң балалардың алған әсері жөнініде әңгіме жүргізу – сабаққа қойылатын талаптардың негізгі бір бөлігі. өйткені әңгімені ықыласымен тыңдаған балардың алған әсері іштеріне сақталмайды. әдетте олар әңгіме аяқталысымен ойларын бірден айтатыны белгілі. Мұғалім балалардың ойын тыңдап алған соң, өз пікірін қосады, қорытындылайды. Әңгіме не туралы айтылғанын балаларға нақтылап береді.
Мұғалім әңгімесінің ерекшелігі:
Бала есейген сайын оның танымы, тәжірибесі молая бастайды, соған орай мұғалімнің әңгімесі мазмұны жағынан күрделеніп көлемі ұлғаяды. Әңгіме айту шығармашылық жұмыс. Мұғалім жақсы әңгімеші болу үшін оны бақылап, көрген-білгенінен түйгені, білімі мол болу керек, сөйлеу мәдениетін игерген болуы тиіс. Әңгімені айтуда тек айналадағы болып жатқан өмір жаңалықтарын хабарлап қоюы жеткіліксіз. Әңгімеші тыңдаушыларына эмоциялық әсер етуі керек. Әңгімедегі іс-әрекетке оқиғаға өз көз қарасын, көңіл-күйіңді білдірумен тынбай тыңдаушыларды да бірге еліктіріп әңгімеге араластырып отыруды көздеу керек. Әңгімеші хабарлап отырған жайтқа өз көзқарасын дәл тауып айтқан сөзімен, сөз саптауымен, интоннациясымен білдіреді. Баланың түсінігіне сай мазмұнды және еліктіретін қызықты әңгіме құрау үшін жалпы мәдениеттілікпен қатар мұғалімнің ой-өрісі кең, еңбекқор, тапқырлығы да болуы шарт.
Балаларға әңгіме айтып беру.
Әңгіме айту алдында балалардың зейінін аудару қажет. Оның бірнеше тәсілі бар. Ең алдымен, балалардың өздерінің көргендеріне көңіл аударту (мұғалімнің айтайын деп тұрған әңгімесіне ұқсас оқиғаны естеріне түсіру) жөн. Бұдан соң балалардың біліміне қарай (мұғалімнің әңгімесінде айтылатын оқиғаға байланысты қысқаша әңгіме жүргізу) сурет немесе кітаптың ашық бояулы мұқабасын көрсету, әңгіме тақырыбын хабарлау сияқтыларды жүргізуге болады.
Әңгіме айтып тұрған кезінде мұғалім әлсін-әлсін әр балаға бір көз қиығын тастап отыруы керек. Сонда мұғалімнің олармен тікелей қарым-қатынас жасап отырғаны сезіледі. Алайда балалардың назарын аударып, оны аяғына дейін сақтау үшін, ең әсерлі құрал әңгімешінің шеберлігі болмақ. Оған лайықты тақырып таңдап алу, тартымды образдарды жасау, қызықты сюжет құру, хабарламаны қорытындылау, тілінің жатық бейнелі болып келуі жатады. Қай әңгіме болмасын бір ғана мақсатты көздеуі тиіс. Ол, жеткіншектерге – рухани тәрбие беру, балалардың ой-қиялын ояту, мейірімділік, адамгершілік сезімін, отанды сүюге тәрбиелеу.
Шығармашылық әңгіменің түрлері. Мұғалім балаларға әңгіме айтудың бірнеше түрін қолданады. Оларға өмірден көргендерін (есте қалғанын, бақылағанын) айтып беру, көркем шығарманы түсіндіріп әңгімелеу, сурет бойынша әңгіме жүргізу, ұлы адамдардың өмірбаяндарымен таныстыру, көркем шығарма мәтіні бойынша дайындау барысында оны қысқартып әңгімелеу, бөгде біреудің атынан айтып беру, көпшілікке арналған ғылыми мақала негізінде құралған хабарлама әңгімеге сюжет құрып айтып беру сияқтылар жатады. Осылдардың барлығы шығармашылық әңгіме.
Өмірден көргендерін (есте қалғанын, алған әсерін) әңгімелеу. Әңгіменің бұл түрі оңайлау, өйткені бұған тікелей сезіну, көру фактілері арқау болады. Мұғалім әңгіменің бұл түрінің ең қызықтысын, балалардың жас ерекшелігіне сай келетінін, тәрбиелік мәні, маңыздысын ғана таңдайды.
Сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерінің бірі — мұғалімнің балаларды жетекші сөздер арқылы әңгіме қатыстыра білуі.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеп беруге үйретуде мұғалім шығарма мазмұнына сай сұрақтар бере білуі керек.
Мұғалім балалардың әңгімелеріндегі кейбір фактілерді толықтырып отыруға тиісті.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Білім және кәсіби машық - заманауи білім
беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары
елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық
жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық
жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге
дайын болуға тиіс. [1]
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Бастауыш сынып
оқушылары қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты
жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп
тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Баланың ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш
сыныптан басталады. Бастауыш сынып оқушыларының тіл орамдылығын арттырып,
өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады.
Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын
болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ -
өркениетті тәрбие шуағына шомылса , білім нәрімен сусындаса ғана
мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел
тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазақстан Республикасың президенті
Н.Ә.Назарбаев Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты жолдауының он жетінші
бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім
беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр баланың білімі мен
қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек,
-деп көрсетті [2].
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 4 – тараудың 16 –
бабында білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке
қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын бастауыш сынып білім
беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың, жазудың, есептеудің,
тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін - өзі көрсетудің, мінез –
құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған [3].
Білім және ғылым минстрлігі Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасын әзірлеп, талқылауға
ұсынылды.
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде, Н.Ә.
Назарбаев Шешімін күткен мәселелердің қордаланып қалғаны да осы жер...
орта және жоғары білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек деп атап
көрсеткен еді [4].
Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-
өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану
біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы
12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде
адамгершілікке тәрбиелеу
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептггі оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Ана тілі
Зерттеу міндеттері:
-Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде адамгершілікке
тәрбиелеудің педагогикалық мәселелерін қарастыру
- Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде адамгершілікке
тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау
- Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс-тәсілдерін қолдану.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 2050
, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы, озат мұғалімдердің, тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық
және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау,
қорыту, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу;
білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЕРТЕГІЛЕР НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде адамгершілікке
тәрбиелеудің педагогикалық мәні
1.2 Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде адамгершілікке тәрбиелеу
мүмкіндіктері
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде сынып оқушыларын адамгершілікке
тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р.К. Төлеубаева
адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан
күрделі мәселенің бірі. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның
адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат
қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын,
екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттер мен зерттеулерге таңдау жасай келе, адамгершілік адамның
тұлғаның құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олар мен адамгершілік
қарым-қатынасы адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа
әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы
өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, оның жанды саласы
– мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне тоқталады.
Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі.
- Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты
шәкірттерді тәрбиелеу;
- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
- Оқушының санасына және мінезіне ұстаздың ықпал жасауы;
- Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін
күшейту.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас
ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты жасалады.
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту,
қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар
еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын
ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін
жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген
жөн.
Халық ауыз әдебиетінен ертегілерді, шағын өлеңдерді мысалға келтіре
отырып, көркем шығармалардың ерекшеліктері туралы бастапқы түсінік беріп,
шығарма жанрларын ажырата білуге үйрету. Олардың тілін ширатып, көркем сөз
өнерін сүйе білуге баулу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты
көзделеді.
Бастауыш сыныпта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылған
көрнекі құралдары мұғалім сөзін тереңдетіп шыңдай түседі. Балалардың
дүниетанымын жетілдіреді. Балалар жаңа білімді мұғалімнің сөздік хабарынан
алады, ал көрнекілік оларды нақтылайды және растайды [26].
Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі
- ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары
мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары
мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-
өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің
адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі -
рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек
ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге
шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі",
- деп анықтама береді.
А.Байтұрсынов ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне
қарай жауап беріледі деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан
пайда болған. Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан –
ауызға тарап, келешек ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды –
ертекшілер деп атаған. Ертегі туралы анықтаманы М.Әуезов былай деген:
Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол
көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын
білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп
айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Бұл анықтамада
шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас деп
көрсеткен [27].
Ертегілердің негізгі тарихы адам баласының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті
пайда болғаннан басталады. Алғашқы уақытта өте ақылға сыймайтын
ертегілер пайда болды. Онда көбінесе жан – жануарлар тіршіліктің
барлығында сөйлейді, ұғады деген адамдарда пікір қалыптасқан. Бұл
ертегінің қиал ғажайып түрі.
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып
келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-
дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-
қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде
ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға
отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың
тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш
сыныпта оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға,
өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге
септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі
өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік , себебі жоғарыда
аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған
баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту
- қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті
мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік
тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің
дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен
түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Қоғам дамуының сәби
кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-
қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жасаушылары
дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да
халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан
үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп,
дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді
эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-
салт айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып,
көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан
балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу
және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поэзиясын ... жалғасы

Қорыта айтқанда, ананың əлдиімен, əженің ертегісімен, отбасында айтылған мақал-мəтелдер бала бойына дарытады. Əрбір адамның туған анасынан басқа төрт анасы, туған тілі, туған жері, туған дəстүрі, туған тарихы болуы керек деп М.Шаханов ағамыз айтқандай, өз елінің тілін, дінің, рухани мəдениетін білген адам, біртіндеп əлемдік мəдениетті үйренеді.
Әдебиеттер

  1. Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті. Қызылорда, 1932ж., 270 б.

  2. Матыжанов Қ. Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы. Пед.ғыл.кан.дисс., Алматы, 1974ж.,176 б.

  3. Нұрмұхаметова Р. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тəрбие беру. Пед.ғыл.кан.дисс.,Алматы,2003 ж.,28,94 б.

  4. Кəкішов Т. Қазақ əдебиетінің сынының тарихы. Алматы, 1994 ж.,448 б.

  5. Қаратаев М. Əдебиет жəне эстетика. Алматы, 1970ж.,352 б.

  6. Молдағалиев Т. Таңдамалылар. 3 т., Алматы, 1990ж.,432 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет