22. Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар жылжытуға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стенділер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған арнайы орындар болуы қажет.
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:Сынып Апталық сағат саны Жылдық сағат саны
1-сынып 2 сағат 66 сағат
2-сынып 2 сағат 68 сағат
3-сынып 3 сағат 102 сағат
4-сынып 3 сағат 102 сағат
Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ кітап сөрелері, стендтер және оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын болуы міндетті.
«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуда қолайлы жағдай туғызуға қажетті құрал-жабдықтар:
— шектеусіз интернет;
— компьютерлер немесе ноутбуктер;
— құлаққаптар;
— жылжымалы тақта;
— интерактивті тақта;
— флип-чарт;
— маркерлер;
— ламинатор;
— есту-бейне материалдары ;
— дидактикалық материалдар;
— шағын және көлемді жеке суретті кітаптар;
— сөздіктер (аударма, түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық т.б.);
— оқушыларға арналған энциклопедиялар;
— жас ерекшелігіне сай әдебиеттер, қазақ ауыз әдебиеті материалдары;
— жас ерекшелігіне сай журналдар;
— шағын және орта көлемді сюжетті кітаптар;
— бастауыш мектепке арналған көркем әдебиеттер қоры;
— постерлер;
— ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналық көріністер үшін);
— ұлттық киімдер, сахналық киімдер, декорациялар;
˗ ұлттық ойынға қажетті жабдықтар.
25 «Әліппе» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан 198 сағатты құрайды.
«Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:
Буындық-дыбыстық талдау-жинақтау;
Проблемалық жағдаят жасау;
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру;
Ойын және зерттеу әдістері;
Тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттері (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау);
Оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;
Ізденуді және қосымша материалдар қолдануды керек ететін тапсырмаларды орындату;
Оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
Оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді).
«Сауат ашу» пәні үш кезеңнен тұрады:
Әліппеге дейінгі кезең Әліппе кезең Әліппеден кейінгі кезең
Достарыңызбен бөлісу: |