1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Қазақ тілі мен Әдебиеттік оқу пәндерінен оқу үдерісінде саралау тапсырмасын беру жолдары



бет27/49
Дата02.06.2023
өлшемі141,75 Kb.
#97905
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
1. Áàñòàóûø ñûíûï î óøûñûíû ïñèõîëîãèÿñû ï í³ ìåí ì³íäåòòåð³

16.Қазақ тілі мен Әдебиеттік оқу пәндерінен оқу үдерісінде саралау тапсырмасын беру жолдары
Саралау («Дифференциация» латынша айырмашылық) – білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру.
Оқытудағы дифференциацияның негізгі мәні оқушылардың оқуындағы жеке айырмашылықтарды біле отырып және ескерту арқылы олардың әрқайсысы үшін анағұрлым оңтайлы болатын жұмыс түрін анықтау.
Оқу үрдісінде оқушыларды дифференциациялау сипаты шартты болып табылады. Ол әрбір оқушыға жекелей тәсілмен қарауға мүмкіндік беретін икемді және өзгермелі болуы тиіс.
Оқытуды саралау дегеніміз – оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.
Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы.
Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.
Тапсырма. Балаларға (жеке немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі.
Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау оқу тапсырмасының мазмұны бойынша: шығармашылық деңгейі бойынша, қиындық деңгейі бойынша, көлемі бойынша, әрекетті ұйымдастыру бойынша.

17. Бастауыш сыныптарда көркем шығармалармен жұмыс әдістемесі
Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбие берудің сапасын түбегейлі жақсартуды іске асыруда мұғалімдерге зор жауапкершілік жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдіс, тәсілдерін талмай іздестіруден, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруден көрінеді. Жас ұрпақтың рухани дүниесі мен ой-қиялын бірінші болып білім жарығымен нұрландыратын адам – бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер бірінші мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың, ойлаудың дағдыларын игере бастайды. Сөйтіп олардың дамуына кең мүмкіндіктер ашылады.
Мектепте өтілген көптеген пәндердің ішінде оқушыларға терең білім, жан-жақты тәрбие берерде әдебиеттің алар орны өлшеусіз. Әдебиет адамды рухани биіктетеді, жан сұлулығына тәрбиелейді, ізгілікке, адамгершілікке баулиды. Адамды асыл армандарға бастайды. Онда адамзаттың ілгері жарық сәулеге, жақсы өмірге ұмтылған ұшқын қиялы, сол жолдағы күрес-тартысты, ел басынан кешірген қилы-қилы оқиғалар, халқымыздың елдік қасиеті, бүгінгі жазира өмірі бейнеленген көркем әдебиетте адамдар тағдыры бар тіршілік болмысымен көрінеді. Оқырман алдынан талай тағдырлар өтіп жатады. Олардың әрқайсысы өзіндік тіршілігімен, қайталанбас мінезімен, өкініш-опығымен, қуаныш-қызығымен, арпалыс-тартысымен көрінген. Көркем әдебиет ойын сөздің күші арқылы жеткізеді де, оқушыларға өзінше әсер етеді. Балаларды адамгершіліке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Балалардың ой-санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсірссе, бастауыш сыныптың оқушылары өздерінің жас шамасына қарай суретті кітапшаларды, ертегі, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйіп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекетіне еліктейді, тәтті қиялдарға беріледі, өзінше қорытынды жасауға тырысады.
Бұл сыныптағы оқушылар көбінесе оқу техникасына жаттығады. Әріптен сөз, сөзден сөйлем құрап оқи бастасымен-ақ, оқушыларда өзін қоршаған орта, жаратылыс, табиғаттың сырларын, көпті білуге деген ынта, көркем шығарманы оқу, мұғалім әңгімесін зейін қоя тыңдау, білмегенін сұрап алу белсенділігі басым болады. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларында танымдық мақала, іс-қағаздардың жеке түрлері, өлең, әңгіме, ертегі, мысал өлең, мақалдар мен мәтелдер берілген. Осы тұста көркем шығарма, оның түрлері мен жанры туралы мәлімет беруді міндеттеу дұрыс болмас еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет