18. Оқудың түрлері және оқу сапалары Оқудың түрлері.
Әдебиеттік оқудың екі түрі бар. Олар: дауыстап оқу және іштей оқу. Оқудың бұл екеуі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу іске асырылады. Ол 1-2-сынып оқушыларына тән. Іштен оқу да қолданылады. Бірақ іштен оқу 1-сынып оқушыларының оқу деңгейін тексеруге, олардың жіберген қателерін түзетуге мүмкіндік бермейді. Ал дауыстап оқыту арқылы олардың оқу сапаларын байқауға болады. Сондықтан сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу қолданылады.
Әліппеден кейінгі кезеңде іштен оқуға дағдыландыра бастау қажет. Іштен оқуға үйрету маңызды. Себебі, дауыстап қана оқып үйренген бала орта буынға көшкен кезде қиыншылыққа ұшырайды:
1. Ол оқуы үшін жеке өзі ғана болуды қажет етеді. Дауыстап оқыса, басқаларға кедергі жасайды.Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі.
2. Оқу шапшаңдығы дамымайды. Себебі оқу жылдамдығы іштен оқу барысында қалыптасады. Мысалы: 2-сыныпта оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда 60-75 сөз болса, іштен оқығанда 80-100 сөз болады.
2,3,4-сыныптарда оқудың екі түрі де қатар қолданылады. Ал 3,4-сыныптарда көбіне іштен оқуға көңіл бөлінуі қажет. Мұғалім оқудың екі түрін де іске асыру барысында оқу сапаларына да баса назар аударуы қажет.
19. Жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі және әр сынып бойынша жазба жұмыстарының көлемі Жазба жұмысына байланысты қатемен жұмыс жүргізу жолдары Қазақ тілі сабағында алған білімдерін жазбаша сауатты көрсете білуде жазба жұмысының алатын орны ерекше. Ол сабақ құрылымының 3 түрлі мақсатына сәйкес грамматикалық сауаттылығын тексеріп қана қоймай, есте сақтауын, көркем жазуын, ұқыптылығы мен өз - өзіне деген сенімін нығайтады. Қазақ тілі сабағында алынатын диктанттың 7 - сыныпқа арналған әдістемелік нұсқауда 12 түрі көрсетілген. Соның ішінде бақылау диктантында қатемен жұмыс жүргізудің маңызы зор. Диктанттың негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық білімін сынау, бағалау, оларды сауатты жазуға үйрету болса, қатемен жұмыс жүргізудің мақсаты - жіберілген қатемен сауатты жұмыс жасау болып табылады. Диктантты дұрыс, сауатты жазу үшін грамматиканы үйреніп, талдай білу жеткіліксіз, сонымен қатар көркем әдебиетті көп оқу керек