1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Грамматика және тіл дамыту әдістемесі



бет29/49
Дата15.04.2023
өлшемі104,04 Kb.
#83203
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
Байланысты:
2 емтихан

20.Грамматика және тіл дамыту әдістемесі
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымның әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлық жиынтығы – лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен тығыз байланысты.
Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.
Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.
Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүнитаным ерекшеліктерін де естен шығаруға болмайды. Мысала 1) Грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т.с.с.с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады. Сондықтан ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отырғанда ғана оқушылар ол сөздердің мағынасын меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.
2) Бастауыш сынып балалары сөздердің тек жақты лексикалық мағынасын қабылдайды, ал оның грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланысты, бірлікте болады, Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, оған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-біріне нақтылай, саралай, айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі психология ғылымының деректеріне сүйенеді.
2)Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатыстырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балалардың ақыл-ой әрекетіне үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әркеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі.
Грамматиканың әдістмесі тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұғымына сай болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет