1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Ауызша тарих айту дəстүрі жəне оның ерекшеліктері мен маңызы



бет11/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

36. Ауызша тарих айту дəстүрі жəне оның ерекшеліктері мен маңызы.

ХҮІІІ ғасыр, тарихи жырлар қазақ-жоңғар қатынастарының негізгі дерек көзі: оның ішінде ең алдымен қазақ жоңғар соғыстары жайында.


Ақтабан шұбырынды, осыған байланысты рулардың көшіп-қонуы, атақты батырлар қатысқан үлкенді-кішілі шайқастар. Жеке тұлғалар —
Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Жəнібек, басқада батырларымыздың қоғамның саяси жағдайына, əлеуметтік құрылымына, шаруашылығына,
қоғамдық ой-санасына байланысты мəліметтер береді. Бұл кезеңге қатысты айналымға енгізілмеген жырлар бар. ХІХ-ХХғғ. қазақтардың
ұлт-азаттық қозғалыстары ауызша тарих айту дəстүрінде кеңінен көрініс тапқан. Бұл бағыттағы жырларды тарихи дерек ретінде қоданудың
үздік үлгісін кезінде Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты еңбегнде негіздеген болатын. Алдағы мақсат
əрбір қозғалысқа қатысты жыр, əңгімелерді нақты зерттеп талдау. Кеңес дəуіріндегі шаруалар қозғалысы, Ұлы Отан соғысы кезеңіне
қатысты да тарихи əңгімелер, жырлар кездеседі.
Ауызша тарих айту дəстүрі туындыларын зерттегенде, ең алдымен қолжазба түріндегі нұсқаларын іздеп,табудан бастау қажет. Олардың
негізгі бөлігі ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының ғылыми кітапханасының Əдебиет жəне Өнер институтының қолжазба қорларында,
обылыстық мұражайларда, жекелеген адамдардың қолдарында сақталған. Баспасөз бетінде жарияланғандары да бар.2-шіден,табылған
қолжазбаның сапалық деңгейін айқындау керек.
3-шіден,берілген мəтіннің көп варианттылығын талдау.
66. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы. 
1917 жылғы қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды.
Кеңес өкіметі елдің əр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контрреволюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып
тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында,
Торғай облысының əкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау) қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде
атаман Дутовтың, генерал Толстовтың əскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар
контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды жəне Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады.
1918 жылы 23-наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы жəне солдат
депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28–29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында
төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес өкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы
күресте ақгвардияшылар казак станицалары мен орыс селоларындағы бай-құлақ элементтеріне сүйенді, жергілікті кадет, эсерлер мен
меньшевиктерден қолдау тапты.
1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік
шығарды. Бүлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген
келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уəделесті. Бірақ Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак
əскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең əуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары
Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактардан құрылған корпусты
Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге
отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген құрамында 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар
чехословак корпусы бүлік шығарып, Сібір мен Оралдың темір жол бойындағы бірқатар қалаларын басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі
Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын жəне тағы басқа да елді мекендерді жаулап, ондағы Кеңес өкіметінің жергілікті
органдарын таратты. 1918 жылдың жазында интервенттер мен ақгвардияшылар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді.
Бұл жердегі казак-орыс станицаларында Кеңес өкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сондықтан Жетісу облыстық атқару комитетінің
шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп, Солтүстік Жетісу майданының штабы құрылды. Атаман Анненковтың дивизиясына жəне
басқа да əскери бөлімдерге қарсы кескілескен ұрыстар жүрді. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарының күресі



негізінен партизандық харакет түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск жəне басқа да селолар тұрғындарының ақ


гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында “Черкасск қорғанысы” – деп аталды.
Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес өкіметі тек Жетісу мен
Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып
қалды.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ə.Т.Жангелдин мен А.Иманов Торғайда екі атты əскер эскадронын, əскери оқу жəне пулемет
топтарын, Ырғызда атты əскер эскадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл əскер бөлімдерінің қатарына азамат соғысы жылдарында
Ресейге келіп қалған көптеген шетелдіктер: венгр, чех, румын, поляк, неміс жұмысшы жəне шаруалар өкілдері де кірді. Облыстық жəне
уездік кеңестер мен əскери комиссариаттар жергілікті бұқара халық өкілдерін – қазақтарды, қырғыздарды, дүнгендерді, өзбектерді,
ұйғырларды жəне басқаларын Қызыл Армия қатарына тартуда саяси-ұйымдастыру жұмыстарын өрістетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет