1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты жəне халықаралық қатынастары



Pdf көрінісі
бет38/40
Дата18.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#94118
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
87. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты жəне халықаралық қатынастары 


28-билет 
28. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. 
Қазақ-ноғай қарым-қатынастары (15 – 17 ғасырлар) – екі халықтың саяси жəне этникалық байланыстары. Қазақ хандығының сыртқы 
байланыстарында Ноғай ордасы елеулі орын алады. Қазақтар мен ноғайлар этн. Жағынан өте жақын. Олар бұрыннан Дешті Қыпшақты 
мекендеген туыстас ру-тайпалардан құралды. Екі ел қарым-қатынастары əр кезеңде əр түрлі сипат алды. 15 ғасырдың ортасында қазақтар 
мен ноғайлар бірге тізе қосып, Шайбани ұрпағы билеген Əбілхайыр хандығын құлату үшін соғысты. Əбілхайыр хандығы құлаған соң, 
қазақтардың күшеюінен қорыққан ноғай билеушілерінің бірі Мұса би Əбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбаниді жақтап шығады 
да, оны Қыпшақ даласының ханы етіп көтеруге талпыныс жасайды. Бұған жауап ретінде Қазақ хандығының билеушісі Бұрындық хан 50 
мың əскерімен ноғайлар мен Мұхаммед Шайбаниға қарсы жорық ұйымдастырды. Олардың арасында шайқас болып, Бұрындық Мұсаның 
ағасы Хорезмиді өлтіреді, бірақ шайқаста жеңіске ноғай əскері жетеді. Алайда ноғай билеушілері Мұхаммед Шайбанидің күшеюінен 
қорқып, оның хан болуына қарсы шықты. 15 ғасырдың 80-жылдары қазақтар мен ноғайлар Мұхаммед Шайбаниға қарсы Түркістан 
аймағында бірігіп күресті. Ноғай билеушілерін Едіге ұрпақтарының бірі Хамза бек басқарды. Қазақ хандығының тегеурініне шыдамаған 
Мұхаммед Шайбани Орта Азияға кеткен соң, олардың арасында ортақ мақсат болмай, Қазақ-ноғай қарым-қатынастарында енді ел мен жер 
үшін күрес орын алады. 
58. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері. 
Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына 
қатысуынан көруге болады.1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң 
шығарушы жəне өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға 
қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сəлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай 
Қалменұлы, Астрахан губерниясынан – Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан – Шəймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — 
Əлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ 
Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II 
Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.[1]Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының 
құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шəймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан – Ахмет 
Бірімжанов, Семей облысынан – Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан – Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан 
Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі 
ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.Шəймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І жəне II Мемлекеттік Думаға Ақмола 
облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді əрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мəніндегі біртуар ұлы 
болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет