3.Д.А.Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев(1912-1993)-Кеңестік партия және мемлекет қайраткері.Қазақстан КП ОК Бірінші хатшысы,Алматы облысында туған.Мектепте оқып жүргенде ақ Д.Қонаев тау-кен инженері болам деп шешім қабылдаған.1931 жылы ол Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Мәскеуге М.И.Калинин атындағы түсті металдар және алтын институтына оқуға тусуге аттанды.Институт бітіргеннен кейін оны 1936жылы шілдеде Балқаш-Қоңырат құрылысына жібереді.Көп ұзамай Д.Ахметұлы Риддер полиметалл Кен басқармасының директоры ретінде жіберілді.Аз уақыт ішінде кеніштің жас директоры комбинанттың өндіріс көлемін бірнеше есе арттырып,оны артта қалғандардың шатарынан алдыңғы қатарына шығарады.1941 жылы Риддер Лениногорск болып өзгертілді.1942жылы Д.Қонаев ОК құрамына шақыралады.Бұл жерде 20сәуірде Республика Халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалады.1952жылдан бастап ол Ғылым Академиясын басқарды.1955жылы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалады.1960 жылы Д.Қонаев бір шешіммен ҚКП ОК Бірінші хатшысы болып сайланады.Жеті жылдың ішінде Қазақстанның экономикалық әлеуеті екі еселенді.Ал өнеркәсіп өнімді Қазақстан құрылған жылдармен салыстырғанда едәуір көп берді.Ленин орденімен,Еңбек,Қызыл ту ордендерімен марапатталған.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
Мақсаты
Мәскеудегіорталықтан саяси тәуелсіздікті талап ету.